Шақалақ

Қыз ба, ұл ма? Алматыда ерекше сәби дүниеге келді

6460
(Жаңартылды 17:01 02.11.2019)
Уақыт өте келе нәрестенің жынысы өзгерген. Сәбидің қыз не ұл екенін анықтау үшін анасына сотқа жүгінуге тура келіпті

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Алматы тұрғыны баласының құжатын қыз деп өзгерткісі келеді. Перзентханадағылар нәрестені о баста ұл деп айтып, ата-анаға ер баланың куәлігін ұстатыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алайда уақыт өте келе шақалақ қызға айналып келе жатыр дейді анасы. Миллионнан бір кездесетін жағдайға тап болған Мельниковтер отбасы баланың құжаттағы аты-жөні мен жынысын ауыстыруға сотқа келді.

Тағы оқыңыз: Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды

Қателік жіберді деген күдікпен перзентхана қызметкерлері де сотқа шақыртылыпты. Сөйтсе, дәрігерлердің еш кінәсі жоқ екен. Сегіз айлық сәби өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Яғни, дүние есігін ашқанда шақалақ шынымен ұл болған, бірақ толық емес.

Мұндайды бұрын-соңды көрмеген дәрігерлер ақылдаса келе, ақыры нәрестені ұл деп жазыпты. Ата-анасы да онымен келісіп, балаға Максим деп ат қойған.

Тағы оқыңыз: Дубайда екі жасар қазақстандық сәби комаға түсті

Алайда сырқатына байланысты гормон дәрілер ішіп жүрген сәби уақыт өте келе қызға айналып, туыстары Анна деп атай бастапты. Генетикалық ауытқуы бар Анна толық қыз да емес. Сонда да ата-анасы сырқат нәрестесін ең болмаса құжатта «қыз» деп көрсеткісі келеді.  

"Қыз тапқаныма сенімдімін. Дауысы, жылағаны, күлгені – қыздың қылығы. Құжаттан әбден қажыдық. Жедел жәрдем шақыртсақ, «куәлікте ұл деп тұр, ұл қайда?» деп сұрайды. Осы түсінбеушілік кесірінен тегін медициналық көмек ала алмай келдік. Енді құжатымызды тезірек реттеп берсе деп сұраймыз", - дейді баланың анасы Кристина Бобенко.

6460
Кілт сөздер:
қыз, ұл, сәби, Алматы
Тақырып бойынша
Дәрігерлер 277 нәрестенің өлімін жасырған – министр Біртанов
Атырау облысында сәбилердің неден шетінегені белгілі болды
Қыз баланың тұсауы кесілмейді деген рас па – этнографтың жауабы
Зағип баланың видеосы жұрттың жүрегін елжіретті
Алматы қонақүйінде 1,5 жасар сәбиді өлтірген Ұлыбритания азаматы болып шықты
Әбден әлсіреген балалар Қордай ауруханасына түсті: дәрігерлер мән-жайды айтты
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

481
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

481
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1334
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1334
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

0
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

0
Кілт сөздер:
видео