Біржан Нұрымбетов

Министр атаулы әлеуметтік көмек алғандарға қатысты мәлімдеме жасады

2816
(Жаңартылды 12:29 26.11.2019)
Министр атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген адам өз табысын жасырса, мемлекеттік жәрдемақы заңсыз тағайындалған болып саналатынын айтты. Ақша мемлекетке қайтарылуы шарт

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғандарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанда оған өтініш берген адам өз табысын жасырса, мемлекеттік жәрдемақы заңсыз тағайындалған болып саналады. Ондай жағдайда ақша мемлекетке қайтарылуы шарт. Бірақ заң бойынша адам өз табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алса, ол қаражатты өз еркімен қайтаруы керек. Өз еркімен қайтарудан бас тартса ғана сот арқылы өндіріледі.

"Он бес облысқа барып келдім. Ешкім ақшаны қайтарудан бас тартып жатқан жоқ, яғни, ақшаны сот арқылы төлетуге ешқандай негіз жоқ. Кесте жасап, 3-4 мың теңгеден бір-екі жыл қайтарсын. Себебі атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген адамның оны қайтаратын табысы да көп емес. Білместікпен бірдеңе жасырған шығар, кей кезде қазақтың пендешілікке салынып, ақыры беріп жатқасын, ала салайық, мынаны көрсетпейік дейтіні де бар. Бірақ ол адамның табысы көп емес. Сондықтан оны қазір қинап, қайтаруды талап етпейміз", - деді Нұрымбетов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Министр атаулы әлеуметтік көмек қай кезде тоқтатылатынын айтты

Бұдан бөлек, табыстың артуына байланысты атаулы әлеуметтік көмектен айырылып жатқан азаматтар да бар. Министр осы мәселеге қатысты аймақтарға нақты түсініктеме бердім деп отыр.

"Иә, егер 6 айға атаулы әлеуметтік көмекті алатын азамат төртінші-бесінші айында жұмысқа орналасып, табысы көбейіп жатса және ол табыс атаулы әлеуметтік көмекті алу құқығын жоятын болса, оның төлемдері тек сол табыс пайда болған күннен ғана тоқтатылады. Оны жәрдемақы тағайындалған күннен бастап қайтаруды талап еткен дұрыс емес, заңсыз", - деп атап көрсетті Нұрымбетов.

2816
Кілт сөздер:
мәлімдеме, министр, атаулы әлеуметтік көмек
Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (59)
Тақырып бойынша
Министр атаулы әлеуметтік көмек қай кезде тоқтатылатынын айтты
Тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өздері есептей алады
Сапарбаев: кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз
Сайлаудан кейін атаулы әлеуметтік көмек тоқтатыла ма – министр жауап берді
Ипотеканы атаулы әлеуметтік көмекпен өтеуге бола ма?
Ақорда

Тоқаев Үндістан халқына көңіл айтты

580
(Жаңартылды 14:09 08.08.2020)
Air India Express әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Керала қаласындағы Кожикоде әуежайына қонып жатқан кезде апатқа ұшырады

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге ұшақ апатына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Керала штатындағы ұшақ апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Үндістан үкіметіне, халқына және жеке премьер-министр Нарендра Модиге қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында. 

Оқи отырыңыз: Bek Air-ді тексерген мамандар "құпия" мәліметтерді жариялады 

Air India Express әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы жұма күні Керала қаласындағы Кожикоде әуежайына қонып жатқан кезде апатқа ұшырады. Соңғы мәліметке сәйкес, 17 адам, оның ішінде екі ұшқыш қаза болды. Экипаждың төрт мүшесі аман қалды, деп хабарлады әуе компаниясы.

Дубайдан келе жатқан ұшақ бортында барлығы 190 адам, оның ішінде 10 бала, екі ұшқыш пен төрт экипаж мүшесі болған.

580
Кілт сөздер:
көңіл айту, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
Bek Air жолаушыларға билет ақшасын қайтаратын болды
Өскемен маңындағы ұшақ апатына қатысты тың деректер шықты
Bek Air ұшағының апаты: зардап шеккендерге 94 млн теңге берілді
Қарағанды маңындағы апатта зардап шеккен ұшқыштардың жағдайы белгілі болды
Тәуелсіздік жылдарындағы қайғылы оқиғалар – 9 рет аза тұту күні жарияланды
Архивтегі фото

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны кімдер салдырды?

286
COVID-19 індетіне қарсы қазақстандық вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырған ғалымдар жұмысын жалғастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.  

Вакцина БҒМ ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленді.

"Ғалымдардың жағдайы жақсы, олар өз жұмысын жалғастырып жатыр", – деп мәлімдеді институт директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізу нәтижелері дәрілік заттарды сараптау жөніндегі Ұлттық орталыққа сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін жіберілді.

Қазақстандық вакцина адамдарға қашан сыналады

Сараптамалық жұмыстар шамамен тамыздың ортасында аяқталады. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алғаннан кейін қыркүйек айында Алматы қаласындағы клиника базасында коронавирусқа антидене анықталмаған 18 жастан 50 жасқа дейінгі 44 еріктінің қатысуымен клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі басталады деп жоспарланып отыр.

Вакцина салғаннан кейін олар 42 күн бойы бақылауда болады. Қазан айының ортасында клиникалық сынақтардың екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, ол 2020 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?

Кандидаттық вакциналардың клиникалық сынақтары оң нәтиже берген жағдайда Жамбыл облысы Отар кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанынан салынып жатқан биофармацевтикалық зауыт базасында қазақстандық вакциналар өндірілетін болады.

Зауыт халықаралық стандартқа сай иммунобиологиялық дәрілік препараттарды, оның ішінде қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар клиникаға дейінгі сынақтарымен айналысып жатқан COVID-19-ға қарсы вакциналарды шығарады.

Еске сала кетейік, қазақстандық ғылыми-зерттеу институтының коронавирус инфекциясына қарсы екі кандидаттық вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізіліп, клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы екінші вакцина ДДСҰ сайтында 31 шілдеде кандидат ретінде тіркелген.

286
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы жаппай егу қашан басталуы мүмкін – ғалым пікірі
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Мамин: Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алудан үмітті  
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды