Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты

Елшілік қызметкерінің өлімі: министрлік оқиғаның қалай болғанын хабарлады

1973
Осыған дейін Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың жұмбақ жағдайда қаза тапқаны туралы мәлімет тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Мысырда жұмбақ жағдайда қаза болған Қазақстан елшілігі қызметкерінің өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, 2019 жылдың 13 желтоқсанында күндізгі сағат 11:15-те Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің екінші хатшысы Еламан Жолдасовтың жұбайы үйінің кіреберісінен күйеуінің мәйітін тапқан.

"Ол бірінші кезекте елшілікке хабарласты. Біздің дипломаттар 5-7 минут ішінде оқиға орнына жетіп, тиісті шешімді қабылдады. Сондай-ақ оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, прокуратура мен криминалды полицияның тергеу топтары шақырылды", - деді ол сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.

Сонымен қатар Айбек Смадияров 15 желтоқсанда Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің өкілдері қызметтік тексеріс жүргізу үшін Каирге жіберілгенін атап өтті.

Египетте Қазақстан елшілігінің қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болды 

"Қазіргі уақытта Мысыр прокуратурасы бұл іске қатысты  тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу шеңберінде қызметкердің мәйітіне сот-медициналық сараптама жасалды. Оның нәтижесі жақын арада Қазақстанға беріледі. Сондай-ақ сыртқы істер министрлігі дипломаттың денесі Қазақстанға жеткізілгеннен кейін қосымша сот-медициналық сарапта жүргізіледі", - деді ресми өкіл.

Ол қайғылы жағдай сыртқы істер министрлігінің ұжымына ауыр тигенін атап өтті.

"Еламан өте парасатты және жауапты адам болды, өз ісінің және араб тілінің жақсы маманы еді. Ол Мысырдың бұқаралық ақпарат құралдарына жиі сұхбат беріп, теледидардан сөз сөйлеп жүрді. Сыртқы істер министрлігі жүйесінде 2013 жылдан бастап жұмыс істеді. 2017 жылдың мамыр айынан Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің мәдени-гуманитарлық мәселелер жөніндегі екінші хатшысы қызметін атқарды. Басшылық пен әріптестері арасында жоғары беделге ие болған", - деп түйіндеді сөзін Айбек Смадияров.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың жұмбақ жағдайда қаза тапқаны туралы мәлімет тараған болатын.

1973
Кілт сөздер:
өлім, Қазақстан елшісі
Тақырып бойынша
Он тоғыз жыл бұрын жоғалып, Тәжікстанда табылған қыздың адам сенгісіз тағдыры
Министрлік Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялау туралы айтты
Литвада ұсталған Қазақстан елшілігінің қызметкері елге қайтарылды
Ерхат Есқалиев

"СК-Фармацияға" жаңа басшы тағайындалды

23
(Жаңартылды 13:26 12.07.2020)
Ол осы лауазымға тағайындалғанға дейін ұлттық кәсіпкерлер палатасының көлік логистикасы ішкі комитетінің төрағасы қызметін атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Премьер-министр келісімімен Есқалиев Ерхат Серікұлы "СК-Фармация" ЖШС-нің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.  

Ерхат Серікұлы 1976 жылы Алматы қаласында туған.

"Ол "Братьев Карич" университетінің банк ісі және сауда академиясын, "Әділет" жоғары құқық мектебін, Халықаралық бизнес академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Халықаралық бизнес мектебін бітірген", – делінген хабарламада. 

1999–2003 жыл аралығында Атырау облысы әкімдігінің, мемлекеттік кіріс министрлігінің, қаржы министрлігінің, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының құрылымында жұмыс істеді. 

Есқалиевтің қызметтік өтілі туралы не білеміз?

2003-2006 жылы – "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры. 

2006 жылдан 2008 жыл аралығында "ҚДБ-ЛИЗИНГ" АҚ басқарма төрағасы болды. 

2008-2009 жылы – "Қазтеміртранс" АҚ президенті.

2009-2010 жыл аралығында – индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі. 

2010-2011 жылы – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президентінің кеңесшісі. 

2011-2013 жыл аралығында – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ логистика жөніндегі вице-президенті. 

2013-2015 жылы – "Kazlogistics" Қазақстан көлік одағы" ЗТБ бас директоры. 

2015-2016 жыл аралығында "Біріккен көлік-логистикалық компания" ААҚ бірінші вице-президенті болып еңбек етті. 

2016-2018 жылы – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" көлік және логистика" салалық дирекциясының директоры. 

Оқи отырыңыз: Президент бірқатар басшыны жұмыстан босатуды тапсырды

2018 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін ұлттық кәсіпкерлер палатасының көлік логистикасы ішкі комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 

23
Кілт сөздер:
дәріхана, дәрі-дәрмек
Тақырып бойынша
Президент дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі қай кезде шешілетінін айтты
Тоқаев арнайы комиссия құруға тапсырма берді
Фармация комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
"СК-Фармация" бір миллиардтан теңгеден астам айыппұл төледі
Елбасы "СК-Фармация" компаниясының қызметкерлерін жұмыстан қууды талап етті
Дәрігер

Тоқаев Атырау облысына қандай көмек көрсетілетінін айтты

179
Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткіші жоғарылағандықтан, өңірге арнайы комиссия аттанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық пандемияға байланысты Атырау облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі", – деп жазды Тоқаев Twitter-де.

11 шілде күнгі деректер бойынша Атырау облысында 7 662 адамда коронавирус ауруы анықталған. Ал өткен тәулік ішінде 269 адамда аталған індеттің диагнозы расталды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Теңіз кен орнында екі мыңнан астам компания қызметкерінде коронавирус ауруы анықталған.

Инфекция ошағы ретінде Теңіз кенішіндегі 36 вахталық поселке мен Теңізде жұмыс істейтін 57 ЖШС есепке алынған.

Айта кетейік, президент жақында ғана осы өңірге премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған арнайы комиссия жіберген болатын. Сондай-ақ, Тоқаев өңір басшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындамай отырғанын айтып, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сөгіс жариялағаны белгілі.

Кейіннен Атырау облысында карантин режимі күшейтілді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев министрлер мен әкімдерге: демалысты ұмытыңдар

Сонымен қатар, энергетика министрлігі мен оның жергілікті жердегі атқарушы органдарына ауысымға келген жұмысшылардың ПТР тестілеуден өтуін 3 күннен аспайтын мерзімде жасалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте жұмыс берушілер осы тапсырманың орындалуына жауапты болады.

179
Кілт сөздер:
эпидемия, коронавирус, Атырау облысы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев арнайы комиссия құруға тапсырма берді
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Тоқаев мораторий жарияланған Жер кодексі туралы: Бұл мәселеге енді оралмаймыз
Тоқаев үкіметтің бастамасы туралы: жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін
Тоқаев биліктің қалай өзгеретінін айтты