Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы кезіндегі отшашу

Тұңғыш президент күніне орай Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болады

71
Мерекелік отшашуды елорда тұрғындары мен қонақтары 1 желтоқсан күні кешкі сағат тоғызда тамашалай алады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Ертең Тұңғыш президент күніне орай сағат кешкі тоғызда елордада отшашу болады.

Нұрлы жол вокзалындағы жолаушылар пойызы
© Photo : предоставлено пресс-службой национальной компании "Қазақстан темір жолы"
Астана медиа орталығының фейсбуктегі ресми парақшасында мерекелік отшашу қаланың қай жерінен ерекше әдемі көрінетіні жазылған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары отшашуды Есіл өзенінің жағалауында (Сарыарқа ауданы, Орталық саябақ), Ханшатыр маңында, сондай-ақ, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында тамашалай алады", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

2011 жылдың 10 желтоқсанда сенат "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заңды қабылдады. 2012 жылдан бастап елімізде 1 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президенті күні кеңінен аталып өтеді. Бұл күні барша қазақстандық демалады.

 

71
Загрузка...