Сыйлық , архивтегі сурет

"Ренжитін аталар пайда болды": қазақ халқы туған күнді неге тойламаған?

6107
(Жаңартылды 19:16 10.11.2019)
Қазақ халқы туған күн мен мерейтойды ешқашан тойламаған. Мұндай шаралар қоғамның бірлігін бұзады деген пікір қалыптасқан

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Жазушылар мен этнограф ғалымдар Sputnik Қазақстан тілшісіне туған күнді тойлау мәдениетінің қайдан шыққанын және оның қоғамдық қатынастарға қалай әсер ететінін айтып берді.

Қазақ мүшел жасты ғана тойлаған

Танымал сатирик Көпен Әмірбек қазіргі тойлар ата-бабалардың салтынан ажырап барады деп санайды. Мәселен, бұрын қазақ халқы туған күн мен мерейтойды атап өтпеген.

"Біздің дәстүрімізде нәресте дүниеге келгенде шілдехана өткізеді. Сосын бесік тойы мен сүндет тойы бар, ал енді, жыл сайын туған күнді тойлайтындарды түсінбеймін. Дарақылық қой. Қазақтар өзінің мүшел жасын тойлаған. Алғашқы мүшел 13- те, ары қарай 12 жылдан қоса береді. Мүшел жастан аман-есен шықтым деп, қымбат киімін, затын садақа салтымен жұртқа береді. Сонда әр мүшелді тойлап тұрудың өзінде үлкен имандылық жатыр. Ал жыл сайын туған күнін тойлаған қазақ туралы қай кітаптан оқыдыңыз? ", - деді Әмірбек Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Жазушының айтуынша, той өткізу жағынан ата-бабаларымыздың асықтай шашылып қалған әдет-ғұрпын мен салт-санасын жаңғырту қажет. Себебі оның үлкен тәрбиелік мәні бар.

"Қазақ халқы ұжымдық санаға мән берген"

Этнограф Досымбек Қатран қазақ салтында туған күн мен мерейтойды атап өту салтының болмағанын растап отыр. Оның бәрі еуропалық мәдениеттен келген.

"Кеңес заманында бірлі-жарым болған еді. Бірақ соңғы 20 жылда кәдімгідей дәстүрге айналып кетті. Ал қазақта туған күн тойламаудың себебі мынада, Наурыз мерекесінде бәрі бір-бірін құттықтап, "Жаңа жасыңыз құтты болсын!", "Бір жастарың құтты болсын!" деп тілек айтатын. Себебі ортақ сана, ұжымдық сана болатын. Қазіргі заманда соның бәрін ысырып қойып, индивидуализмге, эгоизмге бас ұрдық. "Туған күніммен құттықтамадың!" деп ренжитін аталар пайда болыпты", - дейді ғалым.

Тағы оқыңыз: Қытайлық миллиардер қазақтар туралы не ойлайтынын айтты - видео

Оның сөзіне қарағанда, қазақ халқы ұжымдық санаға көп мән беретін. Себебі бұл – ұлтты біріктіруші фактор. Осылайша, Наурызда барлығы "жаңа жасты" тойлау арқылы бір мақсаттың аясында топтасатын. Енді, еуропалық мәдениеттің салдарынан осы бір үлкен салттан ажырап барамыз.

"Ашығын айту керек, қазір даңғаза, дақпырт, дабыра болған тойлар сәнге айналып кетті ғой. Адамдар бір-бірімен бәсекелесіп, қайдағы бір болмаған дүниелерді жаңғырттық деген сылтаумен оны тойға енгізіп жатады. Негізі, жөнсіз шашылу, бәсекелесу, ақша жұмсау түк қажеті жоқ нәрсе ғой. Бізде көп тойларды ет жақын туысқандармен өткізуге де болады. Отбасылық той бар, ағайынмен өткізетін шағын тойлар бар. Осыны, көп жағдайда, ескермей, жөнсіз ақша шашып жатамыз", - деп атап көрсетті Қатран.

Мемлекеттік реттеу керек пе?

Ал профессор Бибізия Қалшабаеваның ойынша, қазіргі тойларды мемлекеттік тұрғыда реттеу керек.

"Мысалы, Өзбекстан мен Тәжікстанда тойдың нақты уақытын белгілеп қойған. Сосын қонақ санына қарай шектеу енгізу керек деген ұсыныстар бар. Өйткені бүгінде 500-700 адам жиналатын тойлар аз емес. Әсіресе, оңтүстікте ондай жиындар көп. Бір жағынан көп адам отырған тойды басқару қиын. Ал кештің ортасында залдың жартысы кетіп қалады. Меніңше, кейбір тойларды жақын туыспен, көрші-қолаң, доспен атап өтуге де болады", - деді Қалшабаева.

Ғалымның айтуынша, тойларды бұрынғы салтпен өткізуге де болады. Мысалы, күндіз үлкендердің батасын алады, ал кешке қарай шағын құраммен бас қосады. Ондай тәртіп үлкен кісілерге де, жастарға да ыңғайлы.

"Мысалы, біз Түркияның қазақтарын зерттеуге барғанда сол жақтың тойын көрдік. Олар күндіз үлкендерді шақырады, сол жерде палау таратады, шәй береді. Ал кешке қарай мейрамханада тәтті тағамдармен отырыс өткізеді, басқа ештеңе жоқ. Сонда менің байқағаным, бай мен кедейдің айырмашылығы жоқ, дастарқаны бірдей. Ал бізде дастарқанды сынап отырады ғой. Өзара бәсеке мен ысырапшылық осыдан басталады", - дейді Қалшабаева.

6107
Кілт сөздер:
туған күнге тілек, туған күн, қазақ
Тақырып бойынша
Қыз баланың тұсауы кесілмейді деген рас па – этнографтың жауабы
"Қазақта болған жоқ": Сүндет тойды дүркіретіп өткізу дәстүрі қайдан келді?
Ұйқастырып қоюға тырысады: қазақтар егіздерге қандай ерекше есім таңдайды?
Қазақтың "қазақ" деп атанып жүргені Сәкен Сейфуллиннің арқасы - танымал ақын
"Қиыншылық көресің": Түркиядағы қазақ елге неге оралғысы келмейтінін айтты
Алексей Цой

Денсаулық министрі: Қазақстанда карантин қатаңдатылуы мүмкін

40
(Жаңартылды 10:18 30.09.2020)
Министрдің айтуынша, карантин жеңілдетілгеннен кейін өңірлерде режим талабын бұзу фактілері 40,7%-ке дейін өскен

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтардың карантиндік-санитарлық талаптарды сақтамауы қатаң карантиннің қайта енгізілуіне әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр елде эпидемиологиялық жағдай тұрақталса да, халық босаңсып кеткенін айтты.

"Бетперде кию, ара қашықтықты сақтау талаптары үнемі орындала бермейді. Бұл коронавирустың таралуына және карантин режимінің күшеюіне әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдай қазір көптеген әлем елдерінде қайталанып жатыр", – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, карантин жеңілдетілгеннен кейін өңірлерде режим талабын бұзу фактілері 30,4%-тен 40,7%-ке дейін өскен. Он өңірде карантин режимін бұзу деректері жиілеген.

Сонымен қатар, ол адамдар маска тағу талабын да орындамайтынын атап өтті. 5-27 қыркүйек аралығында бетперде тақпағаны үшін 1 131 азаматқа айыппұл салынған.

Оқи отырыңыз: Карантин қайта енгізілсе 42 500 теңге қаншаға өседі – Мырзахметов есеп-қисабын айтты

Осыған байланысты министр әкімдерден карантин және маска режимінің сақталуын бақылауды күшейтуді, сондай-ақ, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұрады.

40
Кілт сөздер:
айыппұл, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қазақстанда қандай инфекциялық аурулар тараған кезде карантин жариялануы мүмкін
Тоқаев карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін айтты
Қатаң карантин қай кезде енгізіледі – денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді  
Карантин кезінде жұмыссыздарға төленетін төлем мөлшері өсуі мүмкін
Елорданың бас санитар дәрігері қандай жағдайда қатаң карантин енгізілетінін айтты
Бетперде таққан балалар

Қыркүйектің басынан бері 104 оқушы коронавирус жұқтырды Цой

191
Денсаулық министрі әкімдер мектептердегі профилактика шараларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Жаңа оқу жылы басталғалы бері Қазақстанда 104 оқушы індетке шалдыққан. Соның ішінде 33 бала мектепте кезекші сыныптарда оқып жүрген оқушылар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқу жылы басталғалы бері 104 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды, соның 33-і кезекші сыныптарға барып жүрген балалар. Олармен байланыста болған 550 адам анықталды, олардың жетеуі індетке шалдыққан", – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, қашықтан оқитындар арасында 71 оқушыда коронавирус диагнозы расталды. Олар 240 адаммен байланыста болған, 15-і індет жұқтырды.

"Барлық оқушы мектепке барып оқығанда, байланыста болғандар саны кемінде 1 500 адамға дейін өсіп, оқушылар, мұғалімдер мен отбасы мүшелері арасында ауру таралып кетер еді", – деді министр.

Оқи отырыңыз: Кезекші топтарда коронавирус анықталса, мектеп жабылуы мүмкін 

Осыған байланысты әкімдер мектептерде санитарлық-дезинфекциялық, маска режимі және басқа да профилактика шараларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі қажет, деп толықтырды Цой.

191
Кілт сөздер:
коронавирус, балалар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Карантин аяқталғаннан кейін мектеп формасын кию қайта міндеттеле ме?
Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды
Маңғыстауда мектеп оқушысы жасанды тыныс алдыру аппаратын құрастырды
Қыздар төбелесінен кейін жұмыстан кеткен мектеп директорлары қайта шақыртылды
"Пышақпен қорқытып, видеоға түсірді": Жамбылда бала зорлығына қатысты іс дауға айналды