БАҚ өкілдері, архивтегі сурет

Ресей мен Қазақстан медиа байланысты нығайтуға кірісті

29
Қазақстан мен Ресей біріккен медиа жобаларды жүзеге асырып, түрлі салада жинаған тәжірибелерімен бөлісіп келеді

ОМБЫ, 6 қараша– Sputnik. Қазақстан мен Ресей жастарының медиа салада түрлі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі мол. Бұл туралы Sputnik Қазақстан шеф-редакторы Динара Досмұхаметова айтты.

Мұндай жобаның бірі – Sputnik Pro бағдарламасы. Ол тілшілер, медиа менеджерлер, SMM-мамандар мен фототілшілердің және баспасөз қызметкерлерінің кәсіби қабілетін шыңдауға арналған.

Шеф-редактор Sputnik Казахстан Динара Досмухаметова на Форуме молодежи России и Казахстана
© Sputnik /
Sputnik Қазақстан шеф-редакторы Динара Досмұхаметова екі ел жастарының медиа салада түрлі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі мол екенін айтты

"Sputnik агенттігі екінші жыл қатарынан журналистерге қызықты семинарлар ұйымдастырып келеді. Семинар аясында олар алыс және жақын шетелге шыға алады. Алдағы жылы Қазақстанда осындай бірнеше білім беру модульдері ұйымдастырылады. Sputnik Pro – бұл қызықсыз тренингтер емес. Оның аясында журналистер ресейдің медиа нарығындағы үздік кәсіби мамандармен тікелей сөйлесіп, біліктілігін шыңдайды. Олар Қазақстаннан келген әріптестерімен тәжірибесін бөлісуге дайын", - дейді Sputnik Қазақстан шеф-редакторы Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің жастар форумында.

Сондай-ақ Динара Досмұхаметова агенттік журналистері түрлі шаралардан ақпарат таратып, репортаждағы қызықты кейіпкерлерді іздейтінін атап өтті. Осы орайда ол тілшілер ақпарат пен мақаланы жазған уақытта, әрі видео сюжет дайындаған кезде материалды қызықты ету үшін бар күшін салатынын жеткізді.

"Бүгін өткен панельді дискуссияда БАҚ-та оқиғалардың қалай баяндалатыны жайлы сөз болды. Sputnik-ті Қазақстанда сапалы контент ретінде бағалап, қызықты ақпарат таратын сайт ретінде біледі. Практикамыздағы мысалдарды келтірдім. Осылайша, дискуссияға қатысушылар біздің әртүрлі жанр мен форматты: мультимедиялық лонгрид, фото, видеоны пайдаланатынымызды білді", - дейді ол.

Сонымен қатар шеф-редактор Sputnik Қазақстанның "Театрлар және жастар" атты ірі жобасын таныстырды. Ол Қазақстандағы жастар мен Ресейдегі театр жылына орай ұйымдастырылған. Арнайы жобада республикадағы барлық театр туралы мәлімет бар.

"Жоба елімізде қанша театр бар екенін біліп қана қоймай, олардың тарихымен таныстырады.
Сондай-ақ осы саладағы өзекті мәселелерді де көтердік. Мысалы, облыстағы театрлардың бірінде жас мамандар жоқ екенін білдік", - дейді Динара Досмұхаметова.

Тағы оқыңыз: Қазақстан-Ресей шекарасында балаға берілетін сенімхатты алып тастау ұсынылды

Айта кетейік, Омбы қаласында XVI Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында жастар форумы өтіп жатыр.

29
Кілт сөздер:
медиация, Ресей, Қазақстан
Тақырып бойынша
Министр Абаев: Қазақстанда сөз бостандығы мүшкіл халде емес
Сенатор Жұмағұлов әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратпауға шақырды
Лауазым иелерінің қызметін сынауға кез келген азаматтың құқығы бар - депутат
Қазақстан-Ресей шекарасында балаға берілетін сенімхатты алып тастау ұсынылды
Қазақстан-Ресей форумында шикізаттық емес экспортты дамыту мәселесі көтеріледі  
Загрузка...