Ақша, теңге

Тоқаев үкіметке тапсырма берді: жаңа жылдан бастап кімнің қалтасы қалыңдайды

8491
(Жаңартылды 12:49 10.12.2019)
Президент стипендия 2016 жылдан бері көтерілмегенін айтты. Ол білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру маңызды міндеттердің бірі екеніне тоқталды

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы ұлғаяды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев студенттердің шәкіртақысын көтеру назардан тыс қалғанын атап өтті. Айтуынша, стипендия 2016 жылдан бері көтерілмеген.

"Бірақ оның объективті себептері бар еді. Сондықтан студенттерді қолдау үшін мен шешім қабылдадым. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақысы 25 процентке көбейеді. Бұл шара 130 мың адамды қамтиды", - деді президент жастармен кездесуінде.

Осыған ұқсас қолдау колледж студенттеріне де көрсетіледі. Нәтижесінде 100 мыңдай адамның шәкіртақысы артады.

"Менің тапсырмам бойынша, үкімет 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы орта білім алатын колледж студенттерінің стипендиясы 25 процентке өседі", - деді мемлекет басшысы. 

Тоқаев білім сапасы мен қолжетімділігін арттыру маңызды міндеттердің бірі.

"Атамекен" ҰКП мәліметтері бойынша, бүгінде жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектердің 60 процентке жуығы өз мамандығымен жұмыс таба алмайды. Бұл біздің білімнің сапасы қандай деңгейде екенін көрсетіп отыр", - деді президент.

Мемлекет басшысы білім алатын жастарға мамандық бойынша жұмыс істеп, теория мен практиканы ұштастыруға кеңес береді.

Тағы оқыңыз: "Бұл дұрыс емес": Тоқаев үкіметтің жұмысын сынға алды

Сонымен қатар, Тоқаев өңірлерде жоғары деңгейдегі университет пен колледждер құру ісін жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Айта кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылуы мен Волонтер жылының ашылуына арналған шараға қатысты.

Жастармен кездесу елордадағы ЭКСПО кешенінде өтті.

8491
Кілт сөздер:
жаңа жыл, үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Оқушы қызға 50 университет грант ұсынды: енді ол 1 миллион доллар шәкіртақы алады
Мемлекеттен жарты миллион теңге алу үшін не істеу керек?
Қазақ қызы шетелде екі бірдей білім грантын қалай ұтып алды?
Жаңа білім министрі студенттердің шәкіртақысы қаншаға өсетінін айтты
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

2
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

2
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизонын тексерді

Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонының қысқы дайындығын қатаң сынға алды

20
(Жаңартылды 21:03 24.09.2020)
Әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігер компаниялар жұмысты аяқтау мерзімін сақтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқы дайындығын қатаң сынға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Сарыөзек гарнизонындағы жылу желілері жылыту маусымына толық дайын емес. Ал қараша айына жоспарланған әскери қалашық, казарма ғимараттарын жөндеуге тартылған мердігерлер жұмысты аяқтау мерзімін сақтап отырған жоқ.

Суық күндер келе жатыр, бұған жол беруге болмайды, деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы.

  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
  • Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады
    © Photo : Минобороны Казахстана
1 / 3
© Photo : Минобороны Казахстана
Сарыөзек гарнизоны нысандарының қысқа дайындығына қорғаныс министрінің көңілі толмады

Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрлігінің мердігерлері тек қана үлгілі ұйым болуы керек екенін атап өтіп, мердігер ұйым басшыларынан нысандарды тапсыру мерзімін сақтауды талап етті.

Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды 

Ал мердігерлер әскери нысандарға кіруге рұқсат алу мерзімі созылып кететінін айтып шағымданды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты министр байқауларды өткізу тәртібі мен шарттарын жетілдіруді, командирлер, ҚР Қарулы күштері әскерлерін пәтерлерге орналастыру бас басқармасы, аудандық пайдалану бөлімдері мен мердігерлер арасында міндеттерді бөлу бойынша кешенді жүйелі ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.  

20
Кілт сөздер:
қыс, Ермекбаев
Тақырып бойынша
Тоқаев Ақордадағы кеңесте алдағы өзгерістердің басты мақсатын айтты
Тоқаев былтыр жарылыс болған Арыс қаласына барды
Қыркүйекте әскерге шақырудың күзгі науқаны басталады
Маңғыстау облысында ірі ауқымды әскери оқу-жаттығу өтті