Ер адам қызды қылқындырып жатыр, иллюстрация

Күйеуі ұрып-соғатын әйелдер өзін қалай қорғай алады - мамандар кеңес берді

1438
(Жаңартылды 17:37 21.11.2019)
Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті болып тұр. Күйеуінен теперіш көріп отырған әйелдерге не істеп, қайда бару қажеттігін Sputnik материалынан оқи аласыз

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik, Дәурен Ерболат. Мамандар отбасындағы зорлық-зомбылықтың неден туындайтынын, оның несімен қауіпті екенін, берекесіз отбасында өскен бала есейгенде ата-анасының әрекетін қайталауы мүмкін екенін Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында айтты.

Психолог Серікгүл Сәлі бұл қоғамдағы өзекті мәселе екенін, әрі кейбір әйелдер күйеуінің ерсі әрекетіне шыдап жүргенін жеткізді.

"Қазақ әйелдеріне оны түсіндіре алмай жүрміз. Отбасында зорлық-зомбылық болды ма? Онда ол жерде шыдап отырудың еш қажеті жоқ. Әйелін ұратын еркекті тастап кету керек. Бірақ бұл сөзді әйелге туысқандары мен жанында жүрген адамдар да айтады. Өкінішке қарай, олар бұл кеңеске құлақ аспайды", - дейді ол.

Оның пікірінше, мұндай әйелдер бала кезінде ата-анасынан зорлық-зомбылық көріп, психологиялық соққы алған болуы мүмкін.

Мамандар кейбір әйелдер ұрып-соғатын күйеуіне кешіріммен қарап, мәселенің түп-төркініне бармай, ары қарай өмір сүре беретінін айтады. Бұл шығыс қыз-келіншектеріне тән менталитет екен. Олар ешқашан өз ерін жаманатты қылғысы келмейді. Ал Серікгүл Сәлі "балаларым өсіп алсын, мүмкін күйеуім өзгеретін шығар деп уақыт өткізудің қажеті жоқ" деген пікірді ұстанады.

"Әйел өзін алдап жүр"

Осы орайда ол жаны мен дені сау әйел мұндай жағдайда қалай әрекет ететінін түсіндірді.

"Бұл сылтау. Адам өзін алдап жүр. Әкесі баласының көзінше оның өмірдегі ең сүйікті, ең жақын анасын ұрып жатқанда бала үшін жақсы өмір болмайды. Ол жастайынан психологиялық соққы алып өседі. Баласын ойлайтын әйел "оған мұндайды көрсетпеймін" деп мұндай адаммен байланысын үзеді", - деді психолог.

Айтуынша, ер адам бірінші рет қол көтергенде, әйелдердің көбі оны кешіреді. Алайда маман мәселені ушықтырмауға кеңес береді.

"Олар қайталап ұрмауы мүмкін деп үміттенеді.  Бірақ екінші рет қол көтерді ме? Онда бұл жерде бір нәрсе дұрыс емес. Бірден отбасы психологының көмегіне жүгіну қажет. Бұл мәселені күрделендірмей, басынан шешіп алу керек", - дейді Серікгүл Сәлі.

Тағы оқыңыз: Көп әйел күйеуінің төсекте дөрекілік көрсететінін айтады - қазақстандық психолог

Ал Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Айгүл Молдыбаева  "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" дейді. Оның пікірінше, бала жастайынан әкесі анасын ұрып жатқанын көрсе, есейе келе ол да осындай әрекетке баруы мүмкін.

"Әйелдер балаларым кішкентай, шыдай тұрайын" дейді. Ол дұрыс емес. Сізге қарсы зорлық-зомбылық жасалса, оған шыдаудың еш қажеті жоқ. Әрине, заң аясында күресу керек. Мысалы, бір күні маған жас отбасы келді. Күйеуі әйеліне "мен сенің бетіңнен тек шапалақпен ұрдым. Мені әкем анаммен бірге аязда далаға қуып шығып, ұратын" дейді. Түсінесіз бе? Бұл өте қорқынышты жағдай. Бала есейіп, отбасы құрған кезде мұндай әрекетті істеуге болмайтынын түсінбей отыр", - дейді судья.

Заң аясында күресу керек

Ол зорлық-зомбылыққа шыдайтын әйел баласының алдында беделін жоғалтатынын айтады. Сондықтан судья мұндайға жол бермеуге кеңес береді. Себебі, бұл – қоғам үшін қауіпті құбылыс.

"Бүгін сот процесі өтті. Ерлі-зайыпты бірге 17 жыл өмір сүрген, 3 баласы бар. Қазір ажырасып жатыр. Әйелі зорлық-зомбылыққа 15 жыл шыдапты. Ол күйеуінің көңіл-күйі болмаса, өзін және балаларын ұратынын айтады. Балалар жылап, 21 жастағы үлкен ұлы "мама ажырасшы" деп айтады екен. Мұндай мәселені бірден шешіп алу керек. Егер бала кішкентай кезінде үйде зорлық-зомбылықты көрсе, бұл оның психикасына әсер етеді", - дейді Айгүл Молдыбаева.

