Сөздік

Қазақ түсінбейтін мәтін көп: ғалым аудармада жиі кездесетін қателіктерді атады

1090
(Жаңартылды 18:32 31.10.2019)
Профессор Сабира Сапина қазір айтылып жүрген бірқатар сөз тіркесін қолданыстан алып тастау керек дейді

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik, Дәурен Ерболат. Қазақ технология және бизнес университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сабира Сапина аудармаларда жиі кездесетін қателіктерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Терминдерді аударудың қажеті жоқ

Профессор алдымен терминдерді аудару мәселесіне тоқталды. Оның пікірінше, термин сөздерді аударудың керегі жоқ.

"Менің ойымша, біз терминдерді аудармауымыз қажет. "Мына термин қалай аударылады" деп бас қатырмауымыз керек. Терминді белгілі бір мемлекеттік орган бекітуі тиіс. Ол жалпы халыққа түсінікті, әрі оны барлығы қолдануы қажет. Бірақ кейде терминдерді қолдануда бірізділік жоқ", - дейді Сабира Сапина "Салалық терминдерді аудару тәжірибесі" атты әдістемелік онлайн-семинарда.

Аудармада жиі кететін қателіктер

Ғалым аудармаға қойылатын талаптар бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, аударма түпнұсқа мәтіннің мазмұнын толық ашып, аударманың баяндау стилі мен тәсілі түпнұсқадағыдай болуы шарт. Осы орайда Сабира Мінәтайқызы аудармада жиі кететін қателіктерді атады.

"Аударма түпнұсқа секілді жеңіл оқылуы керек. Өкінішке қарай бізде "кеңсе тілі" деген термин пайда болды. Мәтінді оқысаң қазақша сияқты. Онда тұпнұсқадағы сөздердің барлығы бар, бірақ бұл толыққанды түсінікті аударма емес. Жалпы, қазір қазақ түсінбейтін мәтіндер көп", - дейді ол.

Профессор "нәтижесінде" сөзі тек жағымды мағынада қолданылатынын айтты. Алайда соңғы кезде бұл сөз аударма мәтіндерде орынсыз пайдаланылады.

"Мысалы, "жыл басынан бері облысымызда 107 өрт шығып, нәтижесінде 1 адам қайтыс болып, 5 адам жарақат алған" деген сөйлемді алайық. Дұрысы -"салдарынан" деген сөздің болуы. "Нәтижесінде" сөзі жағымды мағынада, "салдарынан" сөзі жағымсыз мағынада қолданылады", - дейді ғалым.

"С участием" сөзін қалай аударып жүрміз

Сабира Сапина аудармашылар мәтіндерде "с участием" деген сөзді жиі қолданатынын, бірақ оны дұрыс аудармайтынын айтты.

"Бұл сөз "біреудің қатысуымен" деп алынып жүр. Мысалы, министрлік өкілдерінің "қатысуымен" дейді. Дұрысы – министрлік өкілдері қатысқан, "қатысуымен" сөзі – дұрыс емес. Сондай-ақ, "кафедра мәжілісімен мақұлданған, президентпен қол қойылған, Біріккен ұлттар ұйымының комиссиясымен ратификацияланған" деген тіркестер бар. Дұрысы – президент қол қойған, кафедра мәжілісі мақұлдаған, Біріккен ұлттар ұйымының комиссиясы ратификациялаған", - дейді ол.

Тағы оқыңыз: Көшеде латынша жазуға әлі ерте": ғалым қазіргі әліпбидің кемшіліктерін атады

Атаулар да дұрыс емес

Профессор пікірінше, атауларды аударғанда да қателіктерге жол беріледі.

"Мысалы, "отыз жастағы Теміртау тұрғыны" емес, дұрысы - "Теміртау қаласының 30 жастағы тұрғыны", "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы" емес," "Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы", "республикалық балаларды оңалту орталығы" емес, "балаларды оңалтудың республикалық орталығы", "Ұлттық онкология және трансплантология орталығы" емес, "онкология және трансплантологияның ұлттық орталығы". Біз бұл қателіктерге мән беруіміз керек", - дейді Сабира Сапина.

"Болып табылады" деген тіркесті қолданбайық

Ғалым "болып табылады" сөз тіркесін мүлдем қолданбауға кеңес берді. Профессордың пікірінше, сөйлемнің мағынасын онсыз-ақ ашуға болады.

"Болып табылады" деген тіркес біздің дертімізге, ауруымызға айналды. "Является" деген сөзді "болып табылады" деп аудармайық. Мен осындай үндеу тастау үшін келдім", - дейді ол.

"Тұлға" сөзінің қолданылуы

Сабира Мінәтайқызы "лицо" сөзі қазақша "тұлға" деп аударылғанымен, аударма мәтіндерде бұл сөзді байқап, орнымен қолдану қажеттігін айтты. Себебі "тұлға" сөзі қазақ тілінде белгілі бір дәрежеге жеткен, қоғамда орны бар адамдарға қатысты айтылады. Ал орыс тілінде бұл сөз басқа мағынада да қолданыла береді.

"Мысалы, "лица, страдающие алкоголизмом или лица без определенного места жительства" деген сөйлемді алайын. "Алкоголизмге шалдыққан тұлғалар немесе тұрғылықты тұратын орны жоқ тұлғалар" деп аударылып жүр. Алайда мұнда "тұлға" деп алуға келмейді. Оның орнына "тұрғылықты тұратын орны жоқ адам немесе алкоголизмге шалдыққан адам" дер едім", - дейді ғалым.

Тағы оқыңыз: "Ғалымдардың өзі бас қатырып жүр": Назарбаева қазақ тіліне қатысты ойын айтты

Сөз соңында профессор аудармашыларға тағы бір кеңес берді.

"Бірқатар шаралар жасалып жатыр", "көптеген адамдар жиналды" деп айтпайықшы. Дұрысы – "бірқатар шара жасалып жатыр", "көп адам жиналды". "Бірнеше ұсыныстар айтылды", "әртүрлі оқиғалар өтті" демейікші, дұрысы – "бірнеше ұсыныс айтылды", "әртүрлі оқиға өтті", - деп түйіндеді Сабира Сапина.

1090
Кілт сөздер:
толық мәтін, қате, қазақ тілі
Тақырып бойынша
"Мемлекеттігімізге сын": сенат депутаты заңдарды қазақ тілінде жазуды ұсынды
"Қазақтанып барасыңдар деп күлді": Абай тілін меңгерген мәскеулік арулардың әңгімесі
"Баламнің қызба бар": министр жұрттың ашуына тиген аудармаға қатысты түсініктеме берді
"Сөздік керек емес": Шымкенттік шопыр шет тілін қалай үйренуге болатынын айтты
Алексей Цой

Министр Қазақстанда карантин неге күшеюі мүмкін екенін айтты

2
Министрдің айтуынша, карантин жеңілдетілгеннен кейін өңірлерде режим талабын бұзу фактілері 30,4%-тен 40,7%-ке дейін өскен

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтардың карантиндік-санитарлық талаптарды сақтамауы қатаң карантиннің қайта енгізілуіне әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр елде эпидемиологиялық жағдай тұрақталса да, халық босаңсып кеткенін айтты.

"Бетперде кию, ара қашықтықты сақтау талаптары үнемі орындала бермейді. Бұл коронавирустың таралуына және карантин режимінің күшеюіне әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдай қазір көптеген әлем елдерінде қайталанып жатыр", – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, карантин жеңілдетілгеннен кейін өңірлерде режим талабын бұзу фактілері 30,4%-тен 40,7%-ке дейін өскен. Он өңірде карантин режимін бұзу деректері жиілеген.

Сонымен қатар, ол адамдар маска тағу талабын да орындамайтынын атап өтті. 5-27 қыркүйек аралығында бетперде тақпағаны үшін 1 131 азаматқа айыппұл салынған.

Оқи отырыңыз: Карантин қайта енгізілсе 42 500 теңге қаншаға өседі – Мырзахметов есеп-қисабын айтты

Осыған байланысты министр әкімдерден карантин және маска режимінің сақталуын бақылауды күшейтуді, сондай-ақ, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұрады.

2
Кілт сөздер:
айыппұл, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қазақстанда қандай инфекциялық аурулар тараған кезде карантин жариялануы мүмкін
Тоқаев карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін айтты
Қатаң карантин қай кезде енгізіледі – денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді  
Карантин кезінде жұмыссыздарға төленетін төлем мөлшері өсуі мүмкін
Елорданың бас санитар дәрігері қандай жағдайда қатаң карантин енгізілетінін айтты
Бетперде таққан балалар

Қыркүйектің басынан бері 104 оқушы коронавирус жұқтырды Цой

141
Денсаулық министрі әкімдер мектептердегі профилактика шараларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Жаңа оқу жылы басталғалы бері Қазақстанда 104 оқушы індетке шалдыққан. Соның ішінде 33 бала мектепте кезекші сыныптарда оқып жүрген оқушылар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқу жылы басталғалы бері 104 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды, соның 33-і кезекші сыныптарға барып жүрген балалар. Олармен байланыста болған 550 адам анықталды, олардың жетеуі індетке шалдыққан", – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, қашықтан оқитындар арасында 71 оқушыда коронавирус диагнозы расталды. Олар 240 адаммен байланыста болған, 15-і індет жұқтырды.

"Барлық оқушы мектепке барып оқығанда, байланыста болғандар саны кемінде 1 500 адамға дейін өсіп, оқушылар, мұғалімдер мен отбасы мүшелері арасында ауру таралып кетер еді", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Кезекші топтарда коронавирус анықталса, мектеп жабылуы мүмкін 

Осыған байланысты әкімдер мектептерде санитарлық-дезинфекциялық, маска режимі және басқа да профилактика шараларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі қажет, деп толықтырды Цой.

141
Кілт сөздер:
коронавирус, балалар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Карантин аяқталғаннан кейін мектеп формасын кию қайта міндеттеле ме?
Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды
Маңғыстауда мектеп оқушысы жасанды тыныс алдыру аппаратын құрастырды
Қыздар төбелесінен кейін жұмыстан кеткен мектеп директорлары қайта шақыртылды
"Пышақпен қорқытып, видеоға түсірді": Жамбылда бала зорлығына қатысты іс дауға айналды