Ақша, архивтегі сурет

Балабақша меңгерушісі өз кабинетінде парамен ұсталды видео

1846
Ол біреуді тәрбиеші қызметіне орналастырғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Кентау қаласындағы "Қобыланды" бөбекжай-балабақшасының" меңгерушісі пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

"Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қобыланды бөбекжай балабақшасының" меңгерушісіне қатысты пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастады. Ол біреуді тәрбиеші қызметіне орналастырғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - делінген ресми хабарламада.

Видеода меңгерушінің кабинетіндегі журналдардың бірінен "пара" деген жазуы бар ақшаның шыққанын көруге болады. Ресми ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

"Кінәсі анықталған соң күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады", - дейді мамандар.

1846
Кілт сөздер:
видео, пара, балабақша
Тақырып бойынша
Депутат 76 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды - видео
Полковник пен майор пара алғаны үшін ұсталды  
"Астана Су арнасының" бұрынғы басшысы пара ретінде 3 бөлмелі пәтер алған
Қарағандыда пара берген университет ректоры ұсталды
Президент пара сұрайтын шенеуніктерді атуға рұқсат берді
тұрғын үй, Нұр-Сұлтан

Әркім қалтасына қарай баспана алады - министрлік жаңа заң әзірлеп жатыр

57
(Жаңартылды 12:11 28.05.2020)
Адамдарды санатқа бөліп, баспанамен қамтамасыз етуден бас тартып, әркімнің жағдайына қарай сатылы жүйе енгіземіз, дейді вице-министр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Қазақстанда әрбір адамның жағдайына қарай баспана алу тетігі болады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенат отырысында депутат Нұрлан Қылышбаев халықты баспанамен қамтуға қатысты маңызды мәселені көтерді. Осы орайда ол индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министі Қайырбек Өскенбаевқа сұрақ қойды.

Оқи отырыңыз: "5-10-20" бағдарламасының шарттары

"Қолданыстағы тұрғын үйді беру ережелерінде "тұрғын-үй жағдайын жақсарту" деген механизм қарастырылған жоқ. Мысалы, жас отбасы, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер бір бөлмелі пәтер алады. Ал төрт-бес жылдан кейін балалары дүниеге келгеннен кейін бір бөлмелі пәтерді екі-үш бөлмеге ауыстыру үшін заңға сәйкес жол жоқ. Министрлік өз жұмысында осы механизмді қарастыру, оны енгізу жоспары бар ма?", - деді Қылышбаев.

Вице-министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, бүгінде үй құрылысына қатысты мәселелер "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған. Алайда депутаттың көтерген мәселесі бойынша жаңа заң даярланып жатыр.  

"Сіз көтерген сұрақ бойынша біз жаңа заңды дайындап жатырмыз. Өйткені Қасым-Жомарт Кемелұлының таяуда берген тапсырмасы бар. Әр адам өз деңгейіне қарап, Қазақстан бойынша үй алуға мүмкіндік беретін механизмді табуымыз қажет. Өйткені барлығы бірдей емес. Біреудің жағдайы жақсы, біреудікі орташа. Сол себепті әр қазақстандық өз механизмін таңдауы керек. Ал біз ондай мүмкіндікті беруіміз қажет. "Сіздің жағдайыңызға қарай үй алуға осындай механизм бар, ал сіз үшін осындай" деген сияқты", - дейді Өскенбаев.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа заң жобасы үкіметтің талқылауынан өткеннен кейін парламентке ұсынылады. 

"Қазір біз көпбалалы отбасы, мүгедектер деп санат бойынша бөліп жатырмыз ғой. Енді, ондай санаттан кетіп, әрбір адамның жағдайына қарай сатылы жүйені енгіземіз. Мысалы, жағдайы төмен адамдар бар, оларға кредит беруге болмайды. Өйткені табысы аз. Ондай адамдар жалдамалы үймен қамтылады. Ал орташа табысы барларға "Бақытты отбасы" жобасы аясында 2 проценттік кредиттер беріледі. Олардан жағдайы жоғары адамдар үшін 5 процентпен беретін механизмді іске асырамыз", - деп атап көрсетті Өскенбаев.

57
Кілт сөздер:
тұрғын үй, баспана
Тақырып бойынша
Елорда әкімдігі баспана алудың үш жолын атады
"5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы шілдеде іске қосылады
Министр "5-10-20" бағдарламасы бойынша кімдер үй алатынын айтты
"5-10-20": отбасының табысы қандай болуы керек?
"5-10-20" жаңа бағдарламасы бойынша қалай үй алуға болады
"7-20-25" және "Баспана Хит" бойынша ипотека алғандарға төлемді шегеруге болады
Блок бекеттегі апат

Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео

164
(Жаңартылды 11:49 28.05.2020)
Азат Азаматов осы айдың басында ғана лейтенант шенін алған полиция қызметкері болған. Апат болған күні кезекшілікке түсіпті

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Алматыдағы блок бекеттегі апатқа себепші болған Азат Азаматовтың әкесі сұхбат берді. 

Азат Азаматов осы айдың басында ғана лейтенант шенін алған полиция қызметкері болған. Апат болған күні кезекшілікке түсіпті, деп хабарлайды Информбюро 31.

Күдіктінің әкесі полицияның Азат Азаматов экс-қызметкер деген мәлімдемесін жоққа шығарды. 

"Ұлымның ішімдік ішкеніне күмәнім бар. Карантин кезінде күндіз-түні, 18-19 күннен жұмыс істеді. Таңғы бесте қалғып кетуі мүмкін. Ұлым қолымен істегенін мойнымен көтереді. Алайда оқыс оқиғаны қасақана жасаған қылмыс деп жала жабуға болмайды. Ешкім олай жасамайды", - дейді әкесі Талғат Мұқашев.

Өзі де ішкі істер органдарында 28 жыл қызмет етіп зейнетке шыққан азамат оқиғаның анық-қанығы камераға түсуі керек екенін айтып отыр. Ол құрылғының істен шыққанына күмән келтірді.

"Қайтыс болған жігіт баласының шілдеханасына шақырған екен. Екеуі араласқан. Сөйте тұра, қалай қылмысқа барды деп ойлайсыздар. Қасындағы жолдасына қасқыр да қастық қылмайды. Бұл оқыс оқиға ғой. Қайтыс болған азаматтардың ата-анасына, туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - деді Мұқашев.

Блок бекеттегі трагедия

25 мамыр күні таңертең Көксай ауылындағы блок бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей көз жұмды. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Ол бекеттен әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған. Басынан ауыр жараланған полицейге ота жасалды.

№7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан Түбелбаев науқастың жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты. Миына компьютерлі томография жасалынды. Науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайтыс болған полицейлердің отбасына пәтер берілетінін айтты.

Оқиғаны ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жеке бақылауына алды.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

164
Кілт сөздер:
видео, мәлімдеме, полиция, әкесі, күдікті, трагедия
Тақырып бойынша
Екі полицей отырған көлікті әдейі соққан болуы мүмкін – заңгер
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды
Блок бекеттегі трагедия: қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 
Блок бекеттегі апат: министр ауруханада жатқан полицейге барды