Оқушылар, архивтегі фото

"Кім жауап береді?": Сенатор білім саласындағы былықты жайып салды   

4018
Мұрат Бақтиярұлы мұғалімдерге бөлінген ақша тиімсіз жұмсалды деп санайды. Оның пікірінше, реформалар қаржы бөлдіру мақсатында ғана жасалған сияқты     

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы білім саласының негізгі мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы ширек ғасырдың ішінде отандық білім саласы реформалардан көз ашпай келеді. Ал ғылыми тұрғыда зерттелмеген реформаларды жүзеге асыруда техникалық мүмкіншіліктеріміз де, сол реформаны жасайтын ең басты тұлға – мұғалім мен оқушы, сондай-ақ,  ұлттық менталитет пен психологиямыз ескерілмеді.

Тағы оқыңыз: Білім министрлігі мектептерді дамыту үшін Дүниежүзілік банктен қарыз алды 

"Мысалы, 2012 жылы мұғалімдерді Кембридж технологиясы бойынша деңгейлік курстардан өткізу басталды. 2016 жылдан бастап мектептерде үш тілде сабақ беруді енгіздік. Осы 2016-2019 жылдары үш тілде оқыту аясында 22 250 пән мұғалімі ағылшын тілінен біліктілікті арттыру курсынан өтті. Бұған республикалық бюджеттен 13,1 миллиард теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде осы курсты бітіргеннің 8 763-і ғана ағылшын тілінде сабақ береді. Қалған 13 478-і не үшін курстан өткені белгісіз. Оларға қыруар қаржы бөлінді. Ол үшін кім жауап береді?", - деді Бақтиярұлы сенаттың пленарлық отырысында.

Сенатордың ойынша, жаңартылған білім бағдарламасы асығыс енгізілді. Ал соңғы реформалар көп жағдайда ақша үшін жасалған сияқты.

"Осыған қарап, білім саласына реформа жасап, әртүрлі бағдарлама қабылдап, ақша бөлдіру ниеті алға озып тұрғандай болып көрінеді. Соның бір айғағы – елдегі орта білім беру, оның ішінде үштілділікті енгізу үшін Дүниежүзілік даму банкінен 66 миллион доллар көлеміндегі кредиттің алынуы", - деп атап көрсетті Бақтиярұлы.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстан балаларды орта біліммен қамтамасыз ету жағынан 148 елдің ішінен 18-ші орын алса, білімнің сапасы бойынша 84-ші орында тұр. Бұл "сан барда сапа жеткіліксіз" деген сөз.

 

 

4018
Кілт сөздер:
реформа, мұғалім, білім
Тақырып бойынша
Елімізде бес университеттің лицензиясы уақытша тоқтатылды
Қазақстанда тағы реформа: Енді медбикелер де емдейді
Қазақстан президенті қандай реформаларды қолға алатынын айтты
Грузия білім реформасын қалай іске асырады: премьер-министр елдің тәжірибесімен бөлісті
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

68
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

68
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады
Архивтегі фото

Індеттен жазылғандардың саны бес мыңға жуықтады

44
Қазақстанда 9 576 тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырып,  оның 4 893-і ауруханадан емделіп шықты   

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 66 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Алматы қаласында 28, Нұр-Сұлтан қаласында 11, Шымкент қаласында 3, Жамбыл облысында 3, Қарағанды облысында 8, Қостанай облысында 2, Түркістан облысында 10, Маңғыстау облысында 1 науқас жазылды", - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 4 893.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1029,
  • Алматы қаласы – 1373,
  • Шымкент қаласы – 244,
  • Ақмола облысы – 106,
  • Ақтөбе облысы – 176,
  • Алматы облысы – 180,
  • Атырау облысы – 279,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 51,
  • Жамбыл облысы – 176,
  • Батыс Қазақстан облысы – 269,
  • Қарағанды облысы – 217,
  • Қостанай облысы – 62,
  • Қызылорда облысы – 233,
  • Маңғыстау облысы – 116,
  • Павлодар облысы – 148,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 35,
  • Түркістан облысы – 199.

Айта кетейік, Қазақстанда 9 576 адам коронавирус жұқтырды, оның 37-сі көз жұмды.

"Кіріме дейін жуды": Індетті жеңген 89 жастағы кейуана дәрігерлерге алғыс айтты 

44
Кілт сөздер:
науқас, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Алматы қаласының бас дәрігері үйде емделудің ерекшелігін түсіндірді
"Қорқып кеттік": Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындардан кешірім сұрады
Пандемия рекордты бұзды: бір тәулікте 100 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтырды
Қырғызстан парламентінің экс-спикері коронавирустан қайтыс болды