Ақжарқын Тұрлыбай

Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау туралы айтты

4912
(Жаңартылды 14:15 27.11.2019)
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару тәртібін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Қытайда есірткі контрабандасы үшін ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша, соттың соңғы шешімі әлі шыққан жоқ. Онсыз Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялауға сұрау салу мүмкін емес.

"Соттың соңғы отырысы қыркүйек айында болған. Бірақ шешім әлі шыққан жоқ. Біз соны күтіп отырмыз. Соттың шешімі шыққаннан кейін экстрадициялауға болады. Тәртіп бойынша оның туған-туыстары бас прокуратураға Ақжарқынды экстрадициялау туралы өтінішхат жолдайды. Соның негізінде бас прокуратура Қытайдағы контр әріптестерге сұрау салады. Олар өз кезегінде сотталған адамды бере ме, жоқ па, өздері шешеді. Оң шешім болса, экстрадиция жасалады", - деді Нұрышев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Оның сөзіне қарағанда, Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылғаннан кейін оның ісін Қазақстанның соты қарайды. Себебі екі елдің заңнамасы екі бөлек және қылмыс үшін берілетін жаза әртүрлі.

"Иә, жазаның мерзімі өзгеруі мүмкін. Себебі Қазақстан мен Қытайдың заңнамасы бір-біріне ұқсамайды. Бір қылмыс үшін әртүрлі жаза беріледі. Сондықтан бұл жерде ол өз жазасын Қазақстанның заңнамасы бойынша өтеуі тиіс", - деп атап көрсетті Нұрышев.

Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдыры

Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.Биыл 3 қыркүйекте Қытайдың Гуанчжоу қалалық сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыс өтті. Сот отырысы 2 сағаттан астам уақыт болды. Ақжарқын Тұрлыбай қытай тілінде жауап беріп отырды.

Тағы оқыңыз: Қытайдағы Қазақстан елшілігі Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы туралы айтты

Ал 9 қыркүйекте отандасымыздың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазғаны хабарланды. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді.

Ақжарқын түрмеде немен айналысады

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің мәліметіне сүйенсек, Тұрлыбай қасындағы сотталғандарға ағылшын тілін үйретіп жүр.

Сыртқы істер министрлігі Sputnik Қазақстан сауалына берген ресми жауабында Ақжарқын Тұрлыбай көркем әдебиет оқитынын айтты. Дене шынықтырумен де айналысады. Қытай тілін жақсы меңгеріп алған. Түзету мекемесіндегі жағдайға қатысты шағымы жоқ екен.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қызметкерлері Гуанчжоудағы түрмеге барып, Тұрлыбайдың қал-жағдайын біліп тұрады. Бұған қоса, ақшалай көмек көрсетіп, сұраған кітаптарын тауып береді.

4912
Кілт сөздер:
азаматты отанына экстрадициялау, СІМ, Ақжарқын Тұрлыбай
Тақырып бойынша
"Қызым жазықсыз": Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Тоқаевтан көмек сұрады
Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот отырысы өтті
Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімет берді
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Министрлік Қытайдан хабар күтіп отырғанын мәлімдеді
Архивтегі фото

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны кімдер салдырды?

154
COVID-19 індетіне қарсы қазақстандық вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырған ғалымдар жұмысын жалғастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.  

Вакцина БҒМ ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленді.

"Ғалымдардың жағдайы жақсы, олар өз жұмысын жалғастырып жатыр", – деп мәлімдеді институт директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізу нәтижелері дәрілік заттарды сараптау жөніндегі Ұлттық орталыққа сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін жіберілді.

Қазақстандық вакцина адамдарға қашан сыналады

Сараптамалық жұмыстар шамамен тамыздың ортасында аяқталады. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алғаннан кейін қыркүйек айында Алматы қаласындағы клиника базасында коронавирусқа антидене анықталмаған 18 жастан 50 жасқа дейінгі 44 еріктінің қатысуымен клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі басталады деп жоспарланып отыр.

Вакцина салғаннан кейін олар 42 күн бойы бақылауда болады. Қазан айының ортасында клиникалық сынақтардың екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, ол 2020 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?

Кандидаттық вакциналардың клиникалық сынақтары оң нәтиже берген жағдайда Жамбыл облысы Отар кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанынан салынып жатқан биофармацевтикалық зауыт базасында қазақстандық вакциналар өндірілетін болады.

Зауыт халықаралық стандартқа сай иммунобиологиялық дәрілік препараттарды, оның ішінде қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар клиникаға дейінгі сынақтарымен айналысып жатқан COVID-19-ға қарсы вакциналарды шығарады.

Еске сала кетейік, қазақстандық ғылыми-зерттеу институтының коронавирус инфекциясына қарсы екі кандидаттық вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізіліп, клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы екінші вакцина ДДСҰ сайтында 31 шілдеде кандидат ретінде тіркелген.

154
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы жаппай егу қашан басталуы мүмкін – ғалым пікірі
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Мамин: Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алудан үмітті  
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Архивтегі фото

Қазақстанда Өзбекстаннан қара өрік алып келуге тыйым салынды

2006
(Жаңартылды 10:45 08.08.2020)
Бір аптаның ішінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама 18 рет бұзылған, қара өріктен үш рет Шығыс көбелегі, бір рет Комсток құрттары табылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитеті Өзбекстан аумағынан қара өрік әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.  

Мұндай шешімге Өзбекстаннан келген қара өрік жемісінен карантиндік объектілердің жиі анықталуы себеп болды.

Сливы, иллюстративное фото
© Sputnik / Томас Тхайцук
Қара өрік

2020 жылдың 24 шілдесінен 1 тамызына дейін өсімдіктер карантині саласындағы заңнама 18 рет бұзылған, оның ішінде 3 жағдайда жемістерде Шығыс көбелегі (Grapholitha tolesta Busck), бір жағдайда Комсток құрттары (Pseudoccus comstocki (Kuwana) табылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин кезінде шекарадан кімдер өте алатыны белгілі болды 

Шектеу шаралары Қазақстан аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Шығыс жемісі қауіпті карантиндік зиянкес саналады. Шабдалы, өрік, алма, нектарин, қара өрік, айва, алмұрт, шие, лавр,  бадамның өсінділері мен жемістеріне 90% дейін зиян келтіруі мүмкін.

Кеміргіш құрт бұтақты кептіріп, жапырақтарды, өсімдік жемістерін сарғайтып жібереді. Жемістің сапасы нашарлай түседі.  

2006
Кілт сөздер:
Өзбекстан, жеміс-жидек
Тақырып бойынша
Коронавирус тамақ арқылы қалай жұғуы мүмкін - маман жауабы
Өмірді ұзартып, қартаюды баяулатады – ғалымдар ерекше жемісті атады
Дәрігерлер мандаринді қай уақытта жеуге болмайтынын айтты
Нұр-Сұлтанда тонналаған түрік анары өртелді
Қандай тағамдар өте қауіпті екені анықталды
Архивтегі фото

"Жалаңаш кісіні көрдім": Сәтбаевтағы сойқанға қатысты тың дерек шықты   

0
(Жаңартылды 12:23 08.08.2020)
62 жастағы күдіктінің әйелі, бөлек тұратын балалары мен немерелері бар болып шықты. Қылмыс жасалатын күні әйелі саяжайға кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Сәтбаевтағы тұрғындар мен полиция арасындағы қақтығыстан кейін ұсталған адамдар саны 19-ға жетті.  

Тергеу амалдарында бұл сан еселеп өсуі мүмкін. Өйткені 24  шілдеге қараған түні қалада ойран салғандардың саны мыңға жуық. Оларға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен айып тағылған, деп хабарлады КТК.

Айта кетейік, қақтығысқа қалада жоғалған 5 жастағы қыздың ересек көршісінен қорлық көруі себеп болды. Ашынған топ полициядан күдіктіні беруді талап етіп, істің соңы насырға шапқан болатын.

Сәтбаевтағы бүгінгі тіршілік қалыпты. Астан-кестеңі шыққан подъезд де тыныш. Тек сол күнгі оқиғаны тұрғындар көпке дейін ұмыта алмайды. 

Сәтбаевтағы оқиға: полицияның педофилді үйінен қалай алып шыққаны белгілі болды 

Жоғалған бүлдіршінді табуда бейнекамераның көмегі зор болған. Өйткені бейнетаспада қыздың подъезге кірген сәті бар да, шыққаны жоқ. Сондықтан полиция мен еріктілер подъездегі барлық пәтерді тінти бастаған. Күдік тудырғаны – есігін ашпаған бірінші қабаттағы пәтер.

"Адамдар терезеден іште біреу бар екенін байқап қалды. Полиция қызметкерлері есікті сындырып, ішке кірді. Жалаңаш кісіні ұстап жатқанын өз көзіммен көріп, камераға түсіріп тұрдым. Сосын ашынған халық терезені шағып, торын жұлып алды. Ішке жастар кіре бастады", - дейді Сәтбаев қаласының тұрғыны Ботагөз Бұшманова.

Қызды ата-анасына беріп, күдіктіні шығармақ болғанда ойран басталған. Ашу-ызыға ерік бергендер пәтерге баса көктеп кірген. Үй алдында азғантай полицейлердің ырқына көнбеген қарақұрым жұрт есік алдындағы мүлікті де талқандауға кірісіпті. Істің насырға шапқанын көрген полицейлер күдіктіге полиция киімін киіндіріп үйден алып кеткен.

"Оны үйден алып шығу қиын болғаннан кейін киімін ауыстырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еттік. Содан жиналғандар полиция бөліміне келді. Бақылау пунктін сындырып, тас лақтырып, біраз шығын келтірді", - дейді Сәтбаев қалалық ПБ бастығы Жандос Қарабеков.

Полиция бөлімінің алдында бірнеше қызметтік көлік талқандалып, бір жеңіл көлік пен автобус өртенді. Ғимарат та зақымдалған. Жалпы келген шығын көлемі 60 миллион теңге.

Оқиғадан екі апта өткенде ғана басты күдіктінің пәтерін жақындары жинастырып жүр. Сұхбаттан ат-тонын ала қашты. Белгілісі, 62 жастағы тұрғынның әйелі, бөлек тұратын балалары мен немерелері бар екен. Сол күні оның әйелі саяжайға кетіп, күдікті үйде жалғыз қалған.

Тергеу мәліметінше оған адам ұрлау және зорлау баптары бойынша айып тағылған.  

0
Кілт сөздер:
полиция, қақтығыс
Тақырып бойынша
Абзал Құспан педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты
Тәртіпсіздіктен кейін Сәтбаев қаласында қазір не болып жатыр – видео
Сәтбаевтағы толқу: бес жасар қыздың ата-анасы үндеу жасады
Оралда 6 жасар қызды алып кетпек болған бейтаныс адам қарсылыққа тап болды – видео