ГУМ-дегі Sputnik шыршасы

Sputnik шыршасы: Мерекеге орай оқырмандарға 33 тілде ақпарат беріледі   

26
Sputnik және РИА Новости оқырмандарына жаңажылдық тілектерін жазып жіберуге мүмкіндік жасалмақ. Кейін бұл тілектер цифрлық шыршада көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша — Sputnik. Ресейдің бас алаңында халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының цифрлық шыршасы орнатылып, онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген жаңа жыл жаңалықтары таратылады.

Биыл Sputnik бес жылдығын атап өтеді. Осыған орай Мәскеудегі ГУМ-ның бірінші линиясында жаңа инновациялық арт жоба қойылды. Бұл – мәскеуліктер мен қала қонақтары үшін сый.

Жаңа жылда Франция мен Италияда мерекелік дастарқанға не қойылады?

ТМД елдерінде қай Аяз атаның резиденциясына халық жиі барады? Камбоджадағы Жаңа жылдың басты кейіпкері кім? КСРО-да адамдар Аяз атаны қашан үйіне шақыра бастады? Шырша шарын қайда ойлап тапты? Бұл сұрақтардың және басқа да сауалдарға жауапты оқырмандар Мәскеудегі "ГУМ" сауда үйіндегі цифрлық шыршадағы жүгіртпе жолдан біле алады.

Елка Sputnik в ГУМе
© Sputnik /
ГУМ-дегі Sputnik шыршасы

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы 33 тілде хабар таратып, әлемдегі барлық мерекелік дәстүр жайында біледі. Сондықтан жаңалықтар мен жаңажылдық тілектер әртүрлі тілде айтылады.

Сонымен қатар "ГУМ" сауда үйіне келушілер мен Sputnik және РИА Новости оқырмандары цифрлық шыршаға өзінің ізгі тілектерін жазып жібере алады.

"Sputnik 33 тілде сөйлейді. Біздің тілшілеріміз әлемнің барлық елінде жұмыс істейді. Мәскеудің орталығына түрлі мемлекеттен туристер келеді. Олар Sputnik шыршасына келіп, жаңажылдық тілектерді ана тілінде оқып, қуанады деген үміттемін. Сондай-ақ Жаңа жыл мерекесі әлемнің басқа елдерінде қалай тойланатынын біле алады", - дейді "Россия сегодня" ХАА бас редакторының бірінші орынбасары Сергей Кочетков.

Сонымен қатар Sputnik инновациялық арт-объектісі – "ГУМ-дегі жаңа жыл шыршасы" жобасының бір бөлігі. Бұл жоба осымен он екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Sputnik – әлемнің 80 қаласында және интернетте орыс, ағылшын және француз тілдерінде аналогтық және цифрлық хабар тарататын, 33 тілдегі мультимедиалық және өңірлік интернет сайттарды біріктіретін ірі халықаралық БАҚ-тың бірі.

Sputnik жаңалықтар арналары ағылшын, араб, испан және қытай тілдерінде бүкіл әлем бойынша жетекші басылымдарға тәулік бойы ақпарат жеткізеді.

Sputnik ақпарат ресурстары айына 50 миллионнан астам адамды қамтиды, ал Вэйбодағы Sputnik China аккаунтына жазылушылардың саны шамамен 9 миллионға жетеді. Sputnik радиосы Интернетте және FM / AM диапазонында 18 тілде хабар таратады.

26
Загрузка...