Ер адам

Синоптиктер Қазақстанда 33°С аяз болатынын ескертті

8479
(Жаңартылды 15:12 18.11.2019)
Синоптиктердің болжамынша, алдағы уақытта республиканың басым аумағында күн айтарлықтай суытады, қар жауып, бұрқасындатады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Қазгидромет 19-21 қараша күндеріндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, Карск теңізінің арктикалық ауа массаларында қалыптасқан антициклон оңтүстік-батысқа қарай ығысады. Сөйтіп 21 қарашада Ресейдің еуропалық аумағындағы орталық аудандарға жетеді.

"Қазақстанға арктикалық теңізден Батыс Сібір арқылы суық ауа массасы келіп, соның әсерінен елдің басым бөлігінде күн айтарлықтай суытады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда ауа температурасы -28…-33°С дейін төмендейді. Сондай-ақ, кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, қатты жел соғады", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардың кейбір аймағында қар, көктайғақ және тұман болады деп болжанып отыр. Бұл өңірлерде де күн суытады, түнде -7…-15°С, қиыр оңтүстікте -3…-8°С-қа дейін.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 19 қарашада күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -4°С, күндіз -14°С.
  • 20 қарашада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -26°С, күндіз -23°С.
  • 21қарашада күн ашық, түнде -28°С, күндіз -21°С аяз.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

Алматы

  • 19 қарашада күн ашық, түнде +4°С, күндіз +11°С жылы.
  • 20 қарашада күн бұлтты, түнде +6°С, күндіз +7°С.
  • 21 қарашада күн бұлтты, қар жауады. Түнде +1°С, күндіз -3°С суық.

Шымкент

  • 19 қарашада күн ашық, түнде +2°С, +12°С.
  • 20 қарашада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +4°С, күндіз +7°С.
  • 21 қарашада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +2°С, күндіз +3°С.
8479
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, синоптиктер, Қазгидромет, ауа райы
Загрузка...