Танымал қазақстандық режиссердің кенже ұлы өмірден қайтыс болды

Танымал қазақстандық режиссердің кенже ұлы қайтыс болды

3090
"Қазақфильм" киностудиясы режиссердің қайғысына ортақтасып, әлеуметтік желі арқылы көңіл білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы Ақназар оқыс оқиға салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қайғылы оқиға кеше болды. Өкінішке қарай, бізде басқа мәлімет жоқ", - деді компанияның баспасөз қызметінің маманы.

Сонымен қатар "Қазақфильм" киностудиясы режиссердің қайғысына ортақтасып, әлеуметтік желі арқылы көңіл білдірді.

"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдірашевке және оның отбасына ұлы Ақназардың оқыс жағдайда қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Періштенің жаны пейіште шалқысын", - делінген киностудияның Facebook желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, Рүстем Әбдірашев осы уақытқа дейін  "Елбасы жолы. Менің балалық шағымның аспаны", "Елбасы жолы. Теміртау", "Елбасы жолы. От-өзен", "Елбасы жолы. Тығырықтан жол тапқан", "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" және "Қазақ хандығы", 1-маусым, 10 серия (Көпсериалы тарихи сериал)" фильмдерінің режиссері болған.

3090
Кілт сөздер:
өмір, қазақстандық режиссер
Тақырып бойынша
Әлем чемпионы қайтыс болды – қайғылы оқиғаның мән-жайы
Әлемдегі ең қарт адам атанған 123 жастағы қазақ әжей қайтыс болды
Тимур Бекмамбетов өзінен 29 жас кіші қызға үйленді
Павлодар облысында мұғалім жарыс кезінде қайтыс болды
Белгілі Құран аудармашысы қайтыс болды
Загрузка...