Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда қай көшелерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

669
(Жаңартылды 11:51 01.12.2019)
Бүгін барша қазақстандық Тұңғыш президент күнін атап өтіп жатыр, мерекеге орай еліміздің түкпір-түкпірінде әртүрлі шаралар өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан қалалары мен алыс-жақын шет елдерде Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған көшелер жетерлік. Sputnik Қазақстан Тұңғыш президент күніне орай Елбасының атымен аталған көшелерге шолу жасағанды жөн көрді.

Тарихи сәт

2019 жылдың 20 наурызында парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ел астанасына тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Сонымен қатар, облыс орталықтарындағы негізгі көшелерді Елбасының құрметіне атау керек деген еді.

Жаңа президенттің тапсырмасынан кейін облыс орталықтары негізгі көшелердің атауын бірінен соң бірі өзгерте бастады.

Мәселен, Өскемен мен Павлодардағы Тәуелсіздік даңғылына, Оралдағы Достық даңғылына, Атырауда Қаныш Сәтпаев даңғылына, Петропавлда Мир көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.

Ал Көкшетаудағы Максим Горький көшесі, Қостанайдағы Абай даңғылы, Шымкенттегі Астана даңғылы, Оралдағы Достық-Дружба көшесі, Ақтөбедегі Әбілқайыр хан даңғылының бір бөлігі, Тараз қаласының ең үлкен көшелерінің бірі – Төле би даңғылы, Қызылордадағы Жібек жолы көшесі, Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесі Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталды.

Бұдан бөлек, Қарағандыда Бейбітшілік бульвары мен Нарманбет Төлепов көшесін қосу арқылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болды. Көше атауларын өзгерту туралы шешімді қалалық мәслихат депутаттары қабылдады.

Осыдан екі жыл бұрын Алматыдағы басты көшелердің бірі Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерген болатын.

Назарбаев даңғылы Ақтауда да пайда болды

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласы Қазақстанның өзге қалаларынан ерекшеленеді. Мұнда көше атаулары жоқ. Ақтау көшелері ықшам аудандармен бөлінген. Қалада 36 ықшам аудан бар. Қаладағы мекенжайлар телефон нөмірі сияқты. Мәселен, бір жердің мекенжайын қысқа ғана 17-27-34 деп айтады. Яғни, бұл 17-аудан, 27-үй, 33-пәтер дегенді білдіреді.

Шаһарда кәдімгі атауы бар екі даңғыл ғана бар. Олар ҚР тұңғыш президенті және Тәуелсіздік даңғылдары.

Тағы оқыңыз: Тұңғыш Президент күні Қазақстан қоғамына қандай өзгеріс әкелді?

Алайда осы жылдың наурызында облыстық мәслихат депутаттарының шешімімен Тұңғыш президент даңғылының атауы Нұрсұлтан Назарбаев болып өзгертілді.

Қазір Ақтөбе қаласының тұрғындары да Мәңгілік ел даңғылына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынып жатыр. Осыған байланысты демалыс күндері бұл өңірде жаппай қоғамдық тыңдау өткізіледі.

Елбасының есімі ұсынылып отырған даңғыл жаңадан салынған ықшам ауданда орналасқан.

Шет елдерде де "Назарбаев" бар

2015 жылы Татарстан астанасы Қазан қаласында Жданов көшесі Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталды.

Түркияның Гебзе, Кыршехир, Невшехир, Адана қалаларында да Назарбаев даңғылы пайда болды.

Шешенстанның бас қаласы Грозныйда да Нұрсұлтан Назарбаев көшесі бар.

Иордания астанасы Аммандағы көшелердің біріне Назарбаевтың есімі берілген.

Ингушетияның бас қаласы Магаста да Нұрсұлтан Назарбаев көшесі бар.

669
дәмхана

Бекшин Алматыда карантин қалай жеңілдетілетінін айтты

0
Он жетінші тамыздан бастап республика бойынша карантин жеңілдетіледі, дегенмен демалыс күндері қатаң шаралар сақталады

АЛМАТЫ, 15 тамыз –Sputnik. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режиміндегі өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, жұмыс күндері қаладағы қоғамдық тамақтану орындары таңғы сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал демалыс және мейрам күндері сағат 10.00-23.00 арасында ашық болады.

"Көптеген қоғамдық тамақтану орындары көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан. Жеке орналасқан тамақтану орындарының халыққа ешқандай зияны тимесе, жұмыс уақытын бір сағатқа көтеруге мүмкіндік бар. Осыны қарастырып, бір шешімге келеміз", - деді Жандарбек Бекшин.

Қаланың бас санитары кәсіпорындардың жұмысы тоқтамауы қажет екенін, соған сәйкес санитарлық нормалар қабылданғанын айтты.

"Қоғамдық тамақтану нысандарының күндіз келушілерді қабылдау ережесі бар. Олар толымдылығы 50%-ке дейін қабылдай алады. Үстелдердің арасында екі метр арақашықтық болуы керек, ал енді орындықтар арасы 60 сантиметрден кем болмауы керек. Тамақтану орындарының қызметкерлері бетперде мен қолғап киіп жүруі керек. Сондай-ақ, қоғамдық экрандар қойылады", - деді Алматының бас санитар дәрігері.

Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин сауда және ойын-сауық орталықтары, аумағы 2000 шаршы метрден асатын сауда орталықтары, таза ауада орналасқан аттракциондар аудиттен өтетінін хабарлады.

"Басқарма аудандармен бірге аудитті жылдам түрде өткізуге дайын. Қазір республиканың бас санитар дәрігерінің қаулысын күтіп отырмыз. Демалыс күндеріне қарамай жұмыс жүргізіледі. Жандарбек Бекшиннің қаулысына қосымша ереже енгізіліп жатыр. Ең алдымен, жұмыскерлерді тестілеу. Кәсіпкерлер қызметкерлерін тестілеуден өткізу үшін infokazakhstan.kz сайтына тіркеліп, қаладағы 12 лабораторияда тестілеуден өткізуге өтініш бере алады",- деді Оразалин.

Айтуынша, қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысында кәсіпкерлік нысандарға, кәсіпкерлік компанияларға видеобақылау орнату пилоттық жобасы қабылданып жатыр.

"Жұмыскерлер мен келушілер бойынша медициналық бетпердені қалай таққаны, арақашықтықты қалай сақтап жатқанын бақылау үшін видеобақылау орнату қабылданып жатыр", - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия карантинді жеңілдетуге байланысты жұмысын қайта бастайтын қызмет түрлерінің тізімін бекітті:

  • сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлері, сауда желілері, жабық базарлар (бір келушіге төрт шаршы метр). 
  • сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.); 
  • бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-тен аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4ш.м.); 
  • балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топта 5 адамнан артық болмайды, жазылу бойынша қабылдайды); 
  • мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (5 адамнан артық болмауы керек);
  • ашық ауадағы аттракциондарар ақашықтықты сақтау, маска тағу және адамдар ағынын реттеу арқылы жұмыс істейді.
0
Кілт сөздер:
карантин
аурухана, коронавирус

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 34 адам көз жұмды

82
(Жаңартылды 10:34 15.08.2020)
Өткен тәулікте республика бойынша 439 адам коронавирустық инфекция жұқтырған, ал 828 адам пневмонияға шалдыққан

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 34 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, коронавирустан 21, ал пневмониядан 13 адам көз жұмған. Тест нәтижесі коронавирустық инфекция көрсеткендер саны - 439, пневмонияға шалдыққандар саны - 828. 

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 20 194 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 109 бала бар. Стационарларда 3 457 науқас жатыр. 16 737 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Жалпы, науқастардың арасында 404 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 79 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 

Республика бойынша өткен тәулікте 2083 адам коронавирус індетінен емделіп шықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 30
  • Алматы қаласы - 659
  • Шымкент қаласы - 4
  • Ақмола облысы - 156
  • Ақтөбе облысы - 12
  • Атырау облысы - 902
  • Шығыс Қазақстан облысы - 85
  • Жамбыл облысы - 139
  • Батыс Қазақстан облысы - 9
  • Қарағанды облысы - 11
  • Қостанай облысы - 16
  • Қызылорда облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 10
  • Павлодар облысы - 26
  • Түркістан облысы - 21

Қазақстан бойынша дерттен жазылғандар саны 80 716 адамға жетті.

82
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы