Нұр-Сұлтанда III республикалық имамдар форумы өтті

Діни рәсімдер тізімі бекітілді: кімдер 45 рәсімнің барлығын өткізе алмайды?

2187
Бүгін "Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі" тақырыбын арқау еткен III республикалық имамдар форумында бірнеше маңызды құжат қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Қазақстанда діни рәсімдер тізімдемесі бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың айтуынша, діни рәсімдер тізімдемесі әрбір имамның жұмысын нақтылайтын болады.

"Тарихымызға зер салып қарайтын болсақ, біздің халқымызда "ахундар", "қалпе", "ишандар" деген діни лауазымдар болған. Әрқайсысының атқаратын діни қызметі бір болғанмен саласы, яки болмаса, мақсаты мен болмасы әртүрлі. Осы ретте біз діни рәсімдердің тізімдемесін әзірледік. Бала шыр етіп, дүниеге келген сәттен бастап, оған берген батамыз бен айтқан азанымыздан бастап, кісі дүниеден қайтқанға дейін атқаратын діни рәсімдерді тізбелеп шықтық. Тізім әрбір діни қызметкердің жұмысын нақтылайтын болады", - деді Ораз.

Нұр-Сұлтанда III республикалық имамдар форумы өтті
© Photo : ҚМДБ баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтанда III республикалық имамдар форумы өтті

Форумда бекітілген тізімге 45 діни рәсім кіреді. Олар – сәбиге ат қою, бата беру, сүндет тойдың батасын беру, құрбандық батасын беру, сапар батасын беру, Құран үйрету, азан айту, бес уақыт намазды өткізу, жұма намазын өткізу, тасаттық (истисқа) намазын өткізу, күн тұтылу (кусуф) намазын өткізу, Рамазан айындағы діни рәсімдерді атқару, ауызашарда Құран оқу мен бата беру, тарауық намазын өткізу, Қадір түнін өткізу, иғтикафты өткізу, Ораза айт намазын өткізу, зекетті түсіндіру және ұйымдастыру, пітір садақасын түсіндіру және ұйымдастыру, садақа әдептерін түсіндіру, ұшырды түсіндіру және ұйымдастыру, қажылық рәсімдері, ихрам, арапада тұру, тауап, жамаратта тас ату, сағи жасау, Құрбан айт намазын өткізу, діни неке қию, уағыз айту, пәтуа беру (шығарылған пәтуаны таныстыру), мәуліт оқу, дем салу, иман үйіру (талқин), оң жаққа жатқызу, арулау (мәйітті жуу), кебіндеу, жаназа намазы, жерлеу, зиратты тазалау, асқа қатысу, құран бағыштау, мешітке келгендерге Құран оқу, қабір басына барып Құран оқу және хатым-Құран оқу.

Діни рәсімдерді таныстарған наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының айтуынша, бүгінде діни рәсімдерге қатысты кейбір келеңсіз жағдайлар болып жатады. Дін қызметкерлері кейбір рәсімдер имамның қызметіне кірмейді десек те, адамдар түсінбейді, кінәрат тағады. Бұдан бөлек, мешітке қатысты жоқ адамдар діни рәсімдерді атқарып, шариғатқа бұра тартып, жұртты шатастырып жүр. Соның салдарынан діни қызметкерлер мен исламға қатысты кереғар пікір қалыптасады.

Нұр-Сұлтанда III республикалық имамдар форумы өтті
© Photo : ҚМДБ баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтанда III республикалық имамдар форумы өтті

"Діни рәсімдер тізімдемесі - заманның талабынан, қоғамның сұранысынан туындаған тарихи құжат. 45 тармақты рәсімдерді шектеу деп түсінбеуіміз керек. Әлбетте, діни рәсімдер өте көп. Алайда біз қоғамға ең керектісін, ең көп орындалатынын алып отырмыз. Болашақта заман талабына сай, қажеттілікке орай қайта жасақталуы да ықтимал екенін ескергеніміз жөн", - дейді Ағыбайұлы.

Мүфтияттың діни білім және кадр бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Әліпбекұлының сөзіне қарағанда, діни қызметкерлердің барлығы бірдей рәсімді өткізе бермейді. Мәселен, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының, сондай-ақ, облыстардың бас имамдары барлық рәсімді атқара береді. Ал қала мен ауданның бас имамдары пәтуа беруден басқа рәсімдердің бәрін атқара алады.

