Қоғам

Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының экс-басшысы сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім саласында жұмыс істеген бұрынғы шенеунік 5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша — Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығының экс-басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

© Sputnik / Владислав ВодневСот Рамазан Әлімқұловты 5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды
Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының экс-басшысы сотталды - Sputnik Қазақстан
Сот Рамазан Әлімқұловты 5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды

Сот Рамазан Әлімқұловты 5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Ол қонақүй қызметі бойынша келісім шартты бұзбаған, атқарылған жұмыстардың актісіне қол қойып, "қамқорлық" жасап отырған.

"2019 жылдың 22 қазанында Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рамазан Әлімқұловты пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 3,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Сонымен қатар бұрынғы шенеунік мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Жаңалықтар
0