ақша, архив

Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасы 13 млн теңгеден алады

1032
Ұшақ апатынан денсаулығына зиян келгендеге өтемақы төленеді, қаза болғандардың отбасына ақша мұрагерлік құқығын растағаннан кейін беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге Bek Air атынан "Amanat" сақтандыру компаниясы өтемақы төлейді. Бұл туралы компанияның жетекшісі Ерғали Бегімбетов хабарлады.

Бегімбетовтың айтуынша, Bek Air Fokker 100 ұшағы бойынша жауапкершілікті "Amanat" компаниясында сақтандырған. Заң бойынша денсаулығына зиян келгендер мен қаза болғандардың отбасына сақтандыру төлемдері беріледі.

Апат салдарынан денсаулығына зардап келген жолаушылар 200 АЕК*-ке (530 200 теңге) дейін емге жұмсалған ақша мөлшерінде өтемақы алады.

Егер адам мүгедек болып қалса, компания мүгедектік тобына байланысты 2 500 АЕК*-тен 5 000 АЕК*- ке (6 627 500-13 255 000 теңге) дейін төлейді.

Қаза болған жолаушы үшін 5 000 АЕК* (13 255 000 теңге) мөлшерінде өтемақы қарастырылған.

Бұдан бөлек, 100 АЕК* ( 265 100 теңге) мөлшерінде жерлеу шығындары өтеледі.

Сонымен қатар, әрбір зардап шеккен адамның мүлкіне келген залал үшін 250 АЕК*-ке (662 750 теңге) дейінгі мөлшерде ақша төленеді.

"Заң бойынша сақтандыру төлемдері "Бек Эйр" АҚ мен зардап шеккендерден қажетті құжаттарды алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде төленеді. Біз бұдан да тезірек іске асырамыз", - деп жазды Ерғали Бегімбетов Facebook- тегі парақшасында. 

Ол қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, сақтандыру компаниясы өз міндеттерін орындайтынын және төлемдерді аз уақытта рәсімдеуге күш салатынын жеткізді.

Басқа сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7 777 2120074.

*айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2020 жылы 2 651 теңге (2019 жылы - 2 525 теңге) болады.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға 27 желтоқсан таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы құлады. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш қазір ауруханада жатыр.

Әуелі полиция ұшақтың құлауына себеп болған екі жағдайды алға тартқан еді – техникалық ақаулық немесе ұшқыштың қателігі. Кейін үшінші себеп айтылды - метеорологиялық жағдай. 

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

1032
Кілт сөздер:
ұшақ апаты
Тақырып:
Алматы маңындағы ұшақ апаты (68)
Тақырып бойынша
Денесімен қорғаған: Ұшақ апаты кезінде жігіт аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған
Алматы түбінде құлаған ұшақтың командирі туралы ақпарат жарияланды
Полиция Алматы түбіндегі ұшақ апатының үшінші себебін жария етті
Ұшақ апатынан аман қалған ұшқыш қамауға алынған жоқ – ІІМ
"Жұрт дүрлігіп, жылады": ұшақта болған кәсіпкер апат кезінде не болғанын айтты
Телефонмен сөйлесіп тұрған медицина қызметкері

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

94
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында 18 жеткізушінің көрсеткен қызметінен 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күндері мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері бүгінгі таңда алдымен жеткізушілер тұрғындарға тиісті   медициналық қызметтерді көрсететінін айтады.

"Көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер кемшіліктер анықталмаса, ақысы төленеді, ал кемшіліктері болса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облысы мен Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

94
Кілт сөздер:
кепілдендірілген тегін медициналық көмек, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады
Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

1009
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

1009
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы