Сәкен Сейфулиннің ескерткіші

Қазақтың "қазақ" деп атанып жүргені Сәкен Сейфуллиннің арқасы - танымал ақын

1191
(Жаңартылды 14:29 27.10.2019)
Биыл мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125  жыл толып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Сәкен Сейфуллин Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы болып сайланған. Бұл Қазақстанның премьер-министрімен пара-пар қызмет еді. Осылайша, 28 жасында үкіметті басқарған Сәкен Сейфуллин қазақ еліне қалтқысыз еңбек етіп, қысқа уақыттың ішінде біраз шаруа тындырып кетті.  "Сәкен Сейфуллин: уақыт және тұлға" конференциясына қатысқан ғалымдар қайраткердің мемлекеттік қызметтегі негізгі жетістіктерін тізіп шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақты "қазақ" дейік, қатені түзетейік!"

Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің айтуынша, бүгінде қазақтың "қазақ" деп атанып жүргені Сәкен Сейфуллиннің арқасы.

"1923 жылы ол "Қазақты "қазақ" дейік, қатені түзетейік!" деп ащы мақала жазып, соның қозғау салуымен "Киргиз, КирЦИК" деп келген еліміз 1925 жылы "Қазақстан" деген атқа ие болды. Біз Сәкеннің осы еңбегі үшін есімін алтынмен жазып, ардақтауымыз керек", - дейді Есдәулет.

Бұдан бөлек, Сәкен Сейфуллиннің маңызды әрі үлкен бір жетістігі – қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беруі. Қайраткер туған тілді кеңсе тіліне айналдыруға және мемлекеттік мекемелерге енгізуге жанын салып күрескен. 1923 жылы 9 маусымда "Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек" деген атышулы мақаласын жариялады. Бұнымен тоқтамай, жалпы қазақ тілінің мүддесін қорғайтын 9 мақала жазып, өзі басқарып отырған "Еңбекші қазақ" газетіне жариялап отырды.

"Сәкеннің табандылықпен күресуінің арқасында 1923 жылдың 22 қарашасында Орталық атқару комитеті арнайы декрет қабылдап, еліміздің тарихында тұңғыш рет 1924 жылдың 1 шілдесінен бастап кеңсе істері қазақ тілінде жүргізілетін болған. Біз Сәкенді осы еңбегі үшін де ардақтауымыз керек", -  деп атап көрсетті Есдәулет.

"Болашақ" бағдарламасын бастап берді

"Біз тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде тілімізді әлі төрге жайғастыра алмай жатырмыз. Оған түрлі объективті себептер бар. Оны да жақсы білеміз. Мемлекеттік тіл туралы заңымыз да жоқ. Ал дүниежүзінде басқа мемлекеттердің бәрінде бар", - дейді профессор Ерден Қажыбек.

Ғалымның айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызмет саласында қазақ тілінде жұмыс істеуге міндеттейтін шаралар да қолға алынбай жатыр. Ал Сәкен Сейфуллин небары екі жылдың ішінде қажетті құжаттарды қабылдатып қана қоймай, соның барлығын іске асыруға жағдай да жасады. Тіпті, қазынашылық мекемелерді табыстың бір бөлігін мемлекеттік тілді дамытуға жұмсауға міндеттеген. Ал, ең бастысы, мемлекеттік ұйымдарды қазақ тіліне көшіреді.

Тағы оқыңыз: Сәкен Сейфуллинге қатысты алыпқашпа әңгімеге нүкте қойылды

"Онымен қоймай, президенттердің қазіргі жолдаулары сияқты халыққа ашық хат жолдайды. Онда елдің сол кездегі негізгі мәселелерді көтереді. Сәкен біз мемлекеттік тілімізде заңдарымызды жазбасақ, қарарларымызды шығармасақ, ешқашан дамыған елдердің қатарына қосылмаймыз деп ашық айтқан", - деп атап көрсетті Қажыбек. 

Ал Сәкен Сейфуллин басқарған үкіметтің ең алғашқы қаулысы ғылыми мекемелерді құруға арналды. Академиялық орталықтың негізі қаланды. Сондықтан ғылым академиясының тарихы содан басталады.

"Одан кейін қазір "Болашақ" деген стипендия бар ғой. Сол бағдарлама сияқты республиканың бюджетінен сыртқа қазақтың жас мамандарын жіберіп, оқыту шаралары қолға алынады. Жастардың оқуы алтынмен төленді. Біздің Марғұландар мен Сәтпаевтар қайда шыққан? Міне, олардың барлығы республиканың есебінен сырттан оқып келді", - деді Қажыбек.

Бұдан бөлек, Сәкен Сейфуллин қиын қыстау заманға қарамастан, отандық киноны дамытуға ақша бөлді. Киноаппарат сатып алды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін реставрациялауға қаржы бөледі.

"Ол кезде дінге тыйым салынған. "Дін – опиум, коммунизм жасаймыз!" деген заманда Сәкен Сейфуллин Қожа Ахмет Яссауи кесенесін  күрделі жөндеуден өткізді. Қазақтың ән-күйлерін жинауға тапсырма берді. Затаевичке мемлекеттік тапсырма беріп, қомақты қаржы төледі", - дейді Қажыбек.

Сәкен символға айналды

Мәжіліс депутаты, журналист Сауытбек Әбдірахманов мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин уақыт сынынан өткен тұлға деп санайды. Қоғам ауысып, құндылықтар қайта бағаланса да, Сәкеннің абыройы сақталды. Бүгінде жазушының мұрасы тәуелсіздікке де қызмет етіп жатыр. Ал Сәкеннің аты символға айналды.

"Сәкен батаға кірген адам ғой. "Сәкеннің сәнін берсін!" деп жатамыз. Ал батаға кірген адам ол – қасиетті адам, ол - ұғымға, символға айналған адам. Сәкен - сұлулық, серілік, тазалық, өрлік, ерлік мен тектіліктің символы. Сондықтан символды талқыға салып, соңынан анау-мынау сөз айтып, саясатқа айналдырудың еш қажеті жоқ", - дейді Әбдірахманов.

Оның ойынша, Сәкен қазақтың атын сөзімен де, өзімен де, көркімен де шығарды.

"Сол заманда "қазақтар осындай сұлу адамдар болады екен, осындай текті болады екен, өздерін осылай ұстайды екен" дегізген алғашқы адамдардың бірі біздің Сәкеніміз болатын. Оның қасиетін жазушы Галина Серебрякова өте жақсы айтқан", - деп атап көрсетті Әбдірахманов. 

Осы орайда депутат орыс жазушысының естеліктерін де оқып берді.  "Ол кеткенде біздің әдебиетіміз өзінің керемет айшықты әшекей көркінің бірінен айырылды", - деп жазды Серебрякова. Осыдан кейін сол кездері 40-тан жаңа ғана асқан Сәкен Сейфуллиннің "ер пішінді сұлу көркімен қайран қалдырғанын" баяндайды.

"Ол ұзын бойлы сұңғақ кісі еді, қажырлы қара торы жүзі құбылып, өзгеріп тұрушы еді. Әсіресе, ұшқын шашы жалтылдап тұратын ақылды, қара көзі жадымда жатталып қалыпты. Ежелгі парсы фрескаларында қаһармандық пен қайсарлықтың бейнесіндей саналатын сарбаздар тәрізді ол да адал, ақ көңілмен кісіге тайсалмай тура қарайтын. Оның кісілік салауаты ажар көркінен әсте кем түспейтін. Грамматика тұрғысынан қарағанда, Сәкен орысша тым таза сөйлейтін. Әдеби "обороттарға" сүрінбей, емін-еркін ағып, өте шығатын. Аса көрнекті классик және қазіргі заман ақындарының жырларын жиі-жиі жаттай да беретін"", - деп еске алды жазушы.

1191
Кілт сөздер:
қазақ, Сәкен Сейфуллин
Тақырып бойынша
Қазақ "қырғыз" емес: Тұңғыш премьер Сәкен Сейфуллин жайлы қызықты деректер   
"Өз жаназасын өзі шығарды": Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев туралы деректер
Қабдеш Жұмаділов 83 жаста: шекараны бұзып, Қытайдан 200 мың қазақты бастап келген жазушы
Атақты жазушы Назарбаевқа қатысты сәуегейлік танытқанын айтты
Мағжан Жұмабаев туралы не білеміз?
Белгілі жазушы Тоқаевтың ерекше қасиеті туралы айтып берді
Бурабай

Бурабай мен Көк Жайлаудағы жердің бір бөлігі қайтарылады Тоқаев заңға қол қойды

84
Туризм инфрақұрылымын салуға бөлінген, алайда мақсатқа сай пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Токаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Заң Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Бурабай және Көк Жайлау табиғи парктері жерлерінің бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейді. Заң Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты 

"Өзгерістер ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар және қайтарылған жер учаскелерінде орналасқан табиғи қорық қорының табиғи кешендері мен нысандарын сақтау қажеттілігінен туындады", - деп түсіндірді бұған дейін мәжілісмен Роман Ким сенат қабырғасында заң жобасын таныстыра отырып.

Заң нормалары туристік нысандар мен құрылыстарды салу және пайдалану үшін алынған, бірақ сол мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтаруға мүмкіндік береді. 

84
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Көк Жайлау" курорты, Бурабай
Тақырып бойынша
"Асығыстық танытуға болмайды" Тоқаев Байбектің шешіміне қолдау білдірді
Бурабай мен Көк Жайлаудағы жерлердің бір бөлігі мемлекетке қайтарылады
Архивтегі фото

Еуразиялық патенттік ұйым Төрегелді Шармановқа алтын медаль табыстады

45
Патенттік ұйымның алтын медалі өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық патенттік ұйым Қазақстандық өнертапқыштарды алтын медальмен марапаттады, деп хабарлады әділет министрлігінің аспасөз қызметі.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ғылым академиясының академигі, өнертапқыш Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University В.И. Блинников атындағы алтын медалмен марапатталды.

Мұндай шешім Еуразиялық патенттік ұйым әкімшілік кеңесінің 36 отырысында қабылданды.

Оқи отырыңыз: Төрегелді Шарманов ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай өткізілді. Аталған марапаттарды Алматы қаласы әділет департаменті басшысы Абай Арап тапсырды.

Айта кетейік, В.И. Блинников атындағы алтын медаль Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттер үшін маңызды өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.

45
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті