Телефон, архивтегі сурет

Жұлдыз болып шыға келді: ақсулық жігіттің хитін әлемде 2,5 млн адам тыңдады

7935
Иманбек Зейкенов темір жолда сигналшы болып істейді. Ал бос уақытында үйінде отырып, түрлі хит шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша — Sputnik. Павлодар облысының Ақсу қаласындағы жас теміржолшы Иманбек Зейкенов жазған тректің әлемдік музыкалық чартта танымалдығы артып отыр. Saint JHN –нің Roses атты әніне жазылған ремикс Shazam-да екі жарым миллион рет ізделген. Композиция ТМД елдеріндегі хит-парадты да бастап тұр.

"Мен үйде Saint JHN-нің әуенін естідім. Осы әнге екі сағатта ремикс жаздым. Кейін ол видеоны интернетке жүктедім. Достарыма ұнады, бірақ айтарлықтай еш нәрсе болған жоқ. Үш айдан соң трек бір миллион жазылушысы бар топта жарияланыпты. Адамдар әуенді сол жерде тыңдай бастады. Бір немесе бір жарым айдан соң маған түрлі продюсерлер хабарласа бастады", - деді Зейкенов Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Иманбек ресейлік Effective records лейблі үшін трек жазуға келісті. Қазіргі уақытта бұл лейблдің ремикстері Apple Music, Google Play Music, Spotify, BOOM–да сатылады.

Его ремикс на песню Roses от звезды из Бруклина Saint JHN искали на Shazam более двух с половиной миллиона раз
© Photo : Из личного архива
Ақсу қаласындағы жас теміржолшы Иманбек Зейкенов жазған тректің әлемдік музыкалық чартта танымалдығы артып отыр

Roses ремиксінен авторға ақшалай пайда түсетіні анық. Тректің музыкалық алаңдарда сатылғаны үшін автор өз үлесін алады. Сома мөлшерін Зейкенов айтқан жоқ. Өйткені келісім сондай.

Ақсулық жігітті Ресей мен Еуропаға шақырып жатыр. Бірақ ол үйде жақсы екенін айтады.

​Қазақстандық лейблдерден әлі ұсыныс түспепті. Алайда бірнеше күн бұрын әнші Наzима хабарласқан екен.

"Әлі ойланып жүрмін, тректі тыңдаған жоқпын ", - деді Иманбек.

Материалдың орыс тіліндегі нұсқасын мына жерден оқи аласыз.

7935
Кілт сөздер:
хит ән, жігіт
Тақырып бойынша
"Сөзім жоқ!": Төреғали сахнаға шыққан балаларды теуіп жіберді - видео
Гамаш, гамаш: Қазақстандағы қатты аяз туралы әзіл ән желіні жарды - видео
"Тойға тегін де барамыз": Халықтың қалтасына қарайтын әншілер кімдер?
"Мүмкін емес!". Шетелдіктер Димаштың өнеріне қалай таңғалды — видео
"Музарт" тобының әндері қатты ұнайды" Алты бірдей аспапта ойнайтын зағип жігіттің әңгімесі
Интенсивті терапия палатасындағы дәрігерлер

Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

701
Коронавирус инфекциясы мен ковидтік пневмониядан болған өлім-жітім бойынша тәуліктік мәліметтер жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 3 адам COVID-19-дан, ал бір адам ковидтік пневмониядан көз жұмды.

Бір тәулікте 52 адамда коронавирус диагнозы расталды, 38 адам пневмонияға шалдықты.

13 наурыздан бері республика бойынша барлығы 107 775 адамда коронавирус анықталды. 1 725 адам қайтыс болды.

1 тамыздан бері 32 490 адам пневмонияға шалдықты, 350 науқас көз жұмды.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 314 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 бала бар. Стационарларда 1 827 науқас жатыр. 1 487 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 94 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 15 пациенттің хәлі мүшкіл деп бағалануда. 23 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

701
Кілт сөздер:
науқастар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Белгілері ұқсас: дәрігер коронавирус пен тұмауды қалай ажыратуға болатынын айтты
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда 52 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болды

33
(Жаңартылды 08:35 28.09.2020)
Бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 52 адамның коронавирус індетімен ауырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1
  • Алматы қаласы - 6
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 14
  • Жамбыл облысы - 1
  • Батыс Қазақстан облысы - 1
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 2
  • Павлодар облысы - 6
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 5.

Айта кетейік, жалпы республика бойынша ауырғандар саны 107 775 адамға жетті.

33
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Бір жылда 13 ай болу керек": қазақстандық ғалымдар тұрақты күнтізбе ойлап тапты
Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты
Антарктидада зерттеу жүргізген ғалымдар бүкіл өркениетке қауіп төнгенін мәлімдеді
Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады
Ресейлік ғалымдар COVID-19-ға қарсы вакцинаның технологиясымен бөлісуге әзір
Украинадағы ұшақ апаты

Украинадағы ұшақ апаты: аман қалған жалғыз курсанттың әкесі сұқбат берді

0
(Жаңартылды 11:00 28.09.2020)
Ан-26 ұшағы апатынан тірі қалған жалғыз курсант Вячеслав Золочевскийдің әкесі де авиация саласында жұмыс істейді, ол да үш рет ажалдан аман қалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Украинада ұшақ апатынан аман қалған жалғыз курсанттың беті бері қарап келеді, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Курсанттың әкесі де авиация саласында қызмет етеді. Айтуынша, ол да үш рет ажалмен бетпе-бет келген, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен үш рет құладым. Баламның тірі қалғаны өз әкесінің ұлы екенін көрсетеді", - деді үлкен Золочевский "Сегодня" газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Вячеславтың еш жері сынбаған, тек жарақаттары бар.

"Бәрі оны ұшақтан секіріп кетті деп айтып жатыр. Бірақ олай емес. Ол ұшақтан ұшып кетті. Өзінің досын құтқаруға тырысқанын да білемін", - деді әкесі.

Вячеслав Золочевскийдің өзі үйінді маңында есін жиғанын, жанында өртеніп жатқан курсантты құтқаруға ұмтылғанын айтқан еді. Көп ұзамай ол тағы да есінен танған. Курсант денесін жауып қалған фюзеляждің арқасында аман қалды.

Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы  

Әуе апаты Украинаның Харьков облысы Чугуев қаласы маңында 25 қыркүйек күні кешке болды. Ан-26 әскери-көлік ұшағы оқу ұшуын орындаған.

Крушение самолета Ан-26 под Харьковом
© Sputnik / Сергей Одинцов
Украинада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Бортта 27 адам – экипаждың 7 мүшесі және 20 курсант болған. Жиырма бесі оқиға орнында қаза тапты. Екі курсант ұшақтан шыққан, бірақ, кейінірек, біреуі ауруханада көз жұмды.

Ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды. Төрт болжам қарастырылып жатыр: техникалық ақау, экипаждың қателігі, ұшуды басқаруға жауаптылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы, ұшаққа техникалық қызмет көрсету және оны ұшуға дайындаумен байланысты проблемалар.

0
Кілт сөздер:
курсант, ұшақ апаты, Украина