Көліктер, жол

Депутат шетелден әкелінген көліктерге қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты

4208
Қазір көлік саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу жұмысы қолға алынған. Елге кірген шетелдік көліктерді міндетті тіркеудің мерзімі 10 күн болып бекітілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Елімізде Армения, Қырғызстан, Ресей көліктерін 1 қаңтардан бастап тұрақты тіркеуге қою міндеттелуі мүмкін. Қазір көлік саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтыру енгізу жұмысы қолға алынған. Бұл туралы "Қазақ радиоларының" жаңалықтар қызметі хабарлады. 

Депутат парламента РК, участник альпиниады Павел Казанцев
© Sputnik / Владислав Воднев
Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Павел Казанцев

Көлік тасымалы туралы  заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолға алған депутаттардың бірі Павел Казанцев кедергілердің барлығы жойылғанын айтты. Оның ойынша, енді бұл мәселені реттеуге болады. Жыл басында "Көлік тасымалы туралы" заңға өзгерістер мен тоқытырулар енгізілген болатын. Алайда ол кезде шетелден келетін көліктерге қатысты нормада депутаттар мен мемлекеттік органдар ортақ ұстанымға келе алмаған.

"Ол кезде бізде күш-құрылым органдары мен мемлекеттік мекемелердің және арнайы қызметтердің базасын сәйкестендіру мүмкіндігі болмады. Қазір бұл мәселе шешілді, яғни база сәйкестендірілді. Енді біз сырттан заңды түрде көлік алып келіп жүрген азаматтардың құқығын бұзбастан жаңа тәртіпті біртіндеп енгізе аламыз",- дейді депутат Павел Казанцев.

Мәжіліс депутатының айтуынша, елге кірген шетелдік көліктерді міндетті тіркеудің мерзімі 10 күн болып бекітілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар заңға биыл енгізіледі деп жоспарланып отыр. Демек 1 қаңтардан бастап шетелдік көліктерге қатысты нақты құқықтық тетіктер жұмыс істей бастайды.

Тағы оқыңыз: Вице-министр қазақстандықтар армениялық көлікті қалай сатып алатынын айтты

"Бұған дейін талқыға түскен нормалардың мазмұны аздап өзгерді. Қараша айында заңға өзгеріс енгізу бастамасын көтереміз. Олар қабылданса, 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ол бойынша тіркеу бірден жүзеге асады, яғни келген көлік құқықтық тұрғыдан реттеледі. Ал тұрақты тіркеу 10 күннің ішінде рәсімделуі керек деген бастама талқылануда. Бірақ мұның барлығы әзірге талқыланып жатқан мәселелер",-дейді Павел Казанцев.

4208
Кілт сөздер:
өзгерістер, Қырғызстан, Армения, көлік, қаңтар
Тақырып бойынша
Бозымбаев шағын литражды көліктер салықтан босатылуы мүмкін екенін айтты
Армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерді тіркеу жүйесі өзгереді
"Қимай қалады": Елордада утилизацияға мінсіз көлігін тапсыратындар да бар
Жүргізушілер неге өзге елдің нөмірін Қазақстанда тіркегісі келмейтінін айтты
Қазақстанда бүгіннен бастап қандай жүргізушілерге айыппұл салынады?
Загрузка...