Астананың сол жағалауындағы автокөліктер

"10 жылға қамалады": Қазақстанда жүргізушілердің жазасы күшейтіледі

4114
Мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамау мерзімі 30 тәулікке дейін ұзартылып, көлік айдау құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаяды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Бас прокуратура көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жазаның қалай күшейтілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінде көлік жүргізушісі мас болсын, сау болсын, адамды қағып өлтіргені үшін жаза бірдей, ары кетсе, бес-ақ жыл.

"Енді, мас күйінде осындай қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаймақ", - деді Ахметжанов мәжілістің пленарлы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, осы санаттағы қылмыстар бойынша тараптардың қайта татуласуына тыйым салынады.

Айта кетейік, өзгерістердің бәрі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көрсетілген.

Тағы оқыңыз: Айыппұлдан түрмеге дейін: қазақстандық жүргізушілер нені білуі тиіс?

Бүгін мәжіліс депутаттары осы құжатты бірінші оқылымда қарады.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті ішімдік ішіп алып жүргізетіндерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.

4114
Кілт сөздер:
жаза, жүргізуші
Тақырып бойынша
Заң күшіне енді: такси жүргізушілер неге чек беріп жатқан жоқ
Жүргізушілер неге өзге елдің нөмірін Қазақстанда тіркегісі келмейтінін айтты
Тоқаевтың тапсырмасы: заң бұзған жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін
Загрузка...