Судья күйеуі ұрып-соққан, психологиялық қысым көрген әйелдер заңмен құқығын қорғай алатынын атап өтті.

"Ондай әйелдерге әкімдіктердің жанындағы орталықтарға бару керек. Онда психологтар жұмыс істейді. Ең маңыздысы, әйелдер өзіне қарсы жасалған жаман әрекетке шыдамауы тиіс. Неге басқа әйелді күйеуі ұрмайды? Себебі, олар мұндайға шыдамайды. Егер күйеуі әйеліне қоқан-лоққы көрсетсе, ұрып-соқса, біз ондай жұптарды бірден ажырастырамыз. Егер ол бұрынғы әйелінің артынан қалмай, оны аңдып, қысым көрсетсе, бұл әрекеттерде қылмыстық істің құрамы бар болып саналады", - дейді ол.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар қандай әйелдердің ең бақытты екенін айтты

Мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Айгүл Молдыбаева жастарға саналы түрде отбасы құруға кеңес береді. Айтуынша, отбасы құру, ерлі-зайыпты болу үлкен жауапкершілік пен үлкен еңбекті талап етеді. Ал бала өмірге келгенде, жауапкершілік екі еселенеді. Ата-аналар балаларға жақсы тәрбие мен білім беру керек. Отбасы мықты болса, қоғамда да келеңсіз жайттар азаяды.

Қайда хабарласу керек?

Егер отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, алдымен полицияға хабарласқаныңыз жөн. Әр облыста ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелері бар. Телефон нөмірін мына жерден таба аласыз.

Сондай-ақ әкімдіктерге де хабарласа аласыз. Бұл жерде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Тұрғылықты тіркеудің қажеті жоқ.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған кризистік орталыққа баруға болады. Сенім телефоны (анонимді, тәулік бойы жұмыс істейді) – 150 немесе 8 (777) 225-53-26.

1438
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, әйелдер
Тақырып бойынша
"Еркектерден әйелдер көп...": Назарбаева тың ұсыныс жасады  
Жер бетінде бірде-бір ер азамат қалмаса да, әйелдер бала туа алады – ғалымдар
Әйелдер күйеуінен өшті төсек қатынасынан бас тарту арқылы алады - психоаналитик
Сириядан оралған әйелдер небір сұмдықты бастан кешіргенін айтты
Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер туралы әзілдеді
"АСП деген пәле болды": 21 мың теңге алған әйелдер не істерін білмей жылап отыр 
Дәрі-дәрмектер мен емдік шаралар

Коронавирус пен тұмау: денсаулық министрлігі күзде не болатынын болжады

2849
(Жаңартылды 18:06 10.08.2020)
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, бүгінде ең пессимистік болжамдар негізге алынады. Соның арқасында денсаулық жүйесін барынша дайындап қоюға мүмкіндік бар

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жыл сайын вирустық инфекциялар мен тұмауға 1 миллионға жуық адам шалдығады. Күзде оған коронавирус та қосылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл күзде коронавирус күшейеді деген болжам бар. Сол кезде жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың маусымы басталады. Соның аясында коронавирустың жаңа толқыны болады деген болжам бар", - деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, соңғы 5-7 жылдың ішінде Қазақстанда қазан мен наурыз аралығында ЖРВИ мен тұмауға шалдыққандардың жалпы саны 600 мыңнан бастап 1 миллион адамға дейін барған.

"Демек, осы жолы да ЖРВИ мен тұмауға шалдығатындар аз болмайды. Оған коронавирустық инфекция да қосылуы мүмкін", - деп атап көрсетті Қожахмет.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ең пессимистік болжамдар негізге алынады. Соның арқасында денсаулық жүйесін барынша дайындап қоюға мүмкіндік бар.

Дәрі-дәрмек қорына қатысты мәселе қалай шешілуде

Министрліктің ресми өкілі дәрі-дәрмектің қорына да тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, "СК-Фармация" ЖШС жалпы құны 8,7 миллиард теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті аймақтарға жіберді. Бұл препараттар орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді. Бес күннен кейін, яғни 15 тамыздан бастап тағы екі айға жететін қор әзірленеді.

Оқи отырыңыз: Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты

Ал  амбулаторлық деңгейде, яғни, үйде ем алатын науқастарға арналған тегін дәрінің бес түрін сатып алу жұмыстары аяқталуға жақын. Ол препараттар 1 миллион пациентке жетеді. Тегін дәрілердің ішінде "Парацетамол", "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран" деген препараттар бар. Бұның барлығы емхана арқылы таратылады.

