Қазақстан-Қырғызстан шекарасы

Енді қазақ-қырғыз шекарасынан өту жеңілдей түседі

100
"Сарытөбе" және "Ауқатты" автомобиль өткізу пунктерінің мәртебесі екіжақтыдан "көпжақты халықаралыққа" ауыстырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу бекеті келесі жылы толығымен жаңғыртылады. Ал Шу өзені арқылы жаңа көпір салынады. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан үкіметі мен Қырғызстан үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.

Атамқұловтың айтуынша, қазір екі ел арасында 11 автокөлік өткізу пункті бар.  Олардың бесеуі – көпжақты халықаралық, ал алтауы – екіжақты.

"Екіжақты өткізу пунктерінің төртеуінен өтетін адамдар мен көліктердің қарқыны өте төмен болғандықтан, олар 2010 жылы жабылған. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған жеті өткізу бекетінен жылына 11 миллиондай адам және 466 мың көлік өтеді. Сондай-ақ, 2018 жылы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау Қазақстан мен Қырғызстан арасында 43 процентке артып, 1,7 миллион тоннаны құрады", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Қырғыз шекарашылары Қазақстан азаматын атып өлтірді

Айтуынша, хаттамада "Сарытөбе" және "Ауқатты" автомобиль өткізу пунктерінің мәртебесін екіжақтыдан "көпжақты халықаралыққа" ауыстыру көзделіп отыр. Бұдан бөлек,  "Нововоскресеновка" өткізу бекетінің атауы "Сыпатай батыр" деп өзгертілмек.

"Бұл шаралар "Қарасу" және "Қордай" автокөлік өткізу бекеттеріндегі көлік ағынын жеңілдетуге мүмкіндік бере отырып, Қазақстан және Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастың одан әрі дамуын жақсартады. Сондай-ақ Орталық Азия аймағы мемлекеттерінің тауар айналымына оң әсерін береді", - деді ол.

Атамқұлов "Қордай" бекеті келесі жылы толығымен жаңғыртылады.

Тағы оқыңыз: Үш минут: Қазақстан-Қырғызстан шекарасында тексеріс қалай жүреді?

"Қырғызстанға баратын қазақстандықтар үшін шекарадан өту жеңілдей түседі. Жазда, әсіресе "Қордайда" ұзын-сонар кезек түзілетінін білесіздер. Біз осы мәселені шешуді көздеп отырмыз. "Қордай" өткізу бекетін жаңғырту бойынша қараша айында конкурстық жұмыстар өтеді. 2020 жылы бекетті толығымен жаңғыртамыз", - деді министр мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ, Шу өзені арқылы жаңа көпір салу жоспарланып отыр.

100
Кілт сөздер:
Бейбіт Атамқұлов, заң жобасы, Мәжіліс, қазақ-қырғыз шекарасы
Загрузка...