Елордада қар жауып тұр

Синоптиктер Қазақстанда тағы да күн суытатынын ескертті

1310
"Қазгидромет" РМК алдағы үш күндегі ауа райына болжам ұсынды. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болып, тұман түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, демалыс күндері Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік-шығыс бағытта атмосфералық ауа ағымдары ығысады. Соның әсерінен көптеген облыста ауа райы жауын-шашынды болады. Қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.

"Атлантикалық жылы ауа массалары батыс бағыттан біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады. Соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массалары ығысып, республикада күн тағы да суытады", - деп ескертті синоптиктер.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 9 қарашада күн бұлтты, таңертең жаңбыр, ал кешке қар жауады. Сынап бағанасы түнде +2 ℃, күндіз +1℃ көрсетеді.
  • 10 қарашада күн ашық, таңертең аздаған қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы –  түнде -4℃, күндіз -10℃.
  • 11 қарашада күн бұлтты, түнде -17℃, күндіз -12℃ суық болады.

Алматы

  • 9 қарашада күн ашық, күндіз +11℃, түнде +3℃ жылы.
  • 10 қарашада күн ала бұлтты, күндіз сынап бағанасы +11℃, түнде +8℃ көрсетеді.
  • 11 қарашада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +5℃, күндіз +3℃.

Шымкент

  • 9 қарашада күн ашық, күндіз +13℃, түнде +4℃ жылы.
  • 10 қарашада да ауа райы жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы күндіз +10℃, түнде +3℃ көрсетеді.
  • 11 қарашада күн ашық, ауа температурасы +11℃, түнде +2℃ жылы болады.
1310
Кілт сөздер:
ауа райы, синоптиктер, Қазгидромет
Загрузка...