Көлік, архивтегі сурет

Ішкі істер министрлігі тұрғындарға үндеу жасады

3521
(Жаңартылды 12:38 27.11.2019)
Өткен аптада 210 жол оқиғасы болған. Жылдамдықты арттыру, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау қайғылы оқиғаға әкеп соққан

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша — Sputnik. Жол апаты салдарынан 39 адам қаза болып, 289 адам жарақат алғаны ішкі істер министрлігінің алаңдаушылығын тудырып отыр. 

Апаттың негізгі себебі - жол ережелерінің сақталмауы болып отыр. Қайғылы оқиғаға көбінесе жылдамдықтың артуы, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау және оларды елемеу әкеп соққан, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ауа-райының нашарлауына байланысты ішкі істер минитрлігі тұрғындарға қарапайым, бірақ өте маңызды ережелерді сақтау керектігін ескертеді.

Қыстың басталуына байланысты:

  • қысқы немесе тікенекті шиналар орнату;
  • автомобильді жылыту және әйнектердің жылу үрлеу жүйесін тексеру;
  • суыту жүйесіндегі сұйықтықтың минус температурасы кезінде пайдалануға жарамдылығы мен жай-күйін тексеру;
  • дизель қозғалтқыштары бар көлік құралдары үшін қысқы дизель отынын пайдалану.

Қысқы жолда автомобильдің тежегіш қашықтығы айтарлықтай ұлғаятынын есте сақтау қажет. Сондықтан кенеттен қауіп туындаған жағдайда жүргізушінің жылдамдықты уақытында төмендетіп, көлікті тоқтатуға мүмкіндігі болуы тиіс. 

Министрліктің баспасөз қызметі қауіпті маневр жасауға және шұғыл тежеуге болмайтынын айтып отыр. Салдарынан көктайғақта жүргізуші рөлге ие бола алмай қалуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Депутат шетелден әкелінген көліктерге қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты

Жаяу жүргіншілер де өте мұқият болуы керек. Жолды тек белгіленген орындарда өту қажет. Сонымен қатар көлік жүргізушілерінің оларды байқағанына және жылдамдықты төмендетіп, тоқтауға мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізу маңызды.

3521
Кілт сөздер:
үндеу, тұрғындар, Ішкі істер министрлігі
Тақырып бойынша
Оқиға орнында көз жұмды: актрисаның көліктен неге секіріп кеткені белгілі болды
Шымкент маңындағы жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео жарияланды
Шымкент маңындағы апат: оқиғаға не себеп болғаны айтылды – фото
Алматыда Porsche Panamera жүргізушісі жаппай жол апатына себепші болды – фото
Аялдамадағы апат: қаза болғандардың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев

Министр Мырзағалиев "Алтынемелде" түсірілген видеоны жариялады

225
(Жаңартылды 18:53 28.09.2020)
Орта Азияда сирек кездесетін қар барысы көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді, дейді экология министрі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында "Алтынемел" ұлттық паркінде алғаш рет қар барысы видеоға түсірілді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

​Министр Twitter парақшасында қар барысының фото және видеосын жариялады.

"Жақсы жаңалықты бөліскім келіп отыр. "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген. Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде "Сайрам Өгем" ұлттық паркінде де көрініп еді", - деп жазды министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. Жануар жоғалып кетудің алдында тұр.  

"Барыстың көзге түсуі – ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шара қабылдап, жүзеге асырады", - деп жазды Мырзағалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатылған.

225
Кілт сөздер:
видео
Тақырып бойынша
Белгісіз құбыжық тұрғындардың зәресін алды – жантүршігерлік видео
Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды - видео
Африкада түсірілген видео жұртты күлдірді
Семейде жыртқыш аң видеоға түсіп қалды
Ұялы телефон, архивтегі сурет

Мемлекеттік мекемедегі трагедия: марқұмның әкесі Назарбаев пен Тоқаевқа үндеу жолдады

870
Марқұмның әкесі ұлы департамент ғимаратының терезесінен өзі секірген жоқ, оны лақтырып жіберді деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматыда экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп көз жұмған ер адамның әкесі Елбасы мен президенттен көмек сұрады.

Марқұм Ерлан Қоныспаевтың әкесі Сапарқали Қонысбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы екен.

Айтуынша, ұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс отбасының соңғы 30 жыл бойы айналысқан жұмысымен байланысты. Пандемия кезінде Алматының экономикалық тергеу департаменті жалған қылмыстық іс қозғаған.

"Үйде заңсыз тінту жүргізіп, компьютерлер мен құжаттарды тәркіледі. Ар-намысты қорлап, бізге үлкен моралдық қысым көрсетті", - деп мәлімдеді Сапарқали Қоныспаев.  

Ол 22 қыркүйек күні марқұм ұлын экономикалық тергеу департаментіне алдап шақырды деп санайды.

"Тергеуші іс жабылатынына сендірді. Бірақ, түннің бір уағында суыт хабар алдым: ұлымның көз жұмғанын хабарлады. Оны бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Ұйым басшылығының бұдан хабары болғанын сезіп отырмын", - дейді Сапарқали Қоныспаев.

Айтуынша, Ерлан Қоныспаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс бір ведомстводан екіншісіне тапсырылып, баптар өзгертіліп жатыр.

"Ерланның бірнеше дипломы болған, Францияда білім алды. Бес тіл білетін. Артында үш баласы қалды. Ол мемлекеттік мекемеде өлтірілді. Маған, Қазақстан азаматы ретінде, осының бәріне сену қиын", - деді марқұмның әкесі.

Ол соңғы уақытта өзінің және отбасының, қызметкерлерінің өміріне де алаңдап жүргенін айтты.

"Мен тергеудің әділ өткенін қалаймын. Мен үшін бұл оқиғадағы ең маңыздысы – ол шындық", - деді ол.

Ерлан Қоныспаевтың өлімі

28 қыркүйекте Алматыда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған ер адамның экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп қаза болғаны хабарланды.

Қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, трагедия 22 қыркүйекте болған. 44 жастағы Ерлан Қоныспаев экономикалық тергеу департаменті ғимаратының бесінші қабатынан секіріп көз жұмды.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, марқұм 2016 жылы білім министрлігінің ғылым комитетінен 230 миллион теңге мақсатты грант алған. Оның 88 миллион теңгесін еншілес компаниялардың шотына аударып, қолма-қол ақшаға айналдырған. Алайда келісімшартта көзделген жұмыстар орындалмаған.

22 қыркүйекте марқұмнан күдікті ретінде жауап алынады. Қасында адвокаты да болған. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағында ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") көзделген қылмысты жасады деп айыпталды.

Тергеуші Қоныспаевтың бұған дейін сотты болғанын және жаңа ауыр қылмыс жасағанын ескеріп, оны ұстау және уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім қабылдайды.

Алайда тиісті хаттамалар толтырылғаннан кейін, ер адам терезеден секіріп кеткен.

Қазір бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған қоса, қаржылық мониторинг комитеті ішкі қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

870
Кілт сөздер:
тергеу, Алматы