Егіз қыздар, архивтегі фото

Анасы жасырып келген: Ақтау тұрғыны егіз сыңарымен 54 жылдан кейін жылап қауышты

1850
Татьяна мен Ирина бала күнінде бір-бірінен көз жазып қалған, көптеген жылдан кейін олар отбасылық құпияны білді – анасы оларды тастап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Ақтау тұрғыны Ирина Пнева егіз сыңары Татьяна Кальминамен 54 жылдан кейін кездесті. Әйелдер осы жылдар бойы асырап алған отбасыларда тәрбиеленгенін білмеген.

Олардың туыстық қатынасы ДНҚ тесті арқылы расталды. Татьяна Кальмина әлеуметтік желілерден табылған өзіне ұқсас әйелдің шынымен де туған бауыры екенін дәлелдеу үшін НТВ арнасынан көмек сұрады. 

Тағы оқыңыз: Семейлік жігіт 28 жыл бойы өлді деп санап келген егіз сыңарын іздеп жүр 

Татьянаның айтуынша, оның асырап алған анасы қайтыс болардан біраз уақыт бұрын отбасылық құпияны ашқан. Ол сыңары бар екенін біліп, оны іздеп табуға шешім қабылдайды.

Балалар үйінен әпкесі қай жылы және қандай текпен асырап алынғанын сұрап біледі. Кейін әлеуметтік желілерден іздей бастайды. Сипаттамаға сәйкес келетін жалғыз әйел Татьянаға қатты ұқсайтын болып шықты, ол Қазақстанда тұрады.

"Ол мен сияқты емес. Біз басқашамыз, бірақ мен өзімді көрдім", - дейді Татьяна.

Әйел Иринаның қайда тұрып, жұмыс істейтінін анықтап, оған хат жазғанын айтады. Біраз уақыттан кейін Ирина бауырын тапқанына өте қуанышты екенін жазады.

Әйелдердің туған анасы оларды тастап кеткені белгілі болды, өйткені ол әпкесінің күйеуінен жүкті болған. Журналистер оның әлі тірі екенін анықтады, бірақ қыздарымен кездесуге келуден бас тартыпты.

Сараптама көрсеткендей, Ирина мен Татьяна шынымен де апалы-сіңлілі, олар бұны бұрыннан сезген.

Видеоны мына жерден көруге болады.

1850
Кілт сөздер:
егіздер
Тақырып бойынша
Үшемнің орнына егіз босанды: "жоғалған" нәрестеге байланысты тексеріс аяқталды
Анасының құрсағында жатқан егіздердің "төбелесі" видеоға түсірілді
Қырыққа толмаған келіншек 38 баланы дүниеге әкелген
Төрт жас бақытты болсын: Жаңаөзенде ерекше той өтті – фото
Загрузка...