Орталық сайлау комиссиясының ғимараты

Сенат депутаттары Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесін тағайындады

75
(Жаңартылды 11:02 07.11.2019)
Сенат спикері Дариға Назарбаева бұл қызметке Анастасия Щегорцованың кандидатурасын ұсынды. Оның білікті маман екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Анастасия Щегорцова Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Конституцияға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметіне кандидатураны сенат төрағасы ұсынады. Сенат спикері Дариға Назарбаева бұл қызметке Анастасия Щегорцованың кандидатурасын ұсынды.

"Анастасия Геннадьевна жоғары білімді маман. Елорда әкімдігінде, мәдениет және ақпарат министрлігінде басшылық қызметтерді атқарды. Соңғы жылдары Орталық сайлау комиссиясында қоғамдық бірлестіктермен және БАҚ-пен өзара байланыс жасау бөлімін басқарды", - деді Назарбаева.

Спикердің кандидатурасын сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті алдын ала талқылап, тиісті қорытынды әзірлеген.

Сенат депутаттары Анастасия Щегорцованың кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болған Зәуреш Баймолдина қызметінен босатылған еді.
Анастасия Щегорцова 1980 жылы туған.

2003 жылы елордадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "саясаттанушы" мамандығы бойынша тәмамдады.

Тағы оқыңыз: "Ұятқа қаламыз": министрдің сөзіне күмән келтірген депутат ашынып кетті

Еңбек жолын "Рухани келісім конгресі" халықаралық қоғамдық қорының филиалында бастады.
Әр жылдары астананың ішкі саясат департаментінде, мәдениет және ақпарат министрлігі департаментінде, комитетте жоғары лауазымды қызметтер атқарды.

"ҚазМедиаОрталығы" АҚ бас директорының орынбасары, Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы, "Қазконтент" АҚ басшысының орынбасары болды.

75
Кілт сөздер:
сайлау, сенат депутаттары
Тақырып бойынша
Депутат шетелден әкелінген көліктерге қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты
"Маған хат жазды": депутат қазақстандық ата-аналарды жауапқа тартуды ұсынып отыр
"Күнделікте" діни насихат жүргізіледі: депутат үкіметке сауал жолдады 
"Кедергіге ұшырайды": депутат тілге қатысты маңызды мәселені көтерді
"Әркімге жалынып жүрміз": депутат мектеп мұғалімдерінің мұңын жеткізді
Загрузка...