Құжаттар, архивтегі сурет

Танымал тергеуші Кексельге қатысты іс тоқтатылды

532
(Жаңартылды 13:07 21.11.2019)
Жемқорлықпен күрес қызметінің басшысы Қожамжаров танымал тергеуші Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша — Sputnik. Танымал тергеуші Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлады сенатор Қайрат Қожамжаров.

Танымал тергеушінің үстінен азаптау туралы бас прокуратурадан арыз түскен болатын. 

"Арыз шамамен екі ай бұрын түсті. Сенбі күні қылмыс құрамы жоқ болуына байланысты іс тоқтатылғаны хабарланды. Мен мұны Кексельдің өзінен білдім. Тергеуші хабарласып, қылмыс құрамы болмағандықтан, іс тоқтатылғанын айтқан. Сіздер білесіздер, бұл Шкарупаның ісімен байланысты", - деді Қожамжаров. 

Қожамжаров Кексельдің ісіне қатысты куәгер ретінде жауапқа шақырылмағанын атап өтті.

"Олеся Кексель жедел тергеу тобының жетекшісі болды. Бұл топтың құрамына басқа тергеушілер, жедел уәкілдер кірген еді. Көптеген резонанстық істер, бұрынғы премьер-министр, министрлер мен әкімдерге қатысты істер тергелді", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюродан бас прокуратураға ауысқаннан кейін, Олеся Кексельді Қожамжаров жұмысқа өзі шақырған. 

"Мен шақырдым. Өйткені Олеся Ивановна өте білікті кәсіби маман, өз ісіне адал. 2017 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, прокуратура органдарына қылмыстық қудалау функциясы да берілді. Яғни, тек қадағалау ғана емес, маңызды қылмыстық істерді тергеу үшін жедел тергеу тобын құру құзыреті бар. Бұл, біріншіден, басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді немесе ерекше резонанс тудырған істерді тергеуге қатысты. Сондықтан, мен оны шақырдым, ол да келісті. Осы үшін оған ризамын", - деді Қожамжаров.

2017 жылы Қожамжаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағасы қызметінен босатылып, бас прокурор болып тағайындалды. Артынша Олеся Кексель де бас прокуратураға ауысты. Ал осы жылдың наурызында Қожамжаров сенат депутаты болды. Сенатор Кексельдің жетекшілігімен аз ғана уақыт ішінде бірқатар маңызды қылмыстық істер тергелгенін атап өтті. Сондай-ақ, ол бас прокурор қызметін атқарған кезде, Кексельдің үстінен азаптауға қатысты ешқандай арыз түспегенін де айта кетті.

"Бір күнде адамнан сегіз сағаттан артық жауап алуға болмайды. Жауап алудың бірінші бөлігі төрт сағатқа созылады. Кейін екі сағат үзіліс. Одан соң қалған тағы төрт сағат бойы жалғасады. Яғни, мен оның қылмыстық-процессуалдық кодекс нормаларын сақтағанын анық білемін. Толығымен сенімдімін. Осындай тергеушілер көп болсын", - деді Қожамжаров.

Олеся Кексель бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты атышулы істерді тергеумен айналысқан. Атап айтсақ, бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың, экс-денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің және бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тергеу департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

532
Тақырып бойынша
Танымал тергеуші тексеріске алынды: министр түсініктеме берді
Ішкі істер министрлігі қазақстандық танымал тергеушіге қатысты тексерісті бастады
ІІМ Қуандық Бишімбаевтың қалай босап шыққанын айтты
Загрузка...