Автобус, архивтегі фото

Тоқаев автобус апатынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты

428
Мемлекет басшысы ірі жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында жол апатынан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

"Қызылорда облысында автобус апатынан қаза тапқан адамдардың туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі. Жол қауіпсіздігі тиісті ведомстволар мен әкімдіктердің ерекше назарында болуы тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Қызылорда облысындағы жол апаты

Бүгін таңғы бестер шамасында "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында автобус аударылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көктайғақтан рөлге ие бола алмай, аударылған.

Соңғы деректерге сүйенсек, салонда 36 жолаушы болған. Сегіз адам көз жұмып, 22 жарақат алды. Автобуста тек Қазақстан азаматтары болған, шетелдіктер жоқ.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, автобус мұнай компаниясына тиесілі екен. Көліктегі жолаушылар Құмкөлге жұмысқа бара жатқан.

Оқиға орнында полиция, төтенше жағдай және медициналық қызмет қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы "Көлік басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қызылордада 8 адамның өмірін қиған жол апаты: жаңа деректер шықты

Автобус жүргізушісі бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейін айырылуы ықтимал.

Төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысы ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Қауырт желі телефоны жұмыс істеп тұр: 8 (7242) 24-41-61, 70-03-28.


428
Кілт сөздер:
апат, автобус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты болды – видео
Қызылорда облысында автобус аударылды: бірнеше адамның мәйіті табылды
Қызылордадағы апат: министр зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтты
Загрузка...