Жастық, ер адам

Ғалымдар түс көруге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

3745
(Жаңартылды 18:33 01.12.2019)
Түс көрген кезде мидың белдеме қатпары мен орталық бөлігі белсенді бола түсетіні анықталды. Зерттеуге адамдардың екі тобы қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан — Sputnik. Женева университетінің ғалымдары қорқынышты түс көру ояу болғанда күйзеліспен күресуге көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Human Brain Mapping.

Бірінші зерттеу кезінде 18 адамның ұйқы кезіндегі миының белсенділігі зерттелді. Адамдардың әрқайсысын мамандар бірнеше рет оятып, қорқынышты түс көрген-көрмегенін білді.

Адам түс көрген кезде мидың белдеме қатпары мен орталық бөлігі белсенді бола түсетіні анықталды.

Тағы оқыңыз: Желіде қорқынышты түсін айтып берген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Екінші зерттеуге 89 адам қатысты. Қорқынышты түсті жиі көретіндердің миының бұл бөліктерінің белсенділігі ояу болған кезінде төмендейді екен.

Ғалымдар қорқынышты түс көру өмірдегі қиын жағдайларды жоюға көмектесетінін анықтап отыр.

3745
Кілт сөздер:
зерттеу, түс көру, ғалымдар
Тақырып бойынша
Әйелдерге қандай ер адамдар ұнайды – ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады
Қалташадағы шай өте қауіпті болып шықты – ғалымдар дабыл қақты
Ғалымдар қызыл еттің адам өміріне қаупі туралы мәлімдеме жасады
Ғалымдар тұқым қуалайтын ауруды тез анықтаудың әдісін тапты
Ғалымдар ақырын аяңдап жүрудің қандай қаупі барын анықтап берді
Загрузка...