Қоғам

Нұр-Сұлтанда тонналаған түрік анары өртелді

Жазылу
Инспекторлар анардан зиянкес табылуына байланысты әкімшілік іс қозғады, сот шешімімен өнім иесіне 53 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің инспекторлары өртеу әдісімен зақымданған 2 318 килограмм анар жемісін жойды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Түркия елінен келген анар жемістеріне карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында 2 318 килограмм жидекке қауіпті карантиндік зиянкестер – Комсток құрты түскенін анықтады", - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған өнім тәркіленіп, экополигон аумағында өртеу әдісімен жойылды.Сонымен қатар, осы факті бойынша инспекторлар әкімшілік іс қозғап, сот шешімімен өнім иесіне 53 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тағы оқыңыз: Картоп ауыр дертке шалдықтырады: қалай жеген зиянсыз? 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл қауіпті зиянкес алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, цитрустер, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқа да бақша көкөністері мен жеміс-жидектерін және жабайы өсімдіктерді зақымдайды. Ол жаппай таралған кезде өсімдіктер қурап кетуі мүмкін.

Жаңалықтар
0