Қатты аяз, архивтегі сурет

35°C аяз: синоптиктер желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

13000
(Жаңартылды 17:49 03.12.2019)
Синоптиктердің болжамынша, екінші және үшінші онкүндіктерде күн кезекті рет суытады. Кей жерлерде 35 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет желтоқсан айындағы ауа райына консультативтік болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, оңтүстік циклонның әсерінен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын, оңтүстіктің кей жерлерінде көбіне жаңбыр, тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-25 м/с дейін күшейеді, солтүстік өңірлерде бұрқасындатады. Сондай-ақ, ауа температурасы көтеріледі.

"Онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан суық ауа массалары ығысып, елдің басым аумағында бірқалыпты аяз болады", - делінген болжамда.

Осыған байланысты ауа температурасы құбылады:

  • батыста, солтүстік-батыста түнде -3...-13°C-тан  -8...-15°C дейін;
  • оңтүстік-батыста -3°C, күндіз -2°C...+3°C жылыға дейін;
  • оңтүстік-батыста +8°C-тан -2...-10°C суыққа дейін;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде +3...+8°C-тан -5...-13°C суыққа дейін, ал күндіз +5...+15°C жылыдан 0...+5°C жылыға дейін;
  • солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -5...-15°C суықтан 0...-8°C дейін,  күндіз -3°C...+5°C-тан -2...-12°C дейін.

Екінші және үшінші онкүндікте күн кезекті рет суытады деп болжанып отыр:

  • оңтүстік-батыс жартысында түнде -10...-20°C, күндіз -5...-10°C;
  • солтүстік-шығыс жартысында түнде -20...-35°C, күндіз -10...-20°C.

Тағы оқыңыз: Тышқан жылы: 2020 жыл қандай болады?

Қазгидромет консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай едәуір өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін ескертті.

13000
Кілт сөздер:
аяз, синоптиктер, ауа райы болжамы, Қазгидромет
Тақырып бойынша
"Жалақы 50%-ке дейін өседі": министр 2020 жылы болатын өзгеріс туралы айтты
2020 жылы халық санағы қалай өтеді
2020 жылы Ораза мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды
Ғалымдар қыстың өлімге әкелетін қаупі туралы айтты
Қазақстанда қыстың ортасында шөп көктеді
2020 жылы доллар бағамы қандай болады – сарапшы болжамы
Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
2020 жылы кімдер үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем көбейеді
Дәріхана, архивтегі сурет

COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты

227
Министр қазіргі уақытта көптеген адамдар дәрігерден кеңес алмай, өзін-өзі емдеумен айналысып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5  шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынын айықтырмайтынын дәрілерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мысалы, қазір бәрі "Цефтриаксон" деген бактерияға қарсы препаратты іздейді. Алайда Қазақстанда осы дәрінің 30-ға жуық атауы тіркелген. Соның ішінде "Цефаксон", "Аксон", "Белацеф", "Севацеф", "Сертоцеф", "ЦЕФ-триаксон", "Ротацеф", "Медаксон", "Зибан", "Цефасон", "Рацифин" және тағы басқа аналогтар бар", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, вирусқа қарсы препараттар да солай. Қазір көбі "Ингавирин" іздейді. Алайда осы іспетті 23 аналог бар. Олар – "Кагоцел", "Грипповир", "Пановир", "Арбидол", "Амиксин", "Тамифлю", "Ремантадин", "Флустоп", "Намидес", "Арпефлю" және тағы басқа дәрігер. 

"Вирусқа қарсы препараттар көп. Алайда ол дәрілер коронавирусты емдеу схемасына кірмейді. Қазір халық оның бәрін жаппай сатып алып жатыр. Бірақ онымен коронавирус инфекциясы емделмейді. Ондай дүрбелең туғызбау қажет. Себебі адамдар дәрігерлерден кеңес алмай, ол препараттарды сатып алады да, өзін-өзі емдеумен айналысады. Оның коронавирусқа қарсы көмегі болмайды", - деп атап көрсетті Цой.

227
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Коронавирус, тест

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

284
Бұған дейін денсаулық министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын әр аптаның соңында жариялау туралы шешім қабылдаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5  шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынан қайтыс болған науқастардың жалпы санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде коронавирус инфекцияның 47 171 жағдайы тіркелген. Бір тәуліктің ішінде 1 452 науқас анықталды. Күнделікті өсім 3,2 процентті құрап отыр. Қайтыс болғандардың саны - 232 адам, бір тәуліктің ішінде, шамамен, 18 науқас", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа екінші рет шалдығу жағдайлары тіркелген жоқ. Кей кезде тесттің нәтижесі қате шығады.  

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық министрлігі коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын әр аптаның соңында жариялау туралы шешім қабылдаған болатын. Себебі науқастардың неден қайтыс болғанын анықтау үшін зерттеу жүргізу керек.

284
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты
"Бір апта ауырды": қазақстандық актер қайтыс болды
Маңғыстау әкімдігі желіде тарап кеткен видеоға қатысты түсініктеме берді
Шымкенттік дәрігер президентке үндеу жолдады - денсаулық министрі жауап берді 
Қазақстанда ПЦР-тестке 34 миллион доллар бөлінеді