Героин, архивтегі фото

Енді есірткі сатқандар мен педофилдер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін

280
Кәмелеттік жасқа толмағандарға есірткі сатқандар мен бала зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда есірткі заттарын сату және тарату бойынша жазаны күшейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жаңа заң жобасы бойынша есірткіге жарнама жасауға қатысты жаңа бап енгізілген. Себебі бүгінде осы мәселе елді қатты алаңдатып жүр. Ғимараттарда есірткі заттарының жарнамасы көбейіп кетті. Әзірге ол үшін жаза қарастырылмаған.

Тағы оқыңыз: Мал ұрлығы үшін жаза күшейтіледі – Бас прокуратура

"Енді олай болмайды. Заңсыз есірткінің насихаты мен жарнамасы үшін жауапқа тартамыз. Жазасы ауыр. Айыппұл, түзету мен қоғамдық жұмыстар деген болмайды, тек бас бостандығынан айыру көзделіп отыр. Мерзімі – 6 жылға дейін", - деді Ахметжанов сенаттың пленарлық отырысында.

Бұдан бөлек, заңсыз есірткі айналымы үшін жазаны күшейту жоспарланған.

"Енді есірткіні интернет арқылы, қоғамдық жерлерде, түнгі клубтарда, дәмханада, саябақта таратқаны үшін жаңа құрам қарастырып отырмыз. 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал кәмелеттік жасқа толмаған балаға осы жолдармен таратса, тіпті, өмір бойына бас бостандығынан айырамыз", - деп атап көрсетті Ахметжанов.

Айта кеткен жөн, заң жобасында зорлық-зомбылық қылмыстары үшін жазаны күшейту шаралары да бар. Осы санаттағы қылмыстар бойынша енді татуласу болмайды. Ал жас баланы зорлау мен сексуалды сипаттағы әрекеттер үшін тек 20 жыл немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Баланың зорланғаны туралы хабар бермегендер 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сенаторлар қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

280
Кілт сөздер:
педофил, есірткі
Тақырып бойынша
"Өмір бақи бас бостандығынан айырылады": елімізде жаңа заң әзірленіп жатыр
5 мың педофил мен қаскөйді ешкім босатайын деп жатқан жоқ – Бас прокуратура
Қазақстанда химиялық піштіру қалай жүргізіледі?
Президент заңға өзгерту енгізуді тапсырды
Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарғаннан кейін 15 жылға соттауы мүмкін – адвокат
Шымкентте 9 жасар қызға ойына келгенін істеп, зорлап тастаған азғынға үкім шықты
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

903
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

903
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1840
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1840
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

334
(Жаңартылды 14:44 27.09.2020)
Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы пен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

334
Кілт сөздер:
қақтығыс