"Наиб имамдарға екі айт намазы мен жұма намазы бас имамның рұқсатымен ғана, ал пәтуа беру рұқсат етілмейді. Қалған рәсімдердің барлығын атқарады. Директор мен ұстаздарға азан айту, бес уақыт намазға имандық ету, жұма намазын өткізу, тарауық намазын өткізу, екі айт намазын өткізу, жаназа рәсімдері мен мешітте Құран оқу бас имамның рұқсатымен болса, пәтуа беруге рұқсат берілмейді. Ал енді, азаншыға екі айт намазын, жұма намазын өткізуге және пәтуа беруге рұқсат жоқ. Ал бес уақыт намаз, тасаттық, жаназа намаздарын өткізу, Рамазан айының рәсімдері, діни неке қию, уағыз айту, мешітке келгендерге Құран оқу бас имамның рұқсатымен ғана іске асырылады", - деп атап көрсетті Әліпбекұлы.

Тағы оқыңыз: Бас мүфти Дариға Назарбаевадан көмек сұрады

Ал молдаға біраз рәсімді жасауға тыйым салынған. Соның ішінде бес уақыт намазды өткізу, жұма намазын өткізу, тарауық намазын өткізу, Қадір түнін өткізу, иғтикафты өткізу, Ораза айт намазын өткізу, садақа әдептерін түсіндіру, қажылық рәсімдерін түсіндіру, ихрам, арапада тұру, тауап, жамаратта тас ату, сағи жасау, Құрбан айт намазын өткізу, діни неке қию және пәтуа беру бар.

"Ал Құран үйрету, азан айту, тасаттық намазын өткізу, күн тұтылу намазын өткізу, пітір садақасын түсіндіру және ұйымдастыру, ұшырды түсіндіру және ұйымдастыру, уағыз айту, мәуліт оқу, дем салу, жаназа намазы мен асқа қатысу тек бас имамның, осы уақытқа дейінгі қызмет атқарған өкіл имамның рұқсатымен ғана жасалады. Басқа рәсімдерді молда өзі атқара береді", - дейді Әліпбекұлы.

2187
Тақырып бойынша
Жамбыл облысында имам көршісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
Музыкаға деген махаббаты ерекше имам қызметінен қуылды
"Сиқыр деген рас нәрсе" Имам мен психолог адамды дуалау туралы айтып берді
Хиджаб кигендерді жақтап, президентке жолдау жасаған имам жұмыстан қуылды
Имам үшінші әйелі етіп 11 жастағы қызды алды
Қазақстанда имамдар қанша жалақы алатыны белгілі болды
Шығыс Қазақстанда имам екі ұлымен бірге суға батып кетті
Енді имамдар ерлі-зайыптыларды татуластыру қызметін қоса атқарады
Күн, архивтегі фото

Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме Бекшин жауап берді

298
Алматының бас санитар дәрігері қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатқанын мысалға келтірді  

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, күн сәулесі вирусты өлтіретіні дәлелденбеген. Алайда ЖРВИ, тұмау секілді аурулар сәуірдің соңы мен мамырдың басында күннің ыстық болуына байланысты өршуін тоқтатады.

"Коронавирусқа келетін болсақ, қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатыр. Мысал ретінде Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістанды айтуға болады. Осыдан-ақ вирустың күн сәулесіне қарсы тұра алатынын байқауға болады. Мысал ретінде қаламызда 30 градус ыстық болып тұр, алайда инфекция жұқтырғандар әлі де тіркеліп жатыр", - деді Бекшин.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері жабық нысандардың қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

"Вирус адам ағзасында өмір сүреді, көбейіп, сыртқа шығады. Сондықтан нашар желдетілетін жабық нысандар өте қауіпті болып саналады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді 

Айта кетейік, Алматыда 2 715 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 1 627 адам жазылып шықты, 10 адам қайтыс болды.

298
Кілт сөздер:
коронавирус, Жандарбек Бекшин, күн
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады
Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
Архивтегі фото

Елбасы медалі ерекше ережемен табысталады

26
Жобаға 14-29 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Басты мақсат – жастарға өзін жетілдіруге серпін беру

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда "Елбасы медалі" ұлттық жобасы басталды,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы Академиясы" корпоративті қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жаңа жоба аясында нақты жеті бағыт айқындалған:

  • Спорт және дене шынықтыру.
  • Кітап оқу.
  • Дарын мен дағды.
  • Ұлттық мұра.
  • Еріктілік.
  • Туристік саяхаттар.
  • Еңбек тәжірибесі.

