L-410 ұшағының кабинасындағы ұшқыш, архивтегі фото

Алматы түбінде құлаған ұшақтың командирі туралы ақпарат жарияланды

7515
(Жаңартылды 11:33 29.12.2019)
Марат Мұратбаев 1982 жылы Ақтөбе жоғарғы ұшу азаматтық авиация училищесін бітірді, жалпы ұшу уақыты – 20 141 сағат

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Алматы түбінде апатқа ұшыраған ұшақтың қаза тапқан командирі Марат Мұратбаев тәжірибелі және кәсіпқой ұшқыш болды. Қазақстанның алғашқы әйел ұшқышы Тоты Әмірова осылай деді.

"Ол өз ісінің шебері және жақсы адам. Егер ұшақ көтеріле алмаса – бұл ұшу проблемасы емес, мұзданудан немесе қозғалтқыштан болуы мүмкін немесе мүлде басқа нәрсе болып шығуы ықтимал", - деп жазды Әмірова.

Марқұм әнші Батырхан Шүкеновтің бауыры Бауыржан Шүкенов Марат Мұратбаевпен бірге қалай ұшқанын есіне алды.

"Мен бай тәжірибесі бар ұшқыш, біздің қызылордалық Марат Мұратбаевтың әуе кемесінің командирі болғанын естідім. Көптеген жыл бұрын Қызылордадан Алматыға Як-40 ұшағымен ұшқанымыз әлі есімде. Командир Марат болды. Әуеге көтерілген кезде ұшақ кенеттен дірілдей бастады, бұрылып, Қызылорда әуежайына қонуға тура келді. Ешқандай дүрбелең болмады. Шықсам, Марат борттың жанында күлімсіреп тұр екен. "Не болды, Мәке?" деп сұрадым. Қандай да бір оқыс діріл пайда болды. Тәуекел етпеуге бел будым", - деп жауап берді", - деп еске алды Шүкенов.

Бауыржан ұшқыш Мұратбаев "қатерлі қателік" жіберді деп ойламайды.

Марат Мұратбаев 1961 жылы 7 наурызда дүниеге келген, 1982 жылы Ақтөбе жоғарғы ұшу азаматтық авиация училищесін бітірді.

"Жалпы ұшу уақыты – 20 141 сағат", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға авиация әкімшілігінен.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Марат Мұратбаевты "өте тәжірибелі ұшқыш" деп атады.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға 27 желтоқсан күні таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Талғар ауданында құлады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 12 адамның өмірін қиды. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

Қазақстандықтар әуе апатынан қаза болғандарды аза тұтып жатыр 

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тоқаев 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.

7515
Кілт сөздер:
Алматы, ұшақ апаты
Тақырып:
Алматы маңындағы ұшақ апаты (68)
Тақырып бойынша
Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді – фото
Жұмадағы трагедия: Алматы түбіндегі ұшақ апатының хронологиясы
Тоқаев барлық әуе компаниясының жұмысын тексеруді тапсырды
Мамин: Қаза болғандардың отбасыларына 4 миллион теңгеден бөлінеді
"Әйелім жылап жіберді": 3 баланың әкесі ұшақтан қалай қалып қойғанын айтты 
Алматы түбіндегі әуе апаты: бір отбасының төрт баласы зардап шекті
Бурабай

Бурабай мен Көк Жайлаудағы жердің бір бөлігі қайтарылады Тоқаев заңға қол қойды

96
Туризм инфрақұрылымын салуға бөлінген, алайда мақсатқа сай пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Токаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Заң Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Бурабай және Көк Жайлау табиғи парктері жерлерінің бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейді. Заң Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев "Көк Жайлау" құрылысына қатысты соңғы сөзін айтты 

"Өзгерістер ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар және қайтарылған жер учаскелерінде орналасқан табиғи қорық қорының табиғи кешендері мен нысандарын сақтау қажеттілігінен туындады", - деп түсіндірді бұған дейін мәжілісмен Роман Ким сенат қабырғасында заң жобасын таныстыра отырып.

Заң нормалары туристік нысандар мен құрылыстарды салу және пайдалану үшін алынған, бірақ сол мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтаруға мүмкіндік береді. 

96
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, "Көк Жайлау" курорты, Бурабай
Тақырып бойынша
"Асығыстық танытуға болмайды" Тоқаев Байбектің шешіміне қолдау білдірді
Бурабай мен Көк Жайлаудағы жерлердің бір бөлігі мемлекетке қайтарылады
Архивтегі фото

Еуразиялық патенттік ұйым Төрегелді Шармановқа алтын медаль табыстады

47
Патенттік ұйымның алтын медалі өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық патенттік ұйым Қазақстандық өнертапқыштарды алтын медальмен марапаттады, деп хабарлады әділет министрлігінің аспасөз қызметі.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының және Ресей ғылым академиясының академигі, өнертапқыш Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University В.И. Блинников атындағы алтын медалмен марапатталды.

Мұндай шешім Еуразиялық патенттік ұйым әкімшілік кеңесінің 36 отырысында қабылданды.

Оқи отырыңыз: Төрегелді Шарманов ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

Салтанатты марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай өткізілді. Аталған марапаттарды Алматы қаласы әділет департаменті басшысы Абай Арап тапсырды.

Айта кетейік, В.И. Блинников атындағы алтын медаль Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттер үшін маңызды өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғалуын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.

47
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

0
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

0
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті