Далада аяз

Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты

1975
(Жаңартылды 16:59 11.11.2019)
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ болады, күн тағы да суытады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. "Қазгидромет" РМК алдағы үш күндегі ауа райына болжам жариялады.

Қазгидромет ақпаратынша, суық әрі күшті антициклоннан Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болып, күн суытты. Алайда оның әсері тек алдағы тәуліктерде ғана сақталмақ.

"Антициклон артынан Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық ауа ағымдары ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Ауа температурасы көтеріледі", - делінген хабарламада.

Бірақ, бұл да ұзаққа созылмайды деп ескертті синоптиктер. Скандинавианың солтүстігінен Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарына кезекті суық антициклон жылжиды.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 12 қарашада күн ашық, күндіз 0°C, түнде -8 °C суық.
  • 13 қарашада да ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық. Күндіз -1°C, түнде -5°C.
  • 14 қарашада күн бұлтты, аздаған қар жауады. Күндіз -1°C, түнде -8°C.

Алматы

  • 12 қарашада күн ашық, сынап бағанасы күндіз +6°C, түнде +1°C көрсетеді.
  • 13 қарашада да күн ашық, күндіз +9°C, түнде +3°C.
  • 14 қарашада күн ала бұлтты, күндіз +11°C, түнде +1°C.

Шымкент

  • 12 қарашада ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз +14°C, түнде +2°C.
  • 13 қарашада да күн ашық, түнде +2°C, күндіз +14°C жылы.
  • 14 қарашада күн бұлтты, күндіз +13°C, түнде +2°C болады.

Дабылды ескерту

Синоптиктер 12 қарашада республиканың үш өңірінде дабылды ескерту жариялады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Солтүстік Қазақстан облысында да – тұман, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Петропавл қаласында тұман, күндіз көктайғақ және қатты жел болжанып отыр.

1975
Кілт сөздер:
жауын-шашын, көктайғақ, Қазгидромет, ауа райы болжамы
Загрузка...