Олжас Сүлейменов

Олжас Сүлейменов қазақ халқының алдында тұрған басты сын-қатерді атады

11691
(Жаңартылды 13:07 16.12.2019)
Ақын және қоғам қайраткері Sputnik Қазақстанға халықтың әл-ауқатын арттыру неліктен маңызды екенін жеткізді 

НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан – Sputnik. Белгілі жазушы, ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Қазақстан Тәуелсіздігі күнінде Sputnik Қазақстан тілшісіне қазақ халқының алдында тұрған басты сын-қатерді айтып берді.

"Невада-Семей" антиядролық қозғалысы жетекшісінің айтуынша, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқы екіге – ауқатты және жарлы топқа бөлінді. Сүлейменов бұл айырмашылықты қысқарту республика билігінің алдағы бес-он жылдағы басты міндеті деп санайды.

"Бұл болашақта қиындық тудыратын өте жағымсыз дерек. Қазір аз ғана дәулетті топ пен қаптаған кедейдің арасындағы алшақтықты азайтуға тырысуымыз керек. Олардың арасында элита мен қоғамның қалған бөлігін қақтығыстардан құтқаратын "қалың" орта тап болуы тиіс", - деп қорқынышын жеткізді ақын.

Қоғам қайраткері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл проблеманы жете түсініп, билікке қазақ қоғамын таптық қарсыласудан арылту міндетін қойып отырғанын атап өтті.

"Кеңестік кезеңдегі 70 жылда біз бөлінуден құтылдық. Халық бай мен кедейге бөлінбеді, бірдей кеңес адамы болды. Тәуелсіздік жылдарында пролетарлар мен буржуа қайта бой көтерді. Қауіпті қақтығыстардың алдын алу үшін материалдық қана емес, мәдени, рухани тұрғыда да шекара болмауы қажет", - деп толықтырды жазушы.

Тағы оқыңыз: Перуашев қара халықты қорқытып-үркіткен вице-министрдің мәлімдемесіне шүйлікті 

Олжас Сүлейменов елімізде орта таптың пайда болуының басты шарты шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау екенін айтады.

Мысал ретінде ақын сонау жетпісінші жылдары кәсіпкерлерді бес жылға салықтан босатқан Қытай басшысы Мао Цзэдунды еске түсірді.

Олжас Сүлейменов сонымен бірге елде билік ауысқан кезде қандай сезімде болғанын әңгімеледі. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет өміріне араласуды жалғастырып, жаңа президентке көмектесіп жүр. Сондықтан Сүлейменов президенттің ауысуынан айтарлықтай айырмашылық сезінбепті.

11691
Кілт сөздер:
кедей, қақтығыс, Олжас Сүлейменов
Тақырып бойынша
Бай мемлекетте кедейлер болмау керек – кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы
Тоқаев: Мұнайға ғана сеніп, өмір сүруге болмайды
Тоқаев Қазақстан мен Қытай тарихында ортақ дүниелер бар екенін айтты
Көпбалалы отбасылар баспана алу үшін жеке кезекке тұрады
Назарбаев: Тоқаевтың маңайына элитаны топтастыру міндеті тұр
Коронавирус сынамасын жүргізу

Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды

55
(Жаңартылды 12:35 25.05.2020)
Өткен тәулікте Атырау облысында 12 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның ішінде үш жасар қыз бар

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Үш жасар бүлдіршіннің Covid-19 вирусын жұқтырған адаммен тығыз байланыста болғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында тағы 12 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Міндетті скрининг кезінде Теңіз кен орнының 9 жұмысшысынан вирус табылды.

"Бұдан бөлек, тағы үш науқас анықталды. Оның бірі 24 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болса, екіншісі 53 жастағы Құлсары тұрғыны. Ал үшіншісі үш жасар бүлдіршін қыз. Оның вирус жұқтырған адаммен тығыз байланыста болғаны анықталды", – делінген жедел штаб хабарламасында.

Қазіргі кезде барлық науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, оларға алгоритм бойынша емдеу жүргізілуде. Инфекция ошағы мен байланыста болған адамдар анықталып жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны 891 адамға жетті. Ал жазылып шыққандар – 226.

