Мәжілістің жалпы отырысы

"Кедергіге ұшырайды": депутат тілге қатысты маңызды мәселені көтерді

968
Бүгін мәжіліс отырысында депутат мемлекеттік тілге қатысты маңызды мәселені жариялап, үкімет басшысына сауал жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев бірнеше облыста тілдерді дамыту басқармаларының қысқартылып, тілдерді оқыту орталықтары жабылып жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, сайлаушылармен кездескен кезде тілге қатысты бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Бүгінде Елбасы мен президенттің мемлекеттік тілді дамытуға қатысты тапсырмаларына қарамастан әкімдіктер осы жұмыспен айналысатын құрылымдарды қысқартып жатыр.

"Тіл туралы заңның және мемлекеттік бағдарлама міндеттерін жүзеге асыру үшін облыстық және республикалық дәрежедегі әкімдіктерде тілдерді дамыту басқармалары, сондай-ақ, соларға қарасты тілдерге оқыту орталықтары құрылған болатын. Алайда қазір бірнеше облыста тілдерді дамыту басқармалары өзге басқармаларға қосылып, тілдерді оқыту орталықтары жабылып, мемлекеттік емес секторға өтіп жатыр", - деді Қаратаев.

Депутат нақты мысалдарды да келтірді. Мәселен, Ақмола мен Қызылорда облыстық тіл басқармалары ішкі саясат басқармасының құрамына кіріп кеткен. Нұр-Cұлтан қаласында тілдерді дамыту және архив басқармаларын қосып жіберген. Ал Павлодар мен Маңғыстау облыстарында мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармалары құрылған.

"Алматы қаласында басқарма мүлдем жойылып, қазіргі кезде қала әкімінің аппаратында бірнеше маман ғана жұмыс істейді. Сондай-ақ, Атырау мен Түркістан облыстарында, Шымкент қаласында да тіл басқармалары мүлдем жоқ. Латын әліпби қазақ тілді ортаға енгізіледі десек, онда бұл өңірлерде тілдік реформаны жүргізу үлкен кедергілерге ұшырайды", - деп атап көрсетті Қаратаев.

Депутат тіл саясаты мәселесінде бюджет қаражатын үнемдеу орынсыз екенін жеткізді. Осыған орай, премьер-министр Асқар Маминнен тілдерді дамыту басқармалары мен тілдерді оқыту орталықтарының дербес жұмысын ұйымдастыру қажеттігін айтып, депутаттық сауал жолдады.

968
Кілт сөздер:
қазақ тілі, депутат
Тақырып бойынша
Аружан Саин неге қазақша сөйлемейтінін айтты
Оғыз Доған қазақша сөйлемейтін роботпен ұрсысып қалды - видео
Министр қазақша мультфильмдердің жоқтығына қапаланған депутатқа ән шырқап берді
"Қазақша сөйлеймін". Әнші Шахризат орыс тілінде сұхбат беруден бас тартты
Нығматулин қазақша білмейтін вице-министрді әбден ұялтты
"Жылқы еті қанша тұрады?" Аршавин Көк базарда қазақша сөйлеп жүр - видео
Бурабай

Бурабай мен Көк Жайлаудағы жердің бір бөлігі қайтарылады Тоқаев заңға қол қойды

96
Туризм инфрақұрылымын салуға бөлінген, алайда мақсатқа сай пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Токаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Заң Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Бурабай және Көк Жайлау табиғи парктері жерлерінің бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейді. Заң Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты 

"Өзгерістер ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар және қайтарылған жер учаскелерінде орналасқан табиғи қорық қорының табиғи кешендері мен нысандарын сақтау қажеттілігінен туындады", - деп түсіндірді бұған дейін мәжілісмен Роман Ким сенат қабырғасында заң жобасын таныстыра отырып.

Заң нормалары туристік нысандар мен құрылыстарды салу және пайдалану үшін алынған, бірақ сол мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтаруға мүмкіндік береді. 

96
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Көк Жайлау" курорты, Бурабай
Тақырып бойынша
"Асығыстық танытуға болмайды" Тоқаев Байбектің шешіміне қолдау білдірді
Бурабай мен Көк Жайлаудағы жерлердің бір бөлігі мемлекетке қайтарылады
Архивтегі фото

Еуразиялық патенттік ұйым Төрегелді Шармановқа алтын медаль табыстады

47
Патенттік ұйымның алтын медалі өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық патенттік ұйым Қазақстандық өнертапқыштарды алтын медальмен марапаттады, деп хабарлады әділет министрлігінің аспасөз қызметі.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ғылым академиясының академигі, өнертапқыш Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University В.И. Блинников атындағы алтын медалмен марапатталды.

Мұндай шешім Еуразиялық патенттік ұйым әкімшілік кеңесінің 36 отырысында қабылданды.

Оқи отырыңыз: Төрегелді Шарманов ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай өткізілді. Аталған марапаттарды Алматы қаласы әділет департаменті басшысы Абай Арап тапсырды.

Айта кетейік, В.И. Блинников атындағы алтын медаль Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттер үшін маңызды өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.

47
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті