Ұйқы, архивтегі сурет

Дәрігер күндіз ұйықтау несімен қауіпті екенін айтты

1181
(Жаңартылды 08:33 13.12.2019)
Сомнолог күндіз ұзақ ұйықтаудың адам денсаулығына қауіпті екенін айтып, ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесімен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан — Sputnik. Сеченовский университетінің медицина бөлімінің меңгерушісі Михаил Полуэктов әдеттегі күндізгі ұйқының қауіпті емес екенін айтты. Алайда мұндай әдет адамның сырқатының белгісі  болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін EurekAlert! сайтында қытайлық ғалымдардың зерттеуі туралы жарияланған болатын. Оның қорытындысына сәйкес, күндіз 9-10 сағаттан артық ұйықтайтын адамдарда инсульт алу қаупі жоғары екені анықталған.

Мамандар күндіз жарты сағаттан аз ұйықтаған жөн екенін айтып отыр.

"Егер күндіз 10-20-30 минут ұйықтаса, жүрек-қантамыр ауруларына шалдығу қаупі төмендейді. Ал бұл мөлшерден көп ұйықтаса, керісінше, арта түседі. Күндіз көп ұйықтауға бейім адамдар қандай да бір дертке шалдыққан болуы мүмкін", - дейді дәрігерлер.

Тағы оқыңыз: Бастырылу деген не және одан қалай арылуға болады?

Мамандар күндіз көп ұйықтайтын жандардың инсульт алу қаупі жоғары екенін атап өтті. Демек, тым көп ұйықтау ағзаның қандай да бір жүйесінің дұрыс істемеуінің белгісі. Ол жүйке немесе жүрек-қантамыр жүйесі болуы әбден мүмкін.

1181
Кілт сөздер:
ұйқы, дәрігер
Тақырып бойынша
"Өліп кетуі мүмкін". Сомнолог түнгі 12-ден кейін ұйықтайтындарды сақтандырды
Ғалымдар түс көруге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады
Күндіз ұйқы басса, не жеу керек – мамандар жауабы
Ұйқының рак пен қартаюға қарсы пайдасы анықталды
Ғалымдар тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтаса не болатынын анықтады
Загрузка...