2849
Кілт сөздер:
тұмау, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Билік коронавирустан қайтыс болғандардың нақты санын жасырып отыр ма?
Коронавирус пен пневмония: мыңдаған адамның өлімі статистикаға неге енгізілмеді
Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина балаларға қашан салынатыны айтылды
Министрлік парацетамол орнына қолдануға болатын дәрілер тізімін жариялады
Цой: солтүстік жарты шарда тұмау ауруы белең алып барады
Дәріхана, архивтегі сурет

Министрлік тегін дәрі алу үшін не істеу керек екенін айтты

74
(Жаңартылды 17:43 10.08.2020)
Коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққан пациенттерге дәрі-дәрмектің бір айлық қоры сатып алынды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы тегін дәрілерді тарату мерзімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметтің айтуынша, амбулаторлық деңгейде, яғни, үйде ем алатын науқастарға арналған тегін дәрінің бес түрін сатып алу жұмысы аяқталуға жақын. Ол препараттар 1 миллион пациентке жетеді. 

"Мұндай шаралар алғаш рет қабылданып отыр. Вирус жұқтырдым деп күдіктенсеңіз, тіркелген емханаңызға қаралуға болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса, бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей-ақ қойыңыз. Барлық емханада қажетті дәрі-дәрмек бар және тегін беріледі", - деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, аурудың алдын алуға арналған "Парацетамол", "Ибупрофен", сондай-ақ, тағы үш коагулянт аптаның соңына дейін барлық емханаға жеткізіледі. Кейін ол дәрілер науқастарға тегін таратылады. 

Айта кетейік, 15 шілдеде денсаулық сақтау министрлігі жанындағы бірлескен комиссия клиникалық хаттаманың 10-шы редакциясына тағы түзету енгізді. Дәрігерлер "Гидроксихлорохин" және "Лопинавир"  сияқты препараттарды алып тастауға шешім қабылдапты. Себебі шетелдік ғалымдар бұл дәрілерді коронавирусқа қарсы қолданған тиімсіз деген қорытындыға келген. 

Соңғы хаттамаға коронавирустан амбулаториялық деңгейде, яғни үйде емделу үшін дене қызуын басатын дәрілер мен инъекциялық емес антикоагулянттар да қосылды. Олардың ішінде "Парацетамол", "Ибупрофен", "Ривароксабан", "Апиксабан" мен "Дабигатран" деген препараттар бар. Үйде емделетін науқастар үшін осы дәрі-дәрмектің бәрі тегін таратылады. Ал барлық шығын медицининалық сақтандыру қорының есебінен өтеледі.

Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметтің айтуынша, ауруханада емделетін науқастар үшін де ем-дом бар. Коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққан пациенттерге дәрі-дәрмектің бір айлық қоры сатып алынды. 

"Қазіргі кезде осы жұмысқа жауапты бірыңғай дистрибьютор ("СК-Фармация" ЖШС - Sputnik) жалпы құны 8,7 миллиард теңге болатын 91 түрлі дәрі-дәрмекті аймақтарға жіберді. Бұл препараттар орташа есеппен 40 мың науқасқа жетеді. Бес күннен кейін, яғни 15 тамыздан бастап тағы екі айға жететін қор әзірленуде. Атап айтқанда, стационарда 200 мың науқасты емдеуге жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі жеткізіледі", - деп атап көрсетті Қожахмет.

74
Кілт сөздер:
денсаулық, дәрі
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-19: денсаулық министрлігі жағымды жаңалықты бөлісті
Қауіпті синдром – балаларда анықталып жатқан дерт туралы ақпарат жарияланды
Қытайда соңы өлімге әкелетін жаңа вирус тарала бастады
Алматыда тағы бір модульді аурухана салынып жатыр
42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді
Жарылыс, от

Ресейде жанармай бекетінде болған жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды

0
(Жаңартылды 20:55 10.08.2020)
Екінші деңгейлі өрт болғаны анықталды. Қала әкімшілігінің ақпараты бойынша 13 адам зардап шеккен, төртеуі - өрт сөндіруші

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Ресейдің Волгоград қаласында жанармай бекетіндегі өртті сөндіріп жатқанда газ жарылды.

Волгоград қаласы төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне сәйкес, жанармай бекетінде ішінде газ бар цистерна жарылған, деп хабарлайды РИА Новости.

Екінші деңгейлі өрт болғаны анықталды. Қала әкімшілігінің ақпараты бойынша 13 адам зардап шеккен, төртеуі - өрт сөндіруші. 

От жергілікті уақыт бойынша 14:20-да (Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 16:20) ауыздықталды.

"Өрт туралы хабар түскен соң оқиға орнына өрт сөндіру-құтқару бөлімдерінің қызметкерлері жетті. Өртті сөндіре бастағанда газ жарылды", - деді ведомство. 

Көрші елдің прокуратурас оқиғаға қатысты тексеріс бастады. 

0
Кілт сөздер:
жарылыс, видео, жанармай
Тақырып бойынша
"Жарылыс деп ойладық": Нұр-Сұлтан тұрғындары ұйқыдан шошып оянды – видео
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео
Есікте жанармай құю бекетінде жарылыс болды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды