Мектеп, парта, архивтегі сурет

Депутат мұғалімдерге айыппұл салу мәселесін көтерді

3731
"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына "педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес" деген ұғым енгізілді. Оған сәйкес, педагогикалық әдем нормаларын бұзғаны үшін мұғалімдерді тәртіптік жазаға тарту қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Дархан Мыңбай мұғалімдерге айыппұл салу мәселесін көтерді. Ондай шара "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында қарастырылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутаттың айтуынша, заң жобасына "педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес" деген ұғым енгізілді. Осы құрылым педагогикалық әдем нормаларын бұзу фактілерін қарап, мұғалімдерді тәртіптік жазаға тартуға қатысты ұсыныс жасайды.

"Сонымен бірге, қаралып жатқан заң жобасында педагогикалық әдеп қағидаларын сақтамағаны үшін ескерту немесе 5 айлық есептік көрсеткіш (12 625 - Sputnik Қазақстан) мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілік те қаралған. Ал педагигалық әдепті бір рет бұзғаны үшін жазаның екі түрі – тәртіптік және әкімшілік жазаға тартудың қандай қажеттілігі бар?", - деп сұрады Мыңбай.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов депутаттардың ұсынысымен келісетінін жеткізді.

"Мысалы, мемлекеттік қызметті алатын болсақ, онда осындай мәселелер бойынша тек тәртіптік жаза ғана қарастырылған. Сондықтан біз депутаттармен толығымен келісеміз. Бұл еңбек кодексіне де сәйкес болуы керек. Осындай құқық бұзушылық бойынша тек бір ғана жаза болуы керек", - деді Аймағамбетов.
Ал әділет вице-министрі Наталья Пан заң бойынша тәртіпік шара да, әкімшілік жаза да бар екенін жеткізді.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдердің жалақысы өседі: білім министрі тізімге кімдердің ілігетінін айтты

"Жаңа жобаның бүгінгі редакциясында бір ғана тәртіп бұзушылық туралы ғана айтылады. Бірақ екі жаза бар, әкімшілік немесе тәртіптік шара. Алайда олар бір-бірін алмастырмайды. Егер педагогтың әрекеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жатса, онда ол әкімшілік жазаға тартылады. Ал этика мәселесі бұзылса, тәртіптік жаза қарастырылған", - деп атап көрсетті Пан.

Заң жобасында мұғалімдерді артық жұмысқа салатындар үшін де айыппұл қарастырылған.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, заң жобасының маңызды бір бағыты - ұстаздардың құқығын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату. Соның ішінде қағазбастылық пен тексеріс мәселесі де бар. Сол үшін нақты санкциялар қарастырылған. Енді, мұғалімдерді артық жұмысқа тартқаны үшін айыппұл салынады. Ал оның көлемі 20-120 айлық есептік көрсеткіш (50 500 – 303 000 теңге - Sputnik Қазақстан) көлемінде болады.

"Мұғалімді жұмысқа тартқан мектептің басшысы, әкімдік пен облыстық білім басқармасының өкілі, басқа мемлекеттік емес және мемлекеттік ұйым өкілі болуы мүмкін. Кім болса да, осындай айыппұл салу шарасы қолданылатын болады", - деді Аймағамбетов журналистерге берген сұқбатында.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде мұғалімдер мектеп басшылығынан қорықпайды. Педагогтар тарапынан осы мәселеге қатысты арыз-шағымдар түсіп жатыр. Алдағы уақытта жаңа заңның нақты нормасына сүйенуге болады.

Тағы оқыңыз: Білім министрі мұғалімдердің үрейін тудырған мәселеге жауап берді

"Бас кезінде осы құжатта "мұғалімдер қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысуға міндетті" деген тағы бір норма болған. Иә, оны әрқалай түсіндіруге болады. Лауазымды тұлғалар "қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысу қажет" деген желеумен мұғалімдерді артық жұмысқа тартуы мүмкін. Сондықтан біз осы норманы алып тастадық", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

3731
Кілт сөздер:
айыппұл, жұмыс, мұғалім
Тақырып бойынша
Мұғалім білім беру жүйесін сынға алды: Тоқаев мәселенің басын ашуды тапсырды
Көкшетауда ішіп алған мұғалім көлікпен жасөспірімді қағып кетті
Министр кімдерге мұғалім болуға тыйым салынатынын айтты
Павлодар облысында мұғалім жарыс кезінде қайтыс болды
Сабақта баланы ұрған: қостанайлық мұғалім қалай жазаланды
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев жарлыққа толықтыру енгізді

369
(Жаңартылды 13:50 19.09.2020)
Мемлекет басшысының жарлығы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтатуды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тексерулерге мораторий жариялау туралы жарлыққа толықтыру енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы № 229 жарлығына мынадай толықтыру енгізілді:   

1-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

  • "12) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері.".

Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, президенттің 2019 жылдың 26 желтоқсанындағы № 229 жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатты, оған мыналар қосылмайды:

1) халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін заң бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерулер;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында, белгіленген талаптарды бұзу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін, бақылау мен қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты нақты факті бойынша бір жоспардан тыс тексеру жеткіліксіз және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау мен қадағалау талап етілетін жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тексерулер;

3) өз қызметіне қатысты кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштері негізінде, оның ішінде "Рұқсаттар және  хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат алуға арналған өтініш бойынша тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

4) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер;

5) Қазақстан Республикасы президентінің және Қазақстан Республикасы бас прокурорының тапсырмасы бойынша прокуратура органдарының тексерулері;

6) кедендік тексерулер;

7) қарсы салықтық тексерулер;

8) салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау, салық органдарында тіркеу есебіне қою, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімдерді орындау мәселелері бойынша тақырыптық салықтық тексерулер;

9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауды барып жүргізу;

10) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу;

11) жер қойнауын пайдаланушылар.

369
Кілт сөздер:
жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаевтың тапсырмасы: жаңа министрлікті құру үшін қанша ақша керек
Министр мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесуіне қатысты өзгеріс жарияланды
Президент екі жаңа агенттік құру жөніндегі жарлыққа қол қойды
Тоқаев Келімбетовке жауапты қызметті сеніп тапсырды
Архивтегі фото

Қазақстанда 2021 жылдан бастап не өзгереді?

1728
Қазақстан үкіметі келесі жылдан бастап сүт және сүт өнімдерін таңбалауды жоспарлап отыр, алайда отандық өндірушілер оған аса қатты құлық танытып отырған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда 2021 жылдан бастап отандық сүт өндірушілер сүт және сүт өнімдерін таңбалауға міндеттелмек, деп хабарлады КТК.

Елордадан 60 шақырымдай жерде орналасқан өндіріс орнынан шыққан сүт тек бас шаһардың тұрғындарынан ауыспайды. Келесі жылы енгізілетін жаңашылдық цехті сол тұтынушыларынан да айырғалы тұр. Отандық өндіруші сүтті таңбалауға аса қатты құлық танытып отырған жоқ. Себебі, шығыны көп. Бір жылда 55 миллиондай теңге галлограмманы қоюға кетпек.

"Импорт өнім Қазақстанға еркін кіргізіледі. Ал біздің өнімді сыртқа шығару өте қиын. Жаңа ойлап тапқан жобалары талай проблема туғызатынына сенімдімін. Ол пайда әкелмейді. Осы тұрғыда мемлекеттен қолдау болуы шарт. Олар ұсынған қызмет ақысы ертеңгі күні өсіп кетпеуі керек. Себебі, біздікілер қызба, басында басқаны айтып, кейін айтқанынан тайқып, қызметті қымбаттатып жібереді", - дейді ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші Иван Сауэр.

Біздің нарықтағы сүт өнімдерінің 67 пайызы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден импортталады. Ал Қазақстанның экспорт үлесі тек 9,3 пайыз. Сыртқа шығарғанымыздан, ішке кіргізгеніміз басым. Егер таңбалау енгізілсе, елдегі ірілі-ұсақты өндірістер тұралауы әбден мүмкін. Сәйкесінше тауар құны да қымбаттайды. Әзірге 9 пайыз деген болжам бар.

Күн сайын мұнда 50 тонна сүт өндіріледі. Зауыттан шығарылатын бір қаптамадағы сүттің бағасы 230 теңге. Әрі қарай сауда орындары бұған өз пайызын қосады. Сарапшылар таңбалау басталса, бір қаптамадағы сүтке 1-ден 5 теңгеге дейін қосымша құн қосылады дейді. Ол әлі де нақты бағасы емес. Бұл тұтынушылардың қалтасын қағары сөзсіз.

Жаңашылдықты жаны қалағандар болса, контрафактіден құтылу үшін таңбалау керек дейді. Алайда сарапшылар бұл "тауар түрін жымысқы әрекетпен шекара асыру мүмкін емес" деген пікірде.

Оқи отырыңыз: Алматыда сұранысқа ие бес тауардың бағасы төмендеді 

Зерттеулерге сүйенсек, контрабандалық жолмен сүтті тасу тек 0,1 пайызға жетер жетпес. Салаға жауапты шенеуніктер белгіні енгізудің тиімді тұсын айтып тауысар емес.

"Ресей Федерациясында сүтті таңбалау жүргізіліп жатыр. Ал Қазақстан 2021 жылға дейін бір шешімге келеді. Сүтті таңбалау арқылы оның тиімді тұстарын, өндірістік қуаттылықтың қаншаға артқанын, контрафактінің қалай азайғанын көреміз деп ойлаймын. Екі ел арасында таза, контрафактілік емес, азық-түлік қауіпсіздігі мен елдің қазыналық саясатының талаптарына сай келетін өнім өткізіледі", - дейді ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директоры Бернат Алпысбеков.

Қазақстанда таңбалаумен, оның ішінде қондырғы әкелу, басқа да жұмыстар ұлттық оператор ретінде танылған "Қазақтелекомға" жүктелген.

Пилоттық жоба ретінде солтүстік қазақстандық және қостанайлық сүт фермасы алыныпты. Нәтиже қандай болары уақыт еншісінде.

1728
Кілт сөздер:
Қазақстан, сүт өнімдері
Тақырып бойынша
"Екі есе қымбаттады": алматылықтар қандай өнімдерді жаппай сатып алып жатыр
Иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумендер қажет?
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтеруге тыйым салынады
Қазақстанда сүт қымбаттады