"Жобаның басты мақсаты – 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтарға өзін жетілдіруге серпін беру. Бұл дегеніміз, осы жасқа сәйкес келетін кез келген адам қатыса алады. Әсіресе, карантиннен шаршап жүрген жастар үшін жақсы мотивацияға айналады деп сенеміз. Олар өздерінің физикалық жағдайын жетілдіріп, дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, айналасындағы адамдарға да көмегін тигізуі керек. Жаңағы жеті бағыт аясында кез келген саланы таңдап, өзін жетілдіру жұмысын бастай беруге болады. Жоба челендж форматында өтеді. Бағдарламаға қатысу тегін", - деді Жанғозин бүгінгі онлайн брифингте.

Қазақстанда "Елбасы медалі" бекітілді: кімдер марапатталады 

Бағдарламадан сәтті өткен жастар Елбасы медалімен марапатталады. Оның үш дәрежесі бар. Олар – қола, күміс пен алтын. Әр деңгейдің өзіндік талаптары белгіленген.

"Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтын деңгейге жету үшін 18 ай қажет. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында алдағы екі аптаның ішінде тіркелу керек. Бүгінгі таңда алдын ала тіркеуден өткен қатысушылардың саны 6 мың адамнан асып отыр. Қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді. Олар өз дағдыларын дамытып, нақты нәтиже көрсетуі керек", - деп түсіндірді Жанғозин.

26
Кілт сөздер:
жастар, медаль, Елбасы
Тақырып бойынша
Қазақстанда "Халық алғысы" медалі пайда болуы мүмкін
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Депутат үш дәрежелі Даңқ ордені иегерінің өмір жолы туралы әңгімелеп берді
Федералды телеарнаның продюсері Елена Воронцова

Ақпараттық продюсерлік ету тәжірибесі SputnikPro мамандық құпиясын ашады

0
Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы ақпаратқа продюсерлік ету жөнінде вебинар өткізеді. Оған қазақстандық журналистер, блогерлер, продюсерлер және медиа сарапшылар шақырылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. 5 маусымда сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) "Ақпараттық продюсерлік ету тәжірибесі: кейіпкерлерді іздеу, жабық аумаққа ену және мамандықтың басқа да құпиялары" деген тақырыпта SputnikPro білім беру жобасының онлайн-сессиясы өтеді.   

Сюжеттің тақырыбын қалай таңдау керек? Журналистік материалдың кейіпкерін тауып, онымен сөйлесу үшін не қажет? Түсірілімге қайда рұқсат береді және егер бас тартса не істеу керек? Федералды телеарнаның продюсері Елена Воронцова қатысушылардың осы және басқа да сұрақтарына жауап береді.

Елена Воронцова – 15 жылдан астам тәжірибесі бар медиа сарапшы (ток-шоу, деректі фильмдер, федералды телеарнаның жаңалықтар қызметі). Ол "Пусть говорят" (Бірінші арна), "Главный герой" (НТВ), "Степаныч" деректі фильмі (НТВ), "Ты супер!" халықаралық балалар вокал конкурсы (НТВ), "Вести" (Россия 1 арнасы) және тағы басқа бағдарламаларға продюсерлік етуге қатысқан.

Модульге қатысу үшін қазақстандық журналистер, блогерлер, продюсерлер мен медиа сарапшылар мына сілтеме арқылы тіркеле алады.

SputnikPro "онлайн-маусымы" наурыз айының ортасында ашылды. Қатысушылар бір-біріне чатқа хабарлама жіберіп, нақты уақыт режимінде пікірін ортаға сала алады.

SputnikPro ағарту жобасы туралы

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген  маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елдің өкілі қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы туралы

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.

0
Тақырып бойынша
SputnikPro вебинары: видеоны оңай әрі дұрыс түсіру арқылы қалай аудитория жинауға болады
Жалған ақпарат тарату үшін көбінесе "аналар" чаттары қолданылады – SputnikPro сарапшысы
Адамдар ақпараттық фастфудтан мезі болды – SputnikPro сарапшысы
SputnikPro: басқа адамның суретін авторлық құқықты бұзбай қалай пайдалануға болады
SputnikPro сарапшылары сайтты ыңғайлы етуге қатысты кеңес берді