Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда депутат ұсталды

13094
(Жаңартылды 16:40 27.11.2019)
Ол "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесіне  20 миллион теңгені жымқыруға жәрдем берді деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

"Стар Тайм" ЖШС-нің коммерциялық директоры, Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты,  депутаттық өкілеттік пен этика, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғаммен жұмыс жөніндегі комиссияның мүшесі ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.  

Тағы оқыңыз: Алматы қаласы ауданының судьясы парамен ұсталды - видео 

Ол Ақтөбе облысында орналасқан кепілдегі элеватордың құнын төлеп алу кезінде ҚР АШМ "ҚазАгро" холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесіне ауылшаруашылық өндірушісіне тиесілі 20 миллион теңгені жымқыруға жәрдем берді деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.  

Бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ҚР АШМ "ҚазАгро" холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесіне қатысты тергеу жүргізген.

13094
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында шетелдіктерді заңсыз кіргізген шенеунік ұсталды
"Тапсырма жоғарыдан берілді": Өз ісіне өкінген әкім орынбасары шындықты жайып салды  
Жаңа білім министрі жемқорлықпен қалай күресетінін айтты
Балабақша меңгерушісі өз кабинетінде парамен ұсталды – видео
Нұр-Сұлтанда аудан әкімінің орынбасарына үкім шықты – видео
Алматы қаласында отқа орынған төрт қабатты ғимарат

Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды видео

6921
Оқиға орнына өрт сөндірушілермен бірге өзге де жедел қызмет түрлері шұғыл жетті

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының Түрксіб ауданында алапат өрт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Четырехэтажное здание сгорело в Алматы
© Sputnik / Стрингер.
Алматыда төрт қабатты ғимарат отқа оранды

Жансүгіров көшесіндегі төрт қабатты ғимарат отқа оранып, әп-сәтте күлге айналды. Ғимараттың бірінші қабатында техникалық қызмет көрсету бекеті, екінші және үшінші қабатында дүкендер, ал төртінші қабатта бірнеше пәтер болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Almaty|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез ауыздықтауға тырысып бақты. Сондай-ақ, оқиға орнына басқа да жедел қызмет түрлері шұғыл жетті. 

Четырехэтажное здание сгорело в Алматы
© Sputnik / Стрингер.
Алматы қаласында өртеніп жатқан ғимарат

Ғимарат толықтай жанып кетті. Өрт салдарынан 1991 жылы туған ер адам зардап шеккен. Өрттің шығу себебін анықтаумен Алматы қалалық ІІД тергеушісі айналысып жатыр.

6921
Кілт сөздер:
оқиға, Алматы, өрт
Тақырып бойынша
Мәскеу түбіндегі хоспистен өрт шығып, 10 адамның өмірін қиды
Өрт шыққан жерге жылдам жетеді: Алматыдағы мотоцикл экипажы өз жұмысы туралы айтты
Алматыда перзентханадан өрт шықты – видео
Түркістан облысында жойқын өрт видеоға түсіп қалды
Шымкентте ірі кәсіпорыннан өрт шықты - видео
Медициналық құрал, ақша және калькулятор

Медициналық сақтандыру қоры мекемелерге алты ай ішінде 4,6 миллиард теңге айыппұл салған

301
Қазіргі кезде медициналық сақтандыру қоры амбулаторлық деңгейден стационардағы емделуге дейінгі процестерді автоматтандыруды жалғастыруда

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне байланысты 460 мыңнан астам кемшілік анықтады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

"Медициналық ұйымдарға салынған айыппұлдар мөлшері 4,6 миллиард теңгеден астам қаржыны құрады", – делінген хабарламада.

Ал 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталған кемшіліктер осы күнгі көрсеткіштерден үш есеге аз. Соған сәйкес, айыппұлдар көлемі де 2,7 миллиард теңгені құраған.

Медициналық тегін көмек мемлекет кепілдендірген көлем шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру пакеті аясында қор тарапынан үнемі қадағаланып тұрады.

"Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға қызметтерді тек бекітілген стандарттарға сай көрсететін медициналық көмектің сапасына сәйкестігін тексергеннен кейін ғана төлейді. Сонымен бірге, сапа мониторингі, оның ішінде ақпараттық жүйелерді қашықтан қолданумен жүзеге асырылады, осылайша көрсетілген "адам факторын" барынша азайтады", – деп атап көрсетілген.

Қазіргі кезде медициналық сақтандыру қоры амбулаторлық деңгейден бастап стационардағы емделуге дейінгі бақылауды қоса алғанда процестерді автоматтандыруды жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді

"Сонымен қатар, қор медициналық көмектің сапасын сараптау тәсілдерін жетілдіріп, қиын жағдайларды бақылау тәжірибесін арттыруда", – деп атап көрсеткен баспасөз қызметіні хабарламасында.

301
Кілт сөздер:
медициналық сақтандыру қоры, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Медициналық сақтандыру: екі жұмыс болса, жарна қалай аударылады?
Медициналық сақтандыру қорының басшылығы қанша жалақы алады?
Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар – басшылық жауап берді
Медициналық сақтандыру қоры енді әрбір науқасқа 1,7 миллион теңгеге дейін бөледі