Қоғам

Нұр-Сұлтанда бастауыш сыныптарға сабақ болмайды

© Sputnik / Владислав ВодневНепогода в Астане
Непогода в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласында бұрқасын салдарынан бірінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Сабақтың болмайтыны туралы ақпаратты елордалық білім басқармасы таратты.

"19 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел мен жолдың нашар көрінуі) қала мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды", - делінген мәліметте.

Ал екінші ауысымда оқитындар үшін сабақ болатыны не болмайтыны жөнінде кейінірек белгілі болады.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер Қазақстанда 33°С аяз болатынын ескертті

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті дабылды ескерту жариялаған болатын. Қазгидромет мәліметіне сай, 19 қарашада қар жауып, бұрқасындатады, жел 15-18 м/с дейін күшейеді.

Сабақтың болмайтыны жайлы қайдан білеміз

Ескертуді білім саласындағы мемлекеттік органдар жасайды. Бірінші ауысым сағат 6:15-тен, ал екінші және үшінші ауысым сағат 12:15-тен бастап хабарландырылады.

Жаңалықтар
0