Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев

Тұрғымбаев министрліктегі басшылардың жартысынан астамы ауысқанын мәлімдеді

311
(Жаңартылды 17:34 11.11.2019)
Бұдан бөлек ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарының басшылары да 40 процентке өзгерді, деп хабарлады министр

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кезектен тыс аттестацияның нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, аттестациядан комитет төрағалары, департамент басшылары, оқу орындарының жетекшілері мен олардың орынбасарлары өтті. Ал комиссияға президент әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Қошановтың өзі төрағалық етті.

"Жалпы, бірінші басшылардың 60 проценті ауысты. Барлығы – 21 басшы, орталық аппарат – 12, облыстағы басшылар – 9. Олар Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысындағы жетекшілер және көліктегі департамент басшылары. Сонымен қатар, орталық аппаратта 15 басшының орынбасары, ал өңірлерде 25 бастық орынбасарлары ауысты", - деді Тұрғымбаев бүгін арнайы баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарының басшылары 40 процентке өзгерді. Олардың төртеуі – бірінші басшылар, алтауы – орынбасарлар.

"Сондай-ақ, 19 басшы жоғары қызметке ұсынылып, президенттік кадрлық резервке енгізілді", - деп атап көрсетті Тұрғымбаев.

Тағы оқыңыз: Министр желіні шулатқан жергілікті полиция бастығын жұмысынан босатты

311
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, Ерлан Тұрғымбаев
Тақырып бойынша
Астанаға іссапармен келген басшының неден көз жұмғаны белгілі болды
Министр демалыстағы заңсыз митингілер кезінде қанша адам ұсталғанын айтты
Үкімет үйінің алдында арнайы жасақ неге көбейді – министрдің жауабы
"Жалған ақпарат": Тұрғымбаев Жаңаөзендегі митингіге қатысты түсініктеме берді
Хамитованың туыстары министр Тұрғымбаевтың сөзін жоққа шығарды
Адам ағзаларын алған: Тұрғымбаев белгілі дәрігердің ісі туралы айтты
Загрузка...