Такси, архивтегі сурет

Алматыда таксиде әйелді қатыгездікпен өлтірді: оқиға немен аяқталды?

1721
(Жаңартылды 09:29 28.11.2019)
Осы жылдың маусым айында такси жүргізушісі өзінің әйелімен бірге сұлулық салонының қызметкерін қатыгездікпен өлтірген болатын. Полиция әйелдің денесін екі апта іздеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша — Sputnik. Алматыда 40 жастағы Батура Мамедованы өлтіргендерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Екі баланың анасы осы жылдың маусым айында өлтірілді. Туыстарының айтуынша, Батура Мамедова сол күні Ашыбұлаққа дейін жетіп, үйіне дейін күдіктілердің көлігіне мінген. Орта жолда косметологтың сөмкесіндегі қаражатты көрген ерлі-зайыптының арам пиғылы оянып, көліктің ішінде пышақтай бастаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша Батура Мамедованы қаскөйлер соққының астына алып, кейін бауыздаған. Ал мәйітті Қарасай ауданында орналасқан Береке ауылының маңына көміп кетіпті. Алдын ала болжам бойынша қаскөйлер косметологтың 40 грамдық алтын алқасына көзі түсіп, қылмысқа барған.

Тағы оқыңыз: Түркістанда жас келіншекті өлтірген таксист оқиғаның қалай болғанын баяндады

Косметолог әйелдің денесі екі аптадан кейін табылды. Туыстары оның тірі екеніне сенген болатын.

Сот процесі кезінде күдіктілер жауап беру кезінде өз түсініктемелерін бірнеше мәрте өзгертті. Бірде кінәсін мойындамады, бірде жартылай мойындады.

28 жастағы Жангелді Қобыланов 17 жылға, ал 27 жастағы Айдана Беренова 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар – азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар.

1721
Кілт сөздер:
өлім, әйел, такси, Алматы
Тақырып бойынша
"Тірідей көміп тастады": Алматыда екі таксисті не үшін қинап өлтірді?
Такси жүргізушісі жолаушыға ұйықтататын дәрі беріп, арам ойын жүзеге асырды
Елордада таксидегі жанұшыра айқайлаған қыздың дауысын полицейлер естіп көмекке келді
Қызылордада "таксистерді" ерекше әдіспен алдаған алаяқ қоғамдық резонанс туғызды
Шымкентте такси жүргізушісі қызды ұрып-соғып, зорлап тастады
Загрузка...