Қоғам

Ұзақ өмір сүрудің тиімді тәсілі белгілі болды

© Photo : CC0 / Sabine van ErpЗабота
Забота - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық ғалымдар ұзақ өмір сүрудің тиімді тәсілін атады. Олар бірнеше жыл бойы зерттеу жүргізіпті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Америкалық ғалымдардың айтуынша, тұрақты түрде ашығу жүрек ауруларының алдын алып, ұзақ өмір сүруге септігін тигізеді, деп хабарлайды MedicalXpress.

Олар ашыққан адамдарда жүрек талмасы 71 процентке сирек кездеседі дейді.  

Бірінші зерттеуге жүрегіне катетер салғызған және 4,4 жыл бойы бақылауда болған екі мыңға жуық адам қатысқан. Олардың 389-ы бес жыл бойы тұрақты түрде ашыққан. Зерттеушілер ашығатындар арасында өлім-жітім 45 процентке төмен екенін анықтапты.

Тағы оқыңыз: "Шаруаларың болмасын": 65 жастағы алматылық әжей неге түнгі клубта өнер көрсетіп жүр?

Мамандар екінші зерттеуде ашығудың жүрек белсенділігіне қалай әсер ететінін тексеру үшін сол пациенттер туралы мәліметтерге талдау жасады. Зерттеу нәтижесінде, ашығатындарда жүрек талмасы 71 процентке сирек кездесетіні анықталды.

Бұған дейін Гарвард медициналық мектебінің ғалымдары калория тұтынуды азайту неліктен өмірді ұзартатынын анықтаған еді. Бұл байланыс иммундық жүйе белсенділігіндегі өзгерістер арқылы жүзеге асатыны белгілі болды.

Жаңалықтар
0