Нұр-Сұлтандағы митинг

Нұр-Сұлтан мен Алматыда митинг өтті: полиция қанша адам ұсталғанын хабарлады

3132
(Жаңартылды 16:43 26.10.2019)
Полиция заңсыз наразылық акцияларына қатысты деген күдікпен ұсталған барлық адамға қатысты тексеріс жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз митинг өткізуге тырысқан 26 адамның ұсталғанын хабарлады.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сенбі, 26 қазанда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингілер өткізуге тырысқандар болған.

"Бас прокуратураның митингілердің заңсыздығы туралы бірнеше рет ескертуіне қарамастан кейбір азаматтар заң талаптарын орындаудан бас тартты. Қазіргі уақытта полицияға 26 адам жеткізілді. Мән-жай анықталып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмай, экстремистік ұйымның заңсыз акцияларына қатыспауға шақырды.

Айта кетсек, кеше Бас прокуратура "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының наразылық акцияларын ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға заңмен белгіленген тәртіпте қатаң шаралар қолданылатынын хабарлаған еді.

Митингке қатысқандар қалай жазаланады? 

Бас прокуратураның хабарлауынша, заңсыз акцияларға қатысу фактілері расталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған (50 АЕК-ке дейін айыппұл (126 150 теңге), 15 тәулікке дейін қамаққа алу).

Егер осы іс-әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулі зиян келтірсе, ол қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейін (505 мың теңге) айыппұл немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы белгіленген.

3132
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, Алматы, митинг
Тақырып бойынша
"Сондай күлкілі": Қытай елшісі Жаңаөзендегі митинг жайлы не ойлайтынын ашық айтты
Мемлекет басшысы қандай жағдайда митинг өткізуге рұқсат етілетінін мәлімдеді
"Бізді надан деп ойлайсыздар ма?": Абаев Жаңаөзендегі митинг туралы пікір білдірді
"Бар шындықты айтамыз": елорда мен Алматыда рұқсат етілген митинг өтті
Загрузка...