Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин

Аружан Саин: Шенеуніктің баласы әкесінің әрекеті үшін ұялатынын айтты

741
(Жаңартылды 16:34 31.10.2019)
Балалар омбудсмені Аружан Саин балалар көп нәрсені түсініп, іштей сезетінін айта келе, бір нәрсені жасағанда олардың болашағын ойлау керек екенін атап өтті  

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде осы санаттағы қылмыстың алдын алу мәселесі кеңінен талқыланды. Ал Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин әкесінің әрекеті үшін ұялған баланың қайырымдылыққа қалай бет бұрғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қайрымдылық саласында көп адаммен кездесіп тұрамын. Біреулер көмек сұрайды, енді біреулер, керісінше, көмек жасағысы келеді. Осыдан үш жылдай бұрын бізге бір жас жігіт келген. Өзі Еуропада оқыған, жағдайы бар. Сөйтіп, жолдастарымен бірге оқуды бітіріп, қайырымдылықпен айналысуға шешім қабылдаған", - дейді Саин.

Оның айтуынша, жас жігіттермен таныса келе, ашық әңгіме болған. Мамандар олардан қайырымдылықпен айналысуының себебін сұрапты. Өйткені осы жұмыспен шын көңілмен айналысса ғана пайдасы көп болады. Балалар шетелде оқығанда еріктілердің құрамында болғанын, жалпы, қайрымдылық мәдениетінің қаншалықты дамығанын көргенін жеткізеді. Соны өз елімізіде жалғастыруға ниеттіміз деген. Ал жаңағы жігіт өз ойын ашық айтқан екен. 

Тағы оқыңыз: Аружан Саин неге қазақша сөйлемейтінін айтты

"Сол кезде өте әсерлі әрі көңілді жібітетін сәт болды. Жас жігіт қатты ұялатынын айтты. Әкесі орташа деңгейдегі шенеунік екен. Еуропада оқығанда көп нәрсені түсінгенін жеткізді. "Мен әкемнің жалақыға оқуымды төлей алмайтынын білемін. Иә, ол мен үшін ең жақын адам, бәрін менің болашағым үшін жасады. Бірақ жаман нәрсе жасады. Қызмет бабын пайдалану мен жемқорлық жасау дұрыс емес. Сол үшін ұяламын. Халықтың алдында адал, адамдардың көзіне тік қарағым келеді" деді. Негізі, біздің балаларымыз көп нәрсені түсінеді, іштей сезеді. Сондықтан бір нәрсені жасағанда олардың болашағын да ойлау керек", - деп атап көрсетті Саин.

741
Кілт сөздер:
Аружан Сайын
Тақырып бойынша
Аружан Саин митингіге балаларды алып шығатын ата-аналарға үндеу жасады
Аружан Саин: 200 миллион теңгені мойныма алмаймын
Аружан Сайын шетелдіктерге бала сатты деп айыптағандарға жауап берді
Аружан Саин барлық балалар үйін жауып тастамақшы
Тараздағы балалар үйінде түсірілген жаға ұстатарлық видео: тәрбиешіге іс қозғалды
Аружан Саин қазақстандықтардан көмек сұрады
Алматы қаласында отқа орынған төрт қабатты ғимарат

Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды видео

6902
Оқиға орнына өрт сөндірушілермен бірге өзге де жедел қызмет түрлері шұғыл жетті

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының Түрксіб ауданында алапат өрт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Четырехэтажное здание сгорело в Алматы
© Sputnik / Стрингер.
Алматыда төрт қабатты ғимарат отқа оранды

Жансүгіров көшесіндегі төрт қабатты ғимарат отқа оранып, әп-сәтте күлге айналды. Ғимараттың бірінші қабатында техникалық қызмет көрсету бекеті, екінші және үшінші қабатында дүкендер, ал төртінші қабатта бірнеше пәтер болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Almaty|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез ауыздықтауға тырысып бақты. Сондай-ақ, оқиға орнына басқа да жедел қызмет түрлері шұғыл жетті. 

Четырехэтажное здание сгорело в Алматы
© Sputnik / Стрингер.
Алматы қаласында өртеніп жатқан ғимарат

Ғимарат толықтай жанып кетті. Өрт салдарынан 1991 жылы туған ер адам зардап шеккен. Өрттің шығу себебін анықтаумен Алматы қалалық ІІД тергеушісі айналысып жатыр.

6902
Кілт сөздер:
оқиға, Алматы, өрт
Тақырып бойынша
Мәскеу түбіндегі хоспистен өрт шығып, 10 адамның өмірін қиды
Өрт шыққан жерге жылдам жетеді: Алматыдағы мотоцикл экипажы өз жұмысы туралы айтты
Алматыда перзентханадан өрт шықты – видео
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
Шымкентте ірі кәсіпорыннан өрт шықты - видео
Медициналық құрал, ақша және калькулятор

Медициналық сақтандыру қоры мекемелерге алты ай ішінде 4,6 миллиард теңге айыппұл салған

301
Қазіргі кезде медициналық сақтандыру қоры амбулаторлық деңгейден стационардағы емделуге дейінгі процестерді автоматтандыруды жалғастыруда

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне байланысты 460 мыңнан астам кемшілік анықтады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

"Медициналық ұйымдарға салынған айыппұлдар мөлшері 4,6 миллиард теңгеден астам қаржыны құрады", – делінген хабарламада.

Ал 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған кемшіліктер осы күнгі көрсеткіштерден үш есеге аз. Соған сәйкес, айыппұлдар көлемі де 2,7 миллиард теңгені құраған.

Медициналық тегін көмек мемлекет кепілдендірген көлем шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру пакеті аясында қор тарапынан үнемі қадағаланып тұрады.

"Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға қызметтерді тек бекітілген стандарттарға сай көрсететін медициналық көмектің сапасына сәйкестігін тексергеннен кейін ғана төлейді. Сонымен бірге, сапа мониторингі, оның ішінде ақпараттық жүйелерді қашықтан қолданумен жүзеге асырылады, осылайша көрсетілген "адам факторын" барынша азайтады", – деп атап көрсетілген.

Қазіргі кезде медициналық сақтандыру қоры амбулаторлық деңгейден бастап стационардағы емделуге дейінгі бақылауды қоса алғанда процестерді автоматтандыруды жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді

"Сонымен қатар, қор медициналық көмектің сапасын сараптау тәсілдерін жетілдіріп, қиын жағдайларды бақылау тәжірибесін арттыруда", – деп атап көрсеткен баспасөз қызметіні хабарламасында.

301
Кілт сөздер:
медициналық сақтандыру қоры, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Медициналық сақтандыру: екі жұмыс болса, жарна қалай аударылады?
Медициналық сақтандыру қорының басшылығы қанша жалақы алады?
Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар – басшылық жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры енді әрбір науқасқа 1,7 миллион теңгеге дейін бөледі