Нұрсұлтан Назарбаев дарынды әншілер Димаш Құдайберген және Алина Сансызбаймен бірге

Димаш ресейлік бағдарламада Назарбаев туралы әзілдеді видео

4979
(Жаңартылды 14:42 01.11.2019)
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген "Первый каналдағы" "Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша — Sputnik. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген "Вечерний Ургант" бағдарламасына қатысты.

Сондай-ақ, телебағдарламаға ресейлік композитор, продюсер Игорь Крутой, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Аделина Сотникова да келді.

Студияға келген әншіні жанкүйерлері жылы ықыласпен қарсы алды. Димаш Құдайберген телебағдарлама жүргізушісі Иван Ургантқа шапан кигізді.

"Бізде құрметті адамдарға шапан кигізеді. Осы мүмкіндікті пайдаланғым келіп отыр", - деді ол.

Иван Ургант "Мұндай киім өзінде және Николас Кейджда ғана бар" деп қалжыңдады.

Айта кетейік, 2017 жылы танымал голливуд әртісі Николас Кейдж Қазақстан астанасына қонаққа келген. Ол халықаралық "Еуразия" кинофестиваліне қатысқан. Жиындардың бірінде америкалық әртіске шапан жабылған. Бұл суретті әлеуметтік желідегілер қызу талқыланып, шапан киген Николас Кейдж туралы қалжыңдады.

Сондай-ақ, телебағдарлама жүргізушісі Димаштан танымал актер Джеки Чанмен қалай танысқанын сұрады.

"Джеки Чан өте қарапайым. Ол – әлемдегі ең танымал адам ғой. Тіпті, президенттерден де танымал шығар", - деді әнші.

"Тек бір президенттен басқа", - деді Иван Ургант.

"Назарбаевтан", - деп қысқа қайырды әнші.

Димаш Құдайберген "I'm singer" конкурсының бірінші турынан кейін Қытайда және басқа елдерде танымал бола бастағанын айтты.

"Бірнеше күннен кейін Джеки Чанның менеджері маған хабарласты. Мен оны білгеннен кейін бірнеше секунд сене алмадым. Кейін ол кездесудің уақытын белгіледі. Кездесердің алдында мен қатты қобалжыдым. Ол өмірде өте қарапайым екен", - деді Димаш.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Крутой (@igorkrutoy65)

Бағдарлама барысында ресейлік композитор, продюсер Игорь Крутойдың 3 қарашада Мәскеуде өтетін концертінің бағдарламасы сөз болды. Димаш ән айтқан кезде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Татьяна Навка өнер көрсететіні белгілі болды.

"Вечерний Ургант" телебағдарламасында түсірілім жұмысы қалай жүргізілгенін, сахнаның артында қандай қызықты жайттар болғанын Игорь Крутой Instagram желісіндегі жеке парақшасында көрсетті.

"Вечерний Ургантта" болған қазақстандықтар

Бұл бағдарламаны танымал ресейлік шоумен Иван Ургант жүргізеді. "Вечерний Ургантта" НаZима, Скриптонит және Jan Khalib, A-Studio музыкалық тобының мүшелері, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров қонақта болған.

4979
Кілт сөздер:
видео, Назарбаев, шоу-бағдарлама, ресейлік, Димаш Құдайберген
Тақырып бойынша
Нью-Йорктегі жеке концерт: Димаш тыңдарманын қалай таңғалдырмақ?
Нью-Йоркке ұшып келген Димаш Құдайберген күтпеген жағдайға тап болды - видео
"Ал, енді Дінмұхамед айтсыншы": Димаш Филипп Киркоровпен бірге ән шырқады - видео
"Үйімде жүргендеймін": Димаш Құдайбергенді БҰҰ-ға шақырды
Димаш тыңдармандарын сүйінші хабарымен қуантты
Загрузка...