Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Білім министрі сенаторлардың ашуына тиген мәселеге жауап берді

2644
(Жаңартылды 12:34 05.12.2019)
Аймағамбетов университеттерді біріктіру арқылы ғылыми атағы бар қызметкерлердің жалақысын орташа есеппен 40 процентке көтеру жоспарланып отырғанын атап өтті   

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық жоғары оқу орындарын біріктіруге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, жоғары оқу орындарын біріктірудің негізгі мақсаты – білім беру сапасын көтеру. Соның нәтижесін алты жыл бұрын біріктірілген университеттерден де байқауға болады. 

"Мәселен, 2013 жылы Қазақстанда екі университет біріктірілген болатын. Соның ішінде Ақтөбедегі педагогикалық институт және Семейдегі педагогикалық институт болды. Біз осы шешімнің тиімділігін зерттеп қарадық. Ақтөбедегі университетте ғылыми атағы бар мамандардың саны 45 проценттен 55 процентке көтерілді. Орташа жалақысы да жоғарылады", - деді Аймағамбетов сенаттың пленарлық отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, Қостанай мемлекеттік университетінің Қостанай педагогикалық университетімен, ал Тараз мемлекеттік университетінің Тараз педагогикалық университетімен біріктірілуі де сондай нәтиже береді. Ғылыми атағы бар қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 40 процентке көтеріледі деген болжам бар. Бұдан бөлек, жастар көбірек барсын деген мақсатта арнайы квота бөлініп отыр. 

"Жалақы 50%-ке дейін өседі": министр 2020 жылы болатын өзгеріс туралы айтты

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде 85 университетте педагог мамандар даярланып жатыр. Биылдың өзінде 44 мың маман оқуды бітірді. Ал білім саласына жыл сайын 10-11 мың мұғалім қажет. Қазіргі кезде санға емес, сапаға басымдық беріліп отыр. Себебі мектепті үздік бітірген жастар педагог мамандығына көп бара бермейді. Ал түсетіндердің басым бөлігі – ҰБТ-дан төмен балл алғандар.

"Бүгінде 85 университет пен 75 колледж педагог мамандарды даярлайды. Бірақ олардың сапасы сын көтермейді. Сондықтан біз кәсіби талаптарды күшейтіп жатырмыз", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.  

Айта кетейік, бұған дейін сенатор Еділ Мамытбеков министрге депутаттық сауал жолдап, Қостанай мемлекеттік университетінің Қостанай педагогикалық университетімен, сондай-ақ, Тараз мемлекеттік университетінің Тараз педагогикалық университетімен біріктірілуіне қатысты наразылық білдірген болатын.

"Қазақстан тәуелсіздік алғанда әрбір облыс орталығында 18 педагогикалық институт болған. Ал 1994-1998 жылдары олардың барлығын басқа жоғары оқу орындарымен біріктіріп, университетке айналдырып жіберді. Соның салдарынан "мұғалім" деген қызметтің мәртебесі төмендеп, мектепке дейінгі, орта және арнайы орта білім саласында маман тапашылығы туындады", - деді Мамытбеков.

Осы сауалға бірнеше сенатор да қосылды.

2644
Кілт сөздер:
білім министрлігі, сенатор, Асхат Аймағамбетов
Тақырып бойынша
Депутат мұғалімдерге айыппұл салу мәселесін көтерді
"Асықпау керек": Тоқаев білім министріне тапсырма берді
Елімізде бес университеттің лицензиясы уақытша тоқтатылды
Министр мұғалімдердің өмірі қалай өзгеретінін айтты
Мұғалімдердің жалақысы өседі: білім министрі тізімге кімдердің ілігетінін айтты
Ақша, теңге

Тоқаевтың тапсырмасы: министр дәрігерлердің жалақысы қаншаға өсетінін айтты 

85
(Жаңартылды 20:26 29.05.2020)
Министр медицина қызметкерлерінің айлығын арттыру жұмысы былтыр басталғанын атап өтті. Ол кезде ақхалаттылардың жалақысы 30%-ке көбейген

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Әлем елдерінің стандарттарына жақындау үшін дәрігердің орташа жалақысы 550 мың теңге болуы тиіс. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ол медицина қызметкерлерінің айлығын арттыру жұмысы былтыр басталғанын атап өтті. Ол кезде ақхалаттылардың жалақысы 30%-ке көбейген. 

Бұдан бөлек, қаңтардан бастап республикалық бюджеттен және медициналық сақтандыру қорынан еңбекақы төлеу қорын 30 процентке арттыру үшін қосымша қаржы бөлінді. 

"Біз есеп-қисап жүргіздік. Бізге әр жыл сайын еңбекақы төлеу қорын 30%-ке арттыру қажет болады. Сол кезде қалаған деңгейге жетеміз, әлем елдерінің стандарттарына жақындау үшін дәрігердің орташа жалақысы 550 мың теңге болуы тиіс. Әйтпесе, біз кадрларымызды жоғалта береміз", - деді Біртанов "Хабар 24" телеарнасында өткен тікелей эфирде. 

Айтуынша, бекітілген 2025 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында медицина қызметкерлерінің еңбекақысын кезең-кезеңмен өсіру жоспарланған. 2025 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық ету көзделген. 

"Алайда президент қазіргі жағдайды ескеріп бұл көрсеткішке 2023 жылы жетуді тапсырды. Осыған байланысты біз тиісті есептеулер жүргіздік", - деді ол. 

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында дәрігерлердің жалақысын биылдан бастап кезең-кезеңмен өсіруді тапсырды.

 

85
Тақырып бойынша
Қытайдан келген дәрігерлер елордалық әріптестерінің жұмысын бағалады
Президент дәрігерлер үшін қылмыстық жазаны өзгертуді ұсынды
Абаев қандай дәрігерлер айына 1 миллион теңге алатынын айтты
Күн сайын 200-300 қазақстандық вирус жұқтырады: министр түсініктеме берді
Вирус жұқтырған кейбір адамдар неге ауруханаға жатқызылмайды - министр жауабы
Медицина қызметкері

Күн сайын 200-300 қазақстандық вирус жұқтырады: министр түсініктеме берді

51
(Жаңартылды 19:45 29.05.2020)
Министр жалпы Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтты. Соңғы айда вирус жұқтыру өсімі орташа есеппен 5 проценттен аспаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов күн сайын вирус жұқтырған 200-300 адамның тіркелуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бұл инфекциялық аурудың таралуы, сол себепті, әрине, цифр өседі. Егер таралу қарқыны мен қайтыс болғандар санын қарасақ, бұл жерде әр елде көрсеткіштер әртүрлі. Бізде бірқатар өңірде өсім қарқыны артып отыр, бұл ұйымдасқан ұжымдарда вирус таралып жатқанын білдіреді", - деді Біртанов "Хабар 24" телеарнасындағы тікелей эфирде. 

Министр жалпы Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтты. Соңғы айда вирус жұқтыру өсімі орташа есеппен 5 проценттен аспаған. 

"Бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 10 мыңнан сәл асады. Алайда өсім қарқыны 3-5 процент шамасында құбылады", - деді ведомство басшысы. 

Айта кетсек, coronavirus2020.kz сайтында індетке шалдыққандардың саны – 9 932. Соның ішінде 5 011 адам дертінен жазылып шыққан, 37 науқас қайтыс болды.

51
Кілт сөздер:
түсініктеме, министр, Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 
Қазақстанда вирус жұқтырғандарды емдеуге "Гидроксихлорохин" қолданылмайды
Вирус жұқтырған кейбір адамдар неге ауруханаға жатқызылмайды - министр жауабы
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
"Көзге көрінбейтін дұшпан": Вирус жұқтырған шенеунік желіде жазба жариялады
Компьютер, интернет

SputnikPro сарапшылары сайтты ыңғайлы етуге қатысты кеңес берді

0
Веб-аналитиканың маңызды болуының бірнеше себебі бар. Ол арқылы аудиторияны, интернет-ресурстың техникалық тұсы мен тұтынушылардың әрекетіне талдау жасауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Web-аналитика не үшін керек, сайт статистикасын бақылау кезінде оның жүйелері қалай жұмыс істейді? Бұл сауалдарға журналистер мен блогерлерге арналған SputnikPro вебинарында "Россия сегодня"  халықаралық ақпарат агенттігінің веб-сарапшысы Игорь Тугушев жауап берді.

Сарапшы "Титаник" апатын мысалға келтіре отырып, web-сараптаманың маңыздылығы туралы айтты.

Скриншот вебинара SputnikPro с веб-аналитиком МИА Россия сегодня Игорем Тугушевым
© Sputnik /
SputnikPro вебинарының скриншоты

"Трагедия не үшін болды? Басты себеп - капитан мен орынбасарының салғырттығы, алайда екінші себеп - навигациялық құралдардың әлсіз болуы", - деді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта навигациялық кешендер дамып кетті.

"Титаник пен сіз интернет мұхитына жіберетін интернет-сервисті салыстыруға болады. Егер заманауи навигациялық құралдар қолданылмаса, мұхитта көзді жұмып жүзгендей боласыз", - деді маман.

Web-аналитика - интернет-ресурстың мәліметтерін жинау мен талдауға арналған шаралар кешені. 

Тугушев статистика жинаудың негізгі клиенттік жүйелерін атады: Google Analytics, Liveinternet, Рейтинг mail.ru, Яндекс Метрика.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елден 3 мыңнан астам өкіл қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

0