Арыс, архивтегі суреттер

Қорғаныс министрлігі Арыс тұрғындарынан қандай шағым түсіп жатқанын айтты

255
(Жаңартылды 13:41 28.11.2019)
Генерал-майор Тимур Дәндібаев Арыс қаласындағы зарылғыш заттарды жою барысында қауіпсіздік шаралары толығымен сақталатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев Арыс тұрғындарынан әлі де шағым түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тимур Дәндібаев қала-аумағынан оқ-дәрілердің қалдықтары әлі табылып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, олардың жарылу қаупі жоқ.

"Тұрғындардан әртүрлі шағымдар түседі. Олар оқ-дәрілердің фрагменттерін тауып алғанын айтады. Біз жедел әрекет ету тобымен ол жерге барып, оқ-дәрінің көзін жою үшін оны басқа жерге апарамыз. Қазіргі таңда Арыс қаласының тұрғындарына және елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда қорғаныс министрінің орынбасары бүгінде әскери мамандар Арыстағы оқ-дәрілер сақталған базаны тазалауға кіріскенін жеткізді.

"Табылған және тасымалдауға келмейтін фрагметтерді бірден жоямыз. Мамандар тиісті жұмыс жүргізіп, қауіпсіздік шараларын сақтайды. Жарылғыш заттарды жоюға арналған әдістеме бар. Қала инфрақұрылымы мен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті жұмыс жүргізіледі", - деді Тимур Дәндібаев.

Оның айтуынша, соңғы уақытта осындай әдіспен оқ-дәрінің 3 фрагменті жойылыпты.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Шымкенттегі жұртты шулатқан оқиға жайлы: Бір нәрседен қорқамыз ба?

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. Жарылыстан зардап шеккен бала санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілген болатын. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

11 қазанда Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлімнің инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды.

255
Кілт сөздер:
шағым, тұрғындар, Қорғаныс министрлігі
Тақырып:
Арыстағы жарылыс (90)
Тақырып бойынша
Арыс оқиғасы: министр "табиғи нәрсе" деген сөзді дұрыс аудармағандарға шүйлікті
Жедел жәрдем бригадасы Арыс тұрғынын тірілтіп алды
"Жүрегіміз де, тілегіміз де бір": Шөкеев Арыс халқына қандай уәде берді?
Тоқаев Арыс қаһармандарын атады
"70 бала сыйып кетті": Арыс қаһармандары жарылыс кезінде не істегендерін айтты
Жүк көлігі

Жүк көлігі самокат мінген жігітті басып кете жаздады видео

9
Полицейлер жол-көлік апаты бойынша арыз түспегенін айтады. Ал әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі самокат мінген жігітті сынап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Алматыда самокат мінген жігіт жүк көлігінің бүйіріне соғылып, доңғалақтың астына түсіп кете жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, жол-көлік оқиғасы Әйтиев пен Гоголь көшелеренің қиылысында болған. Самокат мінген жігіт қатты жылдамдықпен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп кетпекші болған.

Бірақ алдынан жүк көлігі шығып қалды. Осы кезде ол аяғын жерге тіреп, жылдамдықты барынша тежеуге әрекеттенеді. Бірақ тым кеш болды. Самокат мінген жігіт бетімен көліктің шанағына соғылып, бір айналып етбетімен құлады. Бірақ көп ұзамай, тұрып кетті. Ал самокаты көліктің астында қалып қойды. Жүк көлігінің жүргізушісі оны байқаған да жоқ, бұрылып кете берді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Полиция осы жол-көлік апаты бойынша арыз түспегенін хабарлады. Ал әлеуметтік желілерде қолданушылардың басым бөлігі самокат мінген жігітті сынап жатыр. Себебі, жол ережесі бойынша жаяу жүргіншілер жолағынан жаяу өту керек.

"Самокат мінген жігіт тоқтап, түсуі керек. Сөйтіп, жаяу жүргіншілер жолағынан өтуі тиіс еді. Жалпы, самокат пен велосипед мінгендер жолда абай болыңдар! Жол жүру ережесі қанмен жазылған, бұл жолы сәттілік серік болды. Осыдан ой түю керек", – дейді желі қолданушыларының бірі.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда жеті жүк көлігі соқтығысып қалды – видео

9
Кілт сөздер:
Алматы, оқиғалар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті  
Алматыда жүк көлігі қарт кісіні қағып, 300 метрге сүйреп әкетті - фото
Made in Russia: Ресейдің жүк көлігі Қазақстан нарығын қалай жаулап алды
Жүк көлігі бораннан қорықпайтын жүргізушілердің жолын бөгеді
Тежегіші істен шыққан: Алматыда жүк көлігі алты автокөлікті соғып кетті  
Аурухана, архивтегі сурет

"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

6717
(Жаңартылды 14:59 04.08.2020)
Кеше, 3 тамыз күні бес еркін күрес балуаны жол апатына түсiп, Жақсыбек Қарабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға орнында қаза болған. Ал Ілияс Жұмай ауруханада көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Үш қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Қазақстанның күрес федерациясы хабарлады.

Еркiн күрес шеберлері - Жақсыбек Қарабалаев, Iлияс Жұмай, Жанбота Байбазар Жамбыл облысындағы тасжолда болған апат салдарынан қайтыс болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan_wrestling (@kazakhstan__wrestling)

"Қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған. Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Instagram желісіндегі парақшасында.

Кеше, 3 тамыз күні бес еркін күрес балуаны жол апатына түсiп, Жақсыбек Қарабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға орнында көз жұмған. Ал Ілияс Жұмай ауыр халде ауруханаға түсті.

"Бүгін Ілияс Жұмай қайтыс болды деген суық хабар жетті", - деп жазылған парақшада.

Ол халықаралық санаттағы спорт шебері болған. Түрлі чемпионатта жеңіске жетіп, жүлделі орындарды иеленді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жумай Ильяс (@ilyaszhumay)

"Ал Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев өмірі үшін күресіп жатыр. Дұғада болайық", -  деді федерация.

6717
Тақырып бойынша
Бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосты - үш қазақстандық бапкер қайтыс болды
Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасу рәсімі қашан өтетіні айтылды
Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды
Белгілі қазақстандық футболшы әрі бапкер қайтыс болды
Жақсылық Үшкемпіров дүниеден озды