Оқи отырыңыз: Атырауда коронавирус жұқтырған екі әйел босанды

55
Кілт сөздер:
коронавирус, Атырау
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Көзге көрінбейтін дұшпан": Вирус жұқтырған шенеунік желіде жазба жариялады
"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 
"Туыстары түсінгісі келмейді": Өзіне қол салған адамнан вирус табылды
Дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі басшылар жауапкершілікке тартылады
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді
Архивтегі фото

COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды

36
Ресейлік вирусолог коронавирус инфекциясын емдеу кезінде қандай дәрілерді қолдануға болмайтыны айтты

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Вирусолог дәрігер Надежда Жолобак коронавирус инфекциясынан өз бетінше тұмауға қарсы дәрілермен емделетін науқастардың қателігін атады.

Дәрігер коронавирус инфекциясы болған жағдайда, қабынуға қарсы стероидты емес танымал ибупрофен, аспирин, вольтарен, виклофенак және напроксен секілді препараттардың зиянды екенін айтты.

"Француз және италиян зерттеушілерінің тәжірибесі бұл препараттардың көмектеспейтінін көрсетті, тіпті бұл дәрілер ағзаны вирус қабылдағыш етеді. Сол себепті аспирин ішуге болмайды", - деп түсіндірді маман "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында.

Аталған дәрілер инфекция жұқтыруға жағдай жасайды. Ол өкпеге оңай еніп, кейіннен пневмонияның қабынуы мен альвеолдың зақымдануына әкеледі.

Оның айтуынша, Батыс дәрігерлері тек парацетамол ішуді ұсынады.

"Шын мәнінде, парацетамолдан да бас тарту қажет. Оның әсері соңына дейін зерттелмеген және салдарының қандай болатыны белгісіз", - деді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Сонымен қатар маман ауруды басатын дәрілерді қолданбауды ұсынды, себебі олар тыныс алуды қиындатып, әртүрлі патологияларды тудыруы мүмкін.

Маманның айтуынша, егер дене қызуы жоғары болса, өз бетінше ем қабылдамай, бірден дәрігерге қаралу қажет.

36
Кілт сөздер:
дәрі-дәрмек, инфекция
Тақырып бойынша
Маман коронавирустың бұған дейін айтылмаған қаупін атады
Алматының бас санитар дәрігері кімдерге вирус жұқпайтынын айтты
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Тоқаев коронавирусқа қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді
Ғалымдар коронавирустан қорғанудың жолын тапты
 Архивтегі фото

Ақтөбе облысында ер адам өртеніп жатқан үйден жеті адамды құтқарды

4
(Жаңартылды 12:45 25.05.2020)
Өрт тұрғындар ұйықтап жатқанда, таңертең ерте шыққан. Көршілердің бір үйдегі адамдарды, оның ішінде жүкті әйел мен үш баланы өрттен аман алып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Шұбарқұдық ауылында ер адам өрттен жеті адамды алып шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 23 мамыр күні таңғы бесте болған.  

Көрші тұратын Медет Қалмұханов өртті байқап қалып, өрт сөндірушілер келгенге дейін терезені сындырып, үйге кірген. Ер адам жеті тұрғынға сыртқа шығуға көмектескен, олардың үшеуі бала, біреуі жүкті әйел.

Оқи отырыңыз: Үй отқа оранды - балаларды құтқарған астаналықтың аты-жөні айтылды 

"Қажет кезде қажет жерден табылғаныма өте қуаныштымын!", - дейді Медет.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына төрт минут ішінде жеткен. 100 шаршы метрден астам үйдің шатыры мен дәліз отқа оранды. Өрт сағат 05.04-те ошауланып, 05.56-да сөндірілді.  

4
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, өрт
Тақырып бойынша
Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді – видео
"Көршілер айқайлады": Алматылық әйелін құтқару үшін отқа оранған үйге кіріп кеткен
Елордада өрт сөндірушілер коронавируспен күресуге көшеге шықты – видео
Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды
Нұр-Сұлтанда балаларды жанып жатқан көліктен құтқарған ер адам